Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет72/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   113
керамика ыдысы. Суз, 
б.д.д. ІV мыңжылдық [90]


210
ХХV ғасыр бұрын өмір сүрген Лагаш әкімдерінің қалдырған 
мәліметтерінен осы соғыстар туралы деректер кездеседі. Б.д.д. 
ХХІV-ХХІІІ ғасырларда Суз Аккад мемлекетінің құрамына кіреді. 
Осының нәтижесінде Қосөзеннің Эламға әсері арта түседі. 
Ежелгі эламдықтардың күнделікті тұрмысы, тіршілігі туралы 
толық болмаса да, белгілі бір мәліметтерді б.д.д. ІІІ мыңжылдыққа 
жататын мөрлер мен саз тақташалардан көруге болады.
Оюшы, өрнекшілер өздерін қоршаған ортаны, әртүрлі жұмыстар 
істеп жатқан адамдарды көз алдымызға келтіреді. Сурет жазуларға 
қарап, ежелгі ел тұрғындарының «жалаңаш жүргенін немесе 
киімінің тек белге байланған алжапқыштан тұрғанын пайымдай-
мыз. Олардың қарулары садақ пен жебе, найза немесе балта болған. 
Аңшылықпен айналысып, итпен бұғы, киік, жабайы шошқа және 
жыртқыш аңдарды да аулағаны көрінеді. «...Елді мекендер жанын-
да жайылған сиырлар, сүт сауатын ыдыс; егіс алқабында егін егуге 
дайындалған, үш тісті шотпен жер өңдеген адамдар тобы... – Роберт 
М. Адамс (Чикаго) сол тарихи дәуірдегі Сузианада тас кетпендердің, 
қатты күйдірілген саз орақтардың керамикалық жүзі болғанын 
мәлімдейді. – Біздің дәуірімізден үш мың жылдай уақыт бұрын сурет 
жазуларда соқа бейнеленеді. Ауыл шаруашылығы жұмыстарымен 
кең көйлек киген әйелдер де айналысқан. Қалаларда қыш құмыра 
шеберханалары жұмыс істеген» [89. 20-б.]. 
Жазу өнері. Өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін мәдениеті 
бар Элам б.д.д. ІІІ мыңжылдық басында пиктографиялық жа-
зуды пайдаланған. Арнайы әдебиеттерде Эламға Қосөзен жазу 
өнерінің, соның ішінде шумерлердің әсері болғаны көрсетіледі. 
Дегенмен, өзіндік белгілері бар, дербес пайда болған көне эламдық 
(протоэламдық) жазу өнері туралы да пікірлер айтылып, бүтіндей 
ұғымдар мен сөздерді білдіретін 150-ге жуық белгісі бар жазу 
өнерінің 400 жылдай қолданылғаны туралы мәліметтер келтіріледі. 
«Эламның мәдениет саласындағы айтарлықтай табысы белгілі 
пиктографиялық бейнелерге ұқсас жазу өнерін өмірге әкелуінде. 
Суреттік жазу өнерінің ерте пайда болғанын қазба жұмыстары 
кезінде табылған саз тақталарға салынған жануарлар, құмыралар, 
жеміс салатын сауыттардан көреміз. Осы кезге дейін тақталардағы 
сурет белгілерін анықтаудың мүмкін еместігінен сыры ашыл-
май, оқылмай отыр. Дегенмен, мамандар сурет жазумен жазылған 
құжаттардың тек шаруашылықпен байланысты екенін мәлімдейді. 


211
Мысал үшін жылқылар суреттері бар тақтаны алуға болады. Тақта –
бір жағынан жылқының сол тарихи уақытта Эламда болғанын 
білдіретін мәлімет. Екіншіден, суретте тек аттардың басы бей-
неленген. В. Шейлдің айтарлықтай дәлелді пікіріне сүйенсек: «...
Жалы тікірейгені – айғырлар, жалы жатып қалғандары – байтал-
дар, ал жалы жоқтары құлындар болады. Тақташада (мысалы, аттар 
басының сол жағында) сандар орналастырылған. Бас бармақты еске 
түсіретін белгі бірді, кішігірім шеңберлер Шумердегідей ондықты 
білдірсе керек», – деген қорытынды жасалады» [89. 26 б.].
Эламда б.д.д. ІІІ мыңжылдық ортасында сызықтық жазу 
өнерінің пайда болғаны болжанады. Мұнымен тек шаруашылық 
бағытындағы мәліметтер ғана емес, сонымен қатар елдегі діни, са-
яси, тарихи сипаттағы оқиғалар да мәлімделді. Б.д.д. ІІ мыңжылдық 
ортасынан бастап жазу саз тақталарға элам тілінде жазыла бастайды. 
Әртүрлі геометриялық бейнелер қосындысынан тұрған сызықтық 
жазу белгілерімен бүтіндей сөз емес, буындар жазылды. Осындай 
сексенге тарта белгімен тек шаруашылыққа байланысты мәтіндер 
ғана емес, сонымен бірге саяси немесе діни мәтіндер де жазылды. 
Жазу үшін тас, саз, металл материалдар қолданылды. Дегенмен, бұл 
жазу өнері де қолданыста ұзақ болмай, б.д.д. ІІІ мыңжылдық соңынан 
б.д.д. V ғ. ортасына дейін шумер-аккад сына жазулары қолданылады. 
Зерттеу жұмыстары б.д.д. ІІ мыңжылдықтың бірінші жартысында 
іскерлік құжаттардың, сонымен қатар әдебиет мәтіндерінің аккад 
тілінде жазылғанын көрсетеді. Осы мыңжылдықтың екінші жарты-
сында элам тіліндегі сына жазулар пайда болады.
Б.д.д. ІІІ мыңжылдық өнері әртүрлі мөрдегі қанатты арыстан, 
әзәзіл пері, жыртқыш құстар түрінде көрініс тапты. Тас ыдыстар-
да ірі қара мал, құстар мен аңдар бейнеленді. Эламның бейнелеу 
өнерінен Қосөзен әсерін көруге болады.
Эламдықтардың рухани өміріне дін үстемдік жүргізген. Суз 
қаласы діни орталық болған. Элам құдайлары тобының басын-
да тұратын Пинекир (Ұлы Құдай әйел) құдайлар анасы ретінде 
көзге түседі. Құдай әйелге табыну қоғам өміріндегі матриархат 
қалдықтарының сақталғанынан мәлімет береді. Кейін, қоғам өмірінде 
ер адамның алатын орнының артуына байланысты, Суз қаласының 
қамқоршысы, жер асты әлемінің құдайы Иншишунакқа табынудың да 
өзіндік үлкен орны болғанын арнайы әдебиеттер көрсетеді.


212
Сына жазулары мәліметтерінде 
37 құдайдың аты аталады. Жалпы 
мемлекеттік тұрғыда дәріптелетін 
құдайлар ғана емес, сонымен қатар 
жергілікті, қала мен аймақ құдайлары да 
үлкен мәнділікке ие болған, дәріптелген. 
Мөрлер мен саз тақталардағы бейне-
лерден табыну әрекеттерін жалаңаш 
абыздардың 
орындағаны 
жайлы 
қорытынды шығарылады. 
Қосөзеннің Эламға әсерінің үлкен 
болғаны діннен де көрінісін табады. 
Эламның семит тілінде жазылған 
деректерінде бас Құдай Иншушинак-
тан басқалары: Бел, Шамаш, Сина, 
Инанна, Иштар және т.б. шумер-семит 
аттарымен аталады. Деректер Элам 
абыздарының өз құдайларына Қосөзен 
құдайларын да қосқанын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет