Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет35/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113
Қосөзен құдайларҚұ- 
дайлар туралы аңыздар 
сол тарихи дәуірдің адам-
дарын өздерінің шығу те- 
гі, Ғаламның пайда бо-
луы және өлгеннен кейін- 
гі өмір мәселелері толған- 
дырғанын 
мәлімдейді. 
Аккадтың «Энума Элиш» («Жоғарыда болғанда») поэмасы жара-
ту, жаратылыс туралы аңызға арналған. Онда, ең басында еркек 
Апсу және әйел Тиамат құдайлар кейпінде көрініс табатын үлкен су 
кеңістігінен басқа ештеңе болмағаны баяндалады. Алғашқы хаос 
тек Тиамат түріндегі қорқынышты жан иесі кейпінде бейнеленеді. 
Осы ерлі-зайыптылардан көп ұзамай өздеріне, ата-анасына қарсы 
шығатын көптеген ұрпақ, құдайлар тарайды. Апсу қаза табады
бірақ Тиамат өзін қорғайтын құбыжықтарды – жылан, айдаһар, 
құтырған ит, шаян-адамдарды, жын-арыстандарды, шегірткелер 
мен кентаврларды жасап, шайқасты жалғастыра береді. 
Қатерге тап болған құдайлар өз ортасынан жетекшілікке жас 
Мардукты сайлайды. Алғашында Мардук көп құдайдың бірі бол-
ды. Дегенмен, ер жүрек Мардук жеңіске жеткен жағдайда басқа 
Суретте: Нарамсин стеласы [47]


102
құдайлардың өзіне бағынатыны туралы келісімін алып, Тияматпен 
жекпе-жекке шығуға дайындалады.
«Ол соғыс қаруы ретінде садақты таңдады, 
Жебелер дайындап, адырнасын ыңғайлады. 
Оң қолына күрзісін (қысқа шоқпарын) алды.
Садағы мен қорамсағын бір қапталына тақты. 
Найзағайды өзінің алдына салып,
Денесін жарқылдаған отпен толтырды...» 
Алғашқы су құдайын жеңген Мардук оның денесін екіге 
бөледі. Бірінен аспан кеңістігін, екіншісінен жерді жасайды. 
Өз кезегінде суды да төменгі және аспан астындағы деп бөледі. 
Жаңбыр аспан суы деңгейінің көтерілуімен түсіндіріледі. Аспан 
мен жерді жасағаннан кейін Мардук жұлдыздарды жасауға кіріседі. 
Мәтіннің осыдан кейінгі бөліктері жоқ. Арнайы әдебиеттерде 
жетіспейтін бөлікте өсімдіктер мен жануарлар әлемдерінің жа-
ратылуы айтылатын болар деген болжам жасалады. Мәтіннің 
оқылатын келесі бөлігінде Мардук Тиамат жағына шыққан бір 
құдайды өлтіреді. Қанын жерден алынған топыраққа араласты-
рып, құдайларға қызмет көрсететін адамды жасайды. Жарату 
үдерісі аяқталған кезде, құдайлар Мардуктың жасампаздығын 
дәріптейді [48. 34-б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет