Қазақ тіліндегі сингормонизм заңы
Біздің қазақ жұрты оянғаннан бері мәдениет бәйгесінде ілгері кеткен
жұртқа жетудің қамын қылып жатыр. Мәдениеттің негізі – білім. Білімге
тіл арқылы жетеді. Білімді жұрттардың тілі бай болады.
Оянған жұрт қарқынды келеді. Елестеген мұратқа жету үшін көбіне
алды-артын байқамай жан-жағына қарамай екпіндейді. Әдет, заң, тіл
секілді өзіндегі барды кемді санап, соларды жылдамырақ көңілдегідей
өзгертуге салынды. Жайымен тергеп, ақырындап тексеруге, талпынған
жүрек сабыр бермеді.
Қарқынды жарыста, екпінді жұмыста елдің елдігіне негіз болып
тұрған нәрселердің де абайламастан өзгеріп кететіні болады.
Мәдениет қуған жұрттың ең алдымен, тілі өзгермекші. Шеттен
кірген білімін әдетпен, заңмен жаңалықтарға түсінік беретін жаңа сөздер
келмекші. Тілге кірген жаңа сөздердің көбі өлкеге алынған мәдениетті
жұрттың сөздері болмақшы.
Осы күнгі қазақтың әдебиетінде шеттен кірген сөздер өте көбейіп
кетті. Төңкерістен соңғы шыққан журнал-газеттердің іші толған жат
сөз. Білім, оқу әдебиеті де жат сөзге байыды. Заманымыздағы көркем
әдебиетіміз де жат сөздерден құр емес.
96
Оқытушыға да, үйретушіге де, үгіттеушіге де, жазушыға да, білімді-
ге де, білімсізге де, шешенге де, ақынға да жат сөзсіз күнелте алмайтын
заман туды.
Топан судай қаптап, тілімізді жат сөздер басып баратқан мезгілде
ескерілмей ұмытылуға айналған тіліміздің бір негізгі заңын еске сал-
ғымыз келеді.
Түрік тілі жалғамалы тіл. Жалғамалы тілдегі сөздердің түбірі
өзгермейді. Сөз аяғына жалғанған қосымшалар арқылы өзгереді. Қазақ
тілі түрік тілінің бір тарауы. Сондықтан, қазақ сөздері де түбірін өз-
гертпей, аяғына қосылған жалғауменен өзгереді. Бұл заң тіл құралдан
белгілі.
Қазақ сөзінің түбіріне соламайымен жуан айтылады. Не соламайымен
жіңішке айтылады: жалқы сөздік бұл біріндегі дыбыстардың біреуі жуан
болып, біреуі жіңішке болып еш уақытта естілмейді. Қазақтың негізгі
жалқы сөзінің түбірінде жуан дыбыстармен жіңішке дыбыстар араласып
ұшырамайды.
Бір сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрінің бірдей дауыс пен (жуан
не жіңішке) ұйқасып айтылуын білім тілінде – сингармонизм дейді.
Сингармонизм деген сөз қазақша айтқанда үндестік, ұйқастық деген
мағынада.
Сингармонизм – түрік тілінің айрықша өзіне біткен қасиеті. Түрік
тілдерінің көбі (Стамбул түріктері, Қазан ноғайы, сарт, өзбек тағы та-
лайлар) түрік емес халықтардың сөзін көп алғандықтан, жат жұрттарға
көп араласқандықтан осы айрықша қасиетінен айырылып қалып отыр.
Осы күндерде қазақ-қырғыз секілді шет жұрттармен жарытып ара-
ласпай нағыз түріктікті сақтаған елдердің тілдерінде ғана сингармонизм
заңы өзгерместен қалып отыр.
Бірқатар білгіштердің ойынша, сингармонизм дауысты дыбыстардың
үндес болып, ұйқасып бір дауыспен (не жуан, не жіңішке) айтылуынан
шығады. Дауысты дыбыстар қалай айтылса, дауыссыз, ия жарты дауысты
дыбыстар солай айтылмақшы. Бір сөздің ішіндегі дауысты дыбыстар
бірігіп үнге дыбыстарға үн береді. Дауыссыз, ия жарты дауысты дыбыстар
өз алдына үн шығара алмайды. Дауыстылардың берген үнін ғана ұстайды.
Дауыстылар сөздің қалай айтылуын біліп тұрған ұйғарушылар, ән-
шілер дауыссыздармен жарым дауыстылар бұлардың соңына ерген
дауыссыз нөкерлері болып шығады.
Сондықтан, сингармонизм заңын дауыстылардың гармондасу заңы, я
дауыстылардың гармония заңы деп те айтады.
Біздің ойымызша сөздегі дауыссыз, я, жарты дауысты дыбыстар
үнсіз мүдде сақтау емес. Бұлардың аз да болса даусы бар. Бұлар қос-
таушылар. Бірақ бұлардың даусы дауыстылар дегендей ашық емес.
Саңыраулау есітіледі. Сөзді үнге сөз ішіндегі дыбыстарды қосылып ән
97
айтушы адамдарға балауға болады. Мәселен, бес кісі қосылып ән салса,
бір-екеуінің ғана даусы анық естіледі де, өңгесінің дауыстары дүдамал
байқалады. Сондықтан, бір дауыстылар гармониясы дегеннің орнына,
дыбыстар гармониясы деп айтқанды дұрыс көреміз.
Бір сөздің я жуан, я жіңішке болып екі түрлі айтылуы қазақ тіліндегі
әрбір дыбыстың біресе жуан біресе жіңішке болып қос айтылуынан.
Дыбыс жуан айтылғанда тілдің түбімен айтылып тамақтан (көмейден)
шыққандай болып сезіледі. Сол дыбыс жіңішке айтылғанда тілдің
ұшымен сөйлегендей болып, ауыздың алдыңғы жағынан шыққандай
болып сезіледі. Дауысты дыбыстарда бұл анық байқалады. Дауыссыз, я
жарты дауысты дыбыстарда дүдамал сезіледі.
Бұл күнде біздің тілімізде жалғыз «Е, е» дыбысынан басқа барлық
дыбыс қос айтылады. Осы күнгі «е» дыбысы «ә» ден «і» ден туса керек.
Соңғы екеуі де қос дыбыс.
Сөздің қысқасы, қазақ тіліндегі дыбыстарда жұптық, я қостық бар.
Бұл ескі түрік тілінің заңы.
Мысал үшін, дауысты дыбыстарды тергелік, «е»-ні шығарғанда қазақ
тілінде сегіз түрлі айтылатын төрт дауысты дыбыс бар. Бұлардың жуан
түрі мыналар: (алым, мас), (ау-ур, тур), ұ (ұр, тұр), ы (ылғал, сыз) жіңішке
түрлері мыналар: -ә, (мәлім, мәс), ө (өр, төр), ү (үр, түр), і (ілмек, біз).
Дауыстылардан басқа қазақ тілінде он бес дауыссыз дыбыс бар. Екі
жарты дауысты дыбыс бар (у, ы). Сонымен қазақ тілінде бес дауысты
(бірі жеке, төртеуі қос), он бес дауыссыз, екі жарты дауысты дыбыс бар.
Дауыссыз, жарты дауысты дыбыстардың бәрі де қос.
Қазақ дыбыстарын таңбалау үшін кішкене өзгертіп арабтың әліппесін
алдық. Араб тілінде де, қос дыбыстық байқалады. Әліппесінде бір
дыбыстың жуан түрін, жіңішке түрін айырып белгілеген таңбалар бар.
Қазақша әліппе түзегенде арабтардың жолы тұтасымен қолданылған жоқ.
Жазудың жеңілденетін жолы байқалады. Қазақтың әліппесінде, арабтың
жолы екі дыбыс турасында ғана қолданылды. Қ, Ғ әріптері екі дыбыстың
жуан түрлерін таңбалау үшін, К, Г әріптері сол екі дыбыстың жіңішке
түрлерін таңбалау үшін алынды. Үнге алынған әріптер дыбыстардың
жуан түрін белгіледі. Дыбыстың жіңішке түрін белгілеу үшін жуан түрін
белгілеген таңбаның алдына дәйекші (і) қойылатын болды.
Қазақтың сөзіндегі дыбыстар ұйқасып, үндесіп айтылатын болған-
дықтан сөздегі әр әріптің алдына дәйекші қойылудың керегі жоқ
болды. Бүтін сөздің алдына жалғыз дәйекші қойылса да, жететін болды.
Қолданған дәйекшіміз сингармонизм заңынан туып отыр. Дәйекшінің
мағынасы осы. Мұны ұқбасқа керек.
Сингармонизм заңы тіліміздегі дыбыстардың таңбаларын екі еседей
азайтып, жазуға көп жеңілдік беріп отыр. Қ мен Ғ-ның жіңішке түрін
98
белгілеуге алған К мен Г бір жағынан әріптердің санын көбейтсе де,
екінші жағынан дәйекшіні азайтуға себеп болып отыр. Ішінде К, Г,
Е таңбалары мен белгіленген дыбыстар бар сөз сингармонизм заңы
бойынша әрқашан да жіңішке айтылмақ. Сондықтан, бұндай сөздердің
алдына дәйекші қоюдың керегі жоқ болды.
Жоғарғы айтылғанның бәрі сөздің түбірі туралы еді. Қазақ тіліндегі
сөздің түбірі сингармонизм заңына бағынатыны анық. Енді жалғауларға,
туынды сөздерге келейік.
Қазақ-қырғыз тіліндегі сөздердің түбірі еш уақытта өзгермейді. Қазақ-
қырғыз сөзі өзгергенде аяғына жалғанған қосымшалар арқылы өзгереді.
Тіліміздегі қосымшалар: 1) жалғау; 2) жұрнақ; 3) жіктеу болып бөлінеді.
Барлап қарасақ, жалғаулар сөздің түбіріне ұйқасады. Сөздің түбірі
жуан айтылса жалғанған жалғау да жуан айтылады. Сөздің түбірі жіңішке
айтылса, тіркелген жалғау да жіңішке айтылады. Сондықтан, жалғаулар
қос болады.
Тіліміздегі жуан айтылатын жалғаулар мыналар: 1) ңың, дың, 2) ға, қа,
а, на, 3) ды, ны, н, 4) да, нда, 5) дан, нан, 6) лар, дар.
Бұлардың жіңішке айтылатын жұптары мыналар: 1) нің, дің, 2) ке, ге,
е, не, 3) ні, ді, н, 4) де, нде, 5) ден, нен, 6) лер, дер.
Қазақтың өзіне меншікті түпкі сөздерінде бұлардан басқа жалғаулар
жоқ. Тіл – құралы да осыны айтады. Шеттен келген сөздер де да, нда, дан,
нан, лар, дар деген жалғаулар барма – жоқпа? Мұны соңынан тексереміз.
Жалғаулар айрықша сөз емес, сөздің мүшесі, бұны өз алдына айтқанда
бұларда мағына жоқ, сондықтан бөлек айтылмайды.
Қазақ тіліндегі жалғаулардың жалғасқан түбірі мен ұйқасып үндесіп
сөйленетіндігі анық. Жіңішке түбірге жуан жалғау жалғау я жуан түбірге
жіңішке жалғау еш уақытта қосылмайды.
Жалғаулар сингармонизм заңымен жалғасады.
Тәуелдіктер де жалғаулардың ізімен жүріп сингармонизм заңына
көнеді. Жіктеудегі жалғаулар өте көп. Әр райдың жалғауы басқа болады.
Әр райдағы жалғауларды алып тексеріп қарасақ, жіктеудің де син-
гармонизм заңымен жүретіндігі анық байқалады. Қазақ-қырғыз тіліндегі
етістіктің түбірін я, тұқылын табу емес.
Етістіктің болымды түрін жекеше жіктегенде, білік райдың екінші
жағына арнаған сөз салт әм сабақты етістердің түбірі болады. Өңке
етістердің тұқылы болады.
Үлгі үшін мынаны келтіреміз: сал, тұр, жарыс, таран, тұрғыз, алдыр,
жегіл, соғыстыр, жұлқыла, ұйықтаңқыра.
Етістіктің әр райдағы бөлімді болымсыз түрін, үш жақ, екі айрыс, үш
жақ бойынша жіктегенде етістіктегі жалғаулардың түбірі, тұқылымен
үндес екендігі анық байқалады.
99
Жіңішке түбірге я, тұқылға жіңішке жалғау, жуан түбірге я, тұқылға
жуан жалғау арналған. Жіктеуде еш уақытта жуан түбірге (тұқылға)
жіңішке жалғау я жіңішке түбірге (тұқылға) жуан жалғау қосылмайды.
Жіктеуде сингармонизм соншама мықты, түбір мен жалғаудың
арасындағы дәнекер дыбыс та түбірге үндес келеді. Үлгі үшін «жаз»,
«жүр» деген сөздерді алалық. Жазайын – жүрейін, жазамын – жүремін,
жазасың – жүресің, жазады – жүреді.
Бұндай үлгінің талайларын келтіруге болады.
Сингармонизм заңы көсемше, есімше, етістіктерде айқын байқалады.
Түбірдің жуан жіңішке айтылуына қарай, үнемі көсемшедегі жалғау-
лар «а», я, «е» болады. (жаза–бердім, жүре-бердім). Ниетті көсемшедегі
жалғаулар «ғалы» я «гелі» болады: жазғалы тұрмын, жүргелі тұрмын.
Өткен шақтық есімшедегі «ған (қан)» я «гін (ген)» деген жалғауларда
сингармонизм толық байқалады: жазған, айтқан, жүрген, көрген, кеткен.
Ұйғарынды есімшедегі «атын» (жазатын), «етін» (көретін) деген
жалғаулар да сингармонизмге бағынған.
Ұйғарынды есімшедегі «атын», «етін» жалғаулардың нағыз дұрыс
қалыпы «тұғын»: жаза-тұғын, бара – тұғын, жүре – тұғын, көре – тұғын
тағы талайлары.
Ұйғарынды есімше, негізінде екі сөзден құралған. Тіл шеберленген
уақытта есімшедегі ескі сөз қосылып, бір сөз болуға бейімделген.
«Тұғын» деген сөз үнемейін қатты айтылады. Алдындағы жуан сөзбен
біріктіріп айтуға болса да, алдындағы жіңішке сөзбен біріктіріп айтуға
болмайды. Екі сөзден бір сөз туғызғанда сингармонизм заңына хылаф
келмес үшін «тұғын» деген сөз түң күйінен өзгеріп, құйқалжымалы «тін»
деген жалғау болған.
Сингармонизм тіліміздің негізгі заңы екендігіне «тұғын» нің өзгеріп
«тін» ға я, «тін» ге айналғаны анық дәлел. Бұның жайында алдымызда
әлі сөйлерміз.
Көсемше мен есімше – етістіктердің бөлімді түрлері де, болымсыз
түрлері де сингармонизм заңына анық бағынады.
Енді жұрнақтарға келсек, бұнда да жалғаулар туралы айтқанға
жолығамыз.
Қазақ-қырғыз тіліндегі жұрнақтар екі түрлі: бірі шын жұрнақ, екіншісі
шала жұрнақ. Шын жұрнақ сөз емес, айрықша айтылғанда мағынасыз
болады. Сондықтан, бұлар өз алдына бөлек айтылмайды. Шын жұрнақ
сөздің буыны, мүшесі.
Қазақ-қырғыз тілінде шын жұрнақтар өте көп. Бұлар сөздің мағына-
сын өзгертіп туынды сөздер тудырады.
Шын жұрнақтың бәрі қос болады. Жуан түбірге я тұқылға жуан түрін-
де жалғанады, жіңішке түбірге я тұқылға жіңішке түрінде жалғанады.
Бұл туралы іспаттың керегі жоқ.
100
«Тіл-құралда» мынадай шын жұрнақтар көрсетілген.
Есімдерде: шы (ші), ақ, дық, тық (лік, дік, тік), шылық (шілік), Шыл
(шіл), шық (шік), ша (ше), қой (кой, гой) лы, ды,ты (лі, ді, ті). Сыз(сіз),
лас, дас, тас (лес, дес, тес), шаң (шең), а (е) ла, да, та (ле, де, те), Ғар, қар,
(кер), сын (сін), шыла (шіле), дай (дей), дағы (дегі), әр (ер). Сын (сін), ғыл
(гіл), лау, дау, тау (леу, деу, теу).
Етістіктерде: с, н дыр (тір), л, т, тітір, сітір, қыз, ғыз (кіз, гіз), қыла-
ғыла, (кіле-гіле), ыңқыра (іңкіре), уу, м, с, ш, қыш, ғыш (кіш, гіш), ұш,
ғы (гі), қ (к), қын, ғын (кін, гін), ма (ме), ба (бе), мал, бақыл (бекіл),
мақыл (мекіл), ақ (ек), н, лық (лік) ұл (ул), ман (мен) бұлардың бәрі қос
айтылады, сингармонизмге толық келеді.
Етістіктегі алғашқы үн жұрнақ тұқылдағы етіс жұрнақтары.
Тұқылдың өзі сингармонизм заңына толық бағынады.
«Тіл-құралға» кірмеген шын жұрнақтар көп: 1) лдырық – ледірік
(табалдырық, сағалдырық, түмілдірік, көзілдірік өмілдірік), 2) ңғы-ңгі
(салбыраңқы, астыңғы, болдырыңқы, еңкейіңкі, үстіңгі), үсіңгі 3) қақ
– кек, ғақ – гек (жарғақ, құрғақ, шорқақ, піскек, ілгек, үркек, іскек). 4)
қай –кей, ғай-гей (балақай, қарағай, аңсекей, әшекей, өңкей, найзағай,
жөнегей), 5) қам-кем, гем (қалқам, салқам, жөргем, көргем, иіскем,
желкем), 6) ау – еу, (қиынау, жинау, көрнеу, ернеу, кернеу), 7) маң-мең
(қылмаң, көлмең), 8) тағы талайлар.
Жұрнақтың бәрін тізіп жатуға бұл жерде орын емес. Бірақ, жұрнақ-
тардың бәрін толық қылып жинау керекті жұмыстың бірі болуы керек.
Шала жұрнақ деп мағыналы сөзден өзгеріп, жұрнақ қалыпқа түскен
сөзді я, жұрнақтықтың шын қасиетінен айрылып, қосалқы сөздің
қалыбына аударылған жұрнақтарды айтамыз.
Шала жұрнақтар қазақ-қырғыз тілінде аз.
1) Еке деген шала жұрнақ «аке» деген сөзден өзгерген жуан түрі.
Бұл күнде жоқ. Алғашқы жуан түрі аға (ақа) болса керек.
2) Нікі (дікі, тікі) деген құрама жұрнақ. Бұл «нің» (дің) деген жалғау
мен «гі» деген жұрнақтың қосылуынан туған ніңгі (діңгі), ніңгі (діңгі)
өзгеріп нікі (дікі) болған. Нікі жұрнақтың жіңішке түрі, жуан түрі-нқы
біздің тілімізде жуан түрі бұл күнде жойылған, айтылмайды. Ноғай тілінде
бұл жұрнақтың екі түрі (нқы, нкі) осы күнде де айтылады. «Нікі» қазақ
тілде жұрнақтың шын қасиетінен айырылып қосалқы сөзге жақындаған.
3) Ғана бұрын шын жұрнақ еді, жіңішке түрі гана еді. Гана бүгінде
қазақ тілінде айтылмайды, жойылған. Ғана жұбынан айрылған соң, шын
жұрнақтықтан да айрылған. Бұл күнде қосалқы сөз ретінде айтылады.
4) Күнем (пайда-күнем, мас-күнем, қас-күнем), Күнемнің жуан түрі жоқ.
Сондықтан шала жұрнақ я, қосалқы сөз ретінде сөйленеді.
Тілімізге жат тілдерден (парсыдан) кірген жұрнақтар бар: 1) кер (гер),
101
2) хор, 3) паз жат тілден кірген жұрнақтар шала жұрнақтарға қосыла-
ды, бұларда қостық жоқ.
Кер (гер) үнімен жіңішке айтылады. Алдындағы қосылатын түбір сөзі
жіңішке болса, дұп – дұрыс болып сингармонизм заңымен жүре береді
(әс-кер= әскер). Алдындағы қосылатын түбірі жуан айтылатын сөз болса,
бұл сөзді «кер» жіңішкертіп алып қосылады. Сауда – гер = саудакер,
хайла-кер = хайлакер яғни айла-кер =а йлекер, жұмыс – кер = жұмыскер,
тағы талай үлгі келтіруге болады.
Кер (гер) жұрнақ жат тілден келген шала жұрнақ болса да, бүгінде
шын жұрнаққа айналып барады.
Паз (әсем-паз, өнер-паз) үнемі жуан айтылады, түбір сөзбен
әндеспейді.
Хор (пара-хор, әлім-хор, жем-хор) үнемі жуан айтылады. Бұл да
алдындағы сөзбен үндеспейді.
Жұрнақтар туралы әңгімені қорытқанда, мынадай жазу қағидасы туады:
1) Шын жұрнақтар сөзге қосылып жазылуға керек. Шала жұрнақтар
түбір сөзге жалғаспай, сызықшамен бөлініп жазылуға керек.
Кер (гер) жұрнақ шын жұрнаққа есептелмейді, сондықтан, түбірімен
бірге жазылуы керек.
Жазудың осындай қағидасы сингармонизм заңынан шығып отыр.
Демеулерде де сингармонизм заңы анық байқалады.
Сұрау демеудің жуан түрлері: ма, ба, да. Жіңішке түрлері: ме, бе, де.
Демеу алдыңғы сөзбен ұйқасады. Алдыңғы сөз жуан болса, демеу
де жуан айтылады. Алдыңғы сөз жіңішке болса, демеу де жіңішке түрде
айтылады. Үлгі үшін: ұрыстымба, сөктімбе, оқима, жүрме.
Да – деген демеу жуан айтылатын сөздің соңынан қойылады. Мәселен:
малда, қоста, адамда, сүт емушілер тобына кіреді. Де деген демеу жіңішке
айтылатын сөздің соңынан қойылады. Мәселен: менде-сенде адамбыз,
көзде, бүйректе, жүректе, ішкеде, денедегі мүшелер.
Біздің кейбір жазушыларымыз да менен де нің қай орында, қалай
қойылатынын шатастыра береді. «Қазақ тілі» нің талай сандарында
ретсіз «да» мен «де» нің шатасып жүргенін байқадық.
Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін бастырғанда басқарған Бернияз
Күлеев «бастырушыдан» деген сөзінде мынаны жазады: «өлеңдердің қол
жазбасында көпшіліктің сөйлеп жүрген тіліне амалға дұрыс келмейтін
кейбір сөздер жергілікті түрде жазылғандай бар еді. Мәселен: менде,
сенде, өзімде, көзімде, өлімде, меніде деген сөздердегі демеулер
көпшіліктің сөйлеп жүрген тілінде амалда орны мен «де», «де», «да»
да айтылып жазылады. Қол-жазбада барлық сөзде де деп айталық, «да»
демеуі жазылған. Жоғарғы сөздер менда, сенда, өзімда, көзімда, өлімда,
менімда жазылған. Бұлардың талас еместерін «де» қылып түзетсем де,
102
өлеңнің ұйқастарын бұзатын орындарда әм дүдамал естілетін орындарда
түзетуге тәуекелім жетпеді».
Бернияздың түзетуі дұрыс-ақ, бірақ, түзетуді аяқтамағаны сингармо-
низм заңымен таныс болмағандығы.
Ақындық табиғаттың саннан таңдап, бірен-саран адамдарға беретін
артық өнері. Көп берілгеннен көп сұранады деген, нақылды ескеріп
аяғына дейін түзету керек еді. Тілді бұзбай ұстарту, шеберлету, байыту
ақындардың мойындарына артылған зор борыш.
Сұрау демеулер сөзге қосылып жазыла ма жоқ бөлек жазыла ма? Бұл
туралы «Тіл құралда» шатақ бар. «Тіл құралының» бірінші бөлімінде
демеулердің бәрі бөлек жазылады деген, екінші бөлімде бірге жазылады
деген. Шатақты жойып, бір жол қолдану керек. Осы күнгі көптің жазып
жүргеніне қарасақ, ма, ба, (ме, бе) қосылып жазылады, да (де) бөлек
жазылады. Біз де осы жолды дұрыстаймыз.
Сұрау демеудің соңында -екен деген сөз келсе, қатар тұрған екі
дауысты дыбыс бірігіп айтылады. Сондықтан, мекен, бекен деген сөз
туады. Мәселен: барма екен, жүреме - екен, деген сөздер барамекен,
жүремекен болып айтылады. Мекен, бекен болып айтылса да барама –
екен, жүреме- екен деп жазу керек. Сингармонизм заңы осылай қылып,
айырып жазуды дұрыстайды.
Туынды демеулердің кейбіреулерінде сырттан қарағанда, сингармо-
низм заңы дүдамал байқалғандай болады. Шындығында, туынды демеу-
лерде сингармонизм заңы анық. Туынды демеулер мыналар: өйткенде,
бүйіткенде, сөйткенде, әйткенде, қайткенде, немесе (бір түрі ғана алынды).
Бұлардың алдыңғы бесеуі екі сөзден, соңғысы үш сөзден құралған өй-
еткенде, сөй-еткенде, әй-еткенде, қай-еткенде не-емес болса.
Өй, бүй, сөй, әй, қай деген сөздердің бәрі осы күнде де қазақ арасында
айтылады. Ескі жырларда тіпті көп айтылады (Қобланды батыр бүй дейді.
Ертарғын сонда сөй деді, қай орында, қай жерде тағы талайлар).
Өй-олайдан, бүй бұлайдан, солай қай сойдан, қалайдан қысқарған.
Алдындағы сөзбенен мықтап бірігу үшін бұларға сингармонизм
заңына көну керек болған. Сондықтан, бұлар бұрынғы қалыпынан,
тұлғасынан айрылып, ілдің негізгі заңына лайықталған. Немесе де
алдыңғы сөздер өзгеріп артқы сөзге ұйқасқан.
Қай – еткенде де деген сөзден басқаның бәрін бір жазса да болады.
Қай – еткендені сызықша арқылы жазу керек. Қайткенде де деп жазған
қата болады. Ма-еткенді, ба-еткенді мекен бекен деп жазғандай сингармо-
низм заңына хылаф келеді.
Бірқатар қара қазақтар қай – еткенденің, Ң орнына кайткенде деп
сөйлейді. Бұлай болғанда бірге жазудан кемшілік жоқ.
Қазақ тілінде кей нәрселердің аты екі сөзбен айтылады. Мәселен: Бай
-шешек, Бай-келді, Жан-келді, Орын-басар, Қызыл-жар, Ақ-жар.
103
Қос сөздердің бір қатарлары бірігіп, бітіп бір сөз болуға айналған.
Осындай сөзді тексеріп қарасақ, бұлар сингармонизм заңымен өзгеріп
барып бірігеді.
Бір жуан сөз, бір жіңішке сөз екеуі бірігіп қосылғанда сингармонизм
заңы айқын байқалады. Көбінде жуан сөз өзгеріп, жіңішкеріп келіп
қосарымен бірігеді. 1) Бай-шешек=Бай шешек=байшешек. 2) тура-
келмек=тура-келмек түрегелмек, 3) ала-өкпе, але-өкепе=алөкпе. 4)
Гүл-айым=гүл-айым=гүлайым, 5) бай-келді=бәй-келді=байгелді, 6)тас-
темір=тастемір мұндай үлгілердің талайын келтіруге болады.
Қазақ тілінде екі сөз бірігіп бір сөз болса, ішіндегі сөздер сингармо-
низм заңымен өзгереді. Бұл жалпы заң. Ұйғарынды есімшедегі «тұғын»
нің «тін» болуы. Туынды демеулердегі солай, бұлай секілділердің өзге-
ріп сөй, бүй секілді түрлерге айналуы қос сөзден бір сөз тууы – бәрі жол.
Біраз сингармонизм заңымен жүру.
Мұнан жазудың тағы бір қағидасы туып отыр: қос сөздер сызықша
арқылы жазылуы керек (Қызыл-жар, Көк-жар, Әулие-ата, Ешкі-емер, Оқ-
жалан, Бай-тұрсын, Сәрсен-бай, Кене-сары тағы басқалар), қос сөзден
сингармонизм заңымен бірігіп, бір сөз болып туған сөздер бірге жазылу
керек: (Ташкент, Шымкент, Жауғашар, Жарғанат тағы басқалар).
Жоғарғы айтқанның бәрін сарыққанда, қазақ-қырғыз тілінің өзіне
меншікті түпкі сөздерінің қайсысын алсаң да, түбір сөз болсын, туынды
сөз болсын, сөздердің ішіндегі көп өзгерістерден қай қалағаныңды ал-
саң да, бәрінің сингармонизм заңымен жүріп, осы заңды қолданып бұл
заңнан беттей шетке кетпейтінін көресің.
Қазақ-қырғыз тілінде сингармонизм заңына көнбейтін сөз, сөз өзгері-
сі жоқ. Сары-арқа қазақ еліне қандай меншікті отан болса, сингармонизм
қазақ тіліне сондай меншікті заң. Сингармонизм тілімізді үйретуге
жеңілдетіп тұр. Жаңа сөздер тудырып, сөздер қосып тілімізді байыт-
қанда, лақтырмайтын, адастырмайтын қарақшылы даңғыл қара жол
болып тұр.
Жоғарғы айтқанның бәрі түпкі қазақ сөздері туралы еді. Енді шеттен
келген жат сөздерге келелік.
(жалғасы бар)
Халел Дос-Мұхамедов,
«Диуани луғат ат-түрік»
Түрік тілі һәм әдебиеті туралы «Диуани лұғат-ат түрік» деген бір
кітаптың Истамбулда табылғанын дүние соғысының алдында ғана
(1914 ж) біреу бізге хатпен білдіріп еді. Бұл кітапты көруге құмарланып,
104
толық мағлұмат сұрап, хат жазып едік, бірақ, соғыстар себебінен Туркия
шекарасы жабылып қалып, ешбір жауап алуға болмады. Соғыс дәуірінде,
1914 жылдан 1918 жылға дейін Истамбулда Көпірлі Заде Махмуд
эфендінің қарамағында түрік азаматтар тарапынан білім жолында
бірталай өнімді қызметтер жүзеге шығарылған екен. «(Милли татбаъғлер
мажмаусы» тағы сондай, «әдебиет факультеті» мажмуғесін, тағы сондай
журналдар басылған екен. Түркия мариб назараты артықша қарап, өз
қаражатымен әлгі айтылған «Диуани лұғат-ат түрік» кітабы 1918 жылы
жақсы қағазға, 60 формада 3 том кітап (I-ші том 843 бет, ал II-ші том 320,
III-ші 253 бет) қылып бастырған. Түріктің білімді ерлерінің бұл кітапқа
артықша назар салғандықтары, қадірін білгендіктері кітапты түзетіп,
қарап бастырған Ахмет Рифат эфендінің (III-ші кітап аяғында) жазған
сөздерінен көрініп тұр.
Түрік ғалымдары бұл кітаптың жанып, болмаса өртеніп жоғалуынан
қорқып, бастырып майданға шығаруға асықтырыпты. Түрік ұлты әрбір
том (жылда) шыққан сайын пайдаланып, әдебиет тарихы туралы көп
жаңа білімдерді, сөздер майданға шығарыпы.
Түрік азаматтарының білімге, түрік ұлтының тілі һәм әдебиетіне
мынандай назар салғандықтарына қуанышымыз қойнымызға сыймай
отыр.
Османлы түріктері бұл соңғы заманға дейін білім кітаптарын бастыру-
да Европадағы жол-жобаға (әсіресе Ди-коя сияқты ориенталист ғалым-
дар жолына) көз салмақшы еді. Бұрынғы Қазанда, Ташкентте басылған
«Қисса Анбия» кітабындай қылып қалай болса солай баса салушы еді.
Ғылыми кітаптарды баспаханалардың өзі түзетушілері корректорға
қарап түзетеміз деп былықтырып қоюшы еді. Ахмет Рифат Эфендінің де
азын-аулақ сондай кемшілігі жоқ емес. Османлы жазушыларында артық
таралған «жақша белгісін» орынды-орынсыз көп жұмсау, мәселен, 3-ші
кітапта да 503 бетін «Шу» бап деп жазғаны сияқты. Бұл оқушыларды
жаңылдырады. Ахмет Рифат Эфендінің осындайы аз емес.
Бірақ, сондадағы бұл кітаптың басылуы өзінің жақсылығымен осы
күнге дейін Түркияда басылған бұрынғы кітаптардан айырылып тұр.
Қатесін түзетуге артықша назар салғандық, жете қарап бастырғандық,
қолдан келгенше түп (оригинал) кітаптың суретін сақтауға иждахат
қылғандық кітаптан көрініп-ақ тұр. Қысқаша айтқанда, Османлы
түріктерінде пән кітаптарын басу туралы Европа жолы – жобасын жүзеге
шығаруға бет қойғандық көрінді. Бұл туралы әсіресе «Милли татбағлер
мажмауғесі» көп қызмет көрсетіп тұр. Бұл журнал түрік ғалымдардың
өз бетімен (ғылыми кітаптарды бастыру жолында) жүрулерін, әр
ғалымның өз ойынан шығарып пайдасыз білім жолында өнімі жоқ
«Ақыл» сөйлеулерін қатты айып қылады. (мәселен: жылда екі төрт
105
сан, 171-190 бет). Бұл сөздер ғылым жолында жаңа үлкен бір адым деп
білеміз. Түркияда кітап басуға осындай артық назар салуды көріп, біздің
қуанышымыз екі есе болып отыр.
«Диуани лұғат ат-түріктің» шығарушысы – Махмуд бин Әл-Хусейн
бин Мухаммад Әл-Қашқари деген бір түрік ғалымы. Бұл адамның
аты бұрынғы ескі тарих кітаптарында көрінген жоқ еді. Тәржіме хәлі
(биографиясы) туралы сөздер өз кітабынан ғана табылып отыр. Бұл адам
999-шы жылдан 1212 жылға дейін күнбатыс, күншығыс Түркістанды
билеп тұрған «Қарахан» түрік хандарының ең күшті болып дәуірлері жүріп
тұрған заманда болған адам. Атасы Хусейн, (Түрікше аты «Бахыркен»
521) осы қарахандардың атақты бектерінен болған. Саманилардан
Маверенаһрды алып берген кісі болған. Бұл «Бахыркен» осы күнгі
Ыстық көлдің күнбатысы мен оңтүстігі арасының жағасындағы «Барыс
хан» шаһарында болған. Кітаптың шығарушысы Махмудтың туған кіндік
кесіп, кір жуған жері, ата-қонысы Ыстықкөл жағасы «Барысхан» шаһары
болады. Махмуд Қашқари өзі дағы түрік бектер мен әскерінен, ғалым,
шайырларының (ақын) алдыңғы қатарынан болған. (31) Өзінің өмірін
түрік қауымдары арасында түрлі түрік рулары ішінде өткізген. Өзін
«Қашқари» (Қашқарлық) деп атағанынан қашқар хандарымен болған
сұхбаттары (беседа) жазғанынан, оның Қашқарда өмірін өткізгендігі
білінеді. Бірақ, қандай себептен екені белгісіз, бұл түрік ғалымы түрік
қаһарман бегі Бағдат халифасының алдына барған. Кітабын халифа «Әл-
қайым Биамери Аллаһ»-тың патшалығының соңғы жылында жазып,
оның орынбасары «Ал-мухтади Би Эмриллаһ»-қа тарту қылған.
Әйтеуір кітап 1073-інші жылы (сиыр жылы) жазылған. 1) Махмуд
Қашқаридің замандасы болған екінші бір Қарахан түрік жазушысы
Баласағұн Жүсіп Хас Хажыб «Қудатғу білік» есімді кітабы 462 жылы
тауық жылында (1069-1070 қыс күні) жазған. 2) Осылайша Махмуд
Қашқари кітабымен Жүсіп Хас туралы Димашқи Хажыбтың кітабы
жазылуының арасы екі-үш-ақ жыл уақыт бөледі.
1. Махмуд Қашқари кітабын қай жылда жазғанын үш орында сөйлейді. Кітаптың
аяғында (333) кітабы 464 жылдың жұмадал аууал айында (яғни 1072 жылдың февралында
доңыз жылдың аяғында) жаза бастап, 466 жыл жұмадалахар айында (яғни 1074 жыл
февраль жұлдызында сиыр жылы аяғында) таман қылғанын айтады. Бірақ, 3-ші жылдың
февраль 116 бетте, «369 жыл нак (яғни ұлу) жылы жазылды» дейді. Бұл 1076-шы жыл
август жұлдызы мен 1076-шы жылғы март арасында болды. Нак-ұлу жылы 1076-шы
жыл март жұлдызына кіреді. 46-інші жыл 1076-ші жылдың 5-інші авгусына кіреді. 469-ші
жылда ұлу жыл дегені 469-шы жылдың шағбан айынан бұрын деген сөз болады. Жылда 1
бет 290-да, 466-ші жыл мухаррам айында жазып отырмыз. Бұл уақытта жылан жылы
кірді. 467-шы жылы кірсе енді, яғни, жылқы жылы кіреді, деп жазды. Бірақ, осында бір
қате бар: 366-шы жылдың мухаррам басы 1073-ші жылдың сентябрь 6-сында болады.
Жылан жылы 357-ші жыл 1065-ші жылдың мартында һәм 370-1077-ші жыл мартында
кіреді. Енді 458-ші жылдың жылан жылы мухаррам айы 1088-ші жылдың 25 июлінде
106
келеді. Қалай болса да, мұнда бір қате бар. Қалай болса да, Махмуд Қашқари кітабы 1072-
ші жыл мен 1076-шы жылдар арасында жазған. Кітабын жазып тамам қылу 1076 жыл
болған деп айтуымыз керек. Кітаптың жазылу жылын алдымыздағы Стамбул басшысы
сыртында асыл нұсқа бойынша 466 қойылған. Шынымен, кітаптың жызылу жылын
қысқаша қылып 1073 десек дұрыс болар.
2. 46-шы жылдың тауық жылы 1069-шы жыл март 9-да кіреді. 363-ші жыл март
9-нда кірсе, «Қудатғу білік» 462-ші жылдың жұмадала айының һәм 1070-ші жылдың
мартынан бұрын аяғы 1069-шы жылдың ноябрь жұлдызы, 1070-ші жылдың март
жұлдызы арасында қыс күнінде жазылған болады.
Бірақ, бұл кітаптың біреуі түп Түркістан орталығы Қашқарда, екіншісі
Бағдатта жазылған М.Қашқари кітабының Ыстанбұлда табылған нұс-
қасы 664-шы хиджра 1266-шы жылда «Мухамед бин Абу Бакир бин Барал
Фатих Ас-Сауй Әд-Димашқи» деген адамның қаламы мен шығарушы-
ның өз қолымен жазған кітаптан жазылған. Бұл туралы Димшқи өзі
(111-222-323) жазады. М.Қашқари кітабының басында бұл кітапты сол
замандағы мәдениет дүниесі мұсылмандарға түрік ұлтын таныту, білдіру
үшін жазғанын айтады. Осы себеппен, ол өзінің түрік қауымы түрік
әдебиеті туралы жазған кітабын араб тілімен жазған. Әрине, М.Қашқари
араб тілін өте жақсы білген һәм кітабын зорланбай-ақ арабтың шешен
сөздері ашық тілімен жазған. М.Қашқари өз заманындағы ғалымдардан
«Хусейн бин Халиф Аль-Қашқариды» атайды. (293). Бұл ғалым туралы
Самқани «Кітабул ансаф» деген кітабында (Гип бастырған, 472) Қашқари
туралы сөйлегенді баян қылады. Бұл кісі 484-1091 шамасында уафат
болған бір Мухадис (пайғамбар сөздерін көшіруші) ғалым екен. Бірақ,
бұл ғалымның сөйлеген хадистері көбінесе өтірік байлаусыз саналған.
М.Қашқари бұл ғалымнан түріктер туралы бір хадис-худси көшіреді.
Тағы сондай түріктер хақында хадистерді Бұхара, Нисабур ғалымдары-
нан алып жазады.
Мухаммед пайғамбар түрік патшалығының, Токио хандарының ең
күшті, Византия, әрі Иранға қарсы ең, кең бір дәулет болып, күн көрген
дәуірінде келген. Әрине, ол түріктерді білген. Ескендір патшаның «Садия
жуж уама жуж» яғни, күн шығыста бастапқы түзілген соғыс қамалдары
туралы сөйлеген. Бұл пайғамбардың заманында арабтар арасында, әрине,
түрік қауымы туралы ұзын құлақ хабарлар болуы анық.
XII-XIII ғасырларда Исламға дұшпан болған Аһлу солиб (крестовые
походы) Қарақытай горхандары һәм найман ханы Күшліктердің ислам
елін бұзуы туралы көп Эфсаналар (легенда) түзгені сияқты Сасани
Иранға дұшпан болған арабтарда өз заманындағы Токио, түрік хағандары
туралы көп хабарлар болған болса керек. Бірақ, түрік қауымын мақтап
көтеріп айтқан хадистері, оғыз, селжук, сәбіктекін сұлтандарының
мұғтасим (мухтасим) халифа уақтында-ақ, халифа қызметіне Бағдатқа
барған түрік әскерлерінің һәм ерлерінің көңілдерін көтеру үшін қарсы
107
(Иран) ғалымдары түзелген М.Қашқари һәм басқа түрік ерлері бұл
хадистерге сеніп жүрген. Осыған қарағанда, М.Қашқари Құран мен араб
әдебиетін жете білсе де, дін һәм хадис ғалымдарын өте білмеген. Бірақ
ол араб тілін, әдебиетін жете білген һәм кітабын атақты араб филологы
(тіл ғылымына жетік кісі) Халелдің «Китабул айн» деген классика (үлгі)
кітабына ұқсатып жазғанын (51) айтады. Шынымен, ол тіл мәдениет
майданында, арабтың ел алдыңғы қатарындағы ғалымдарымен қатар
тұрып, түрік тілін сол замандағы ең жоғарғы финхусылуына салып
жазған. Бірақ, дін жағынан ол жақсы мұсылман болғанымен, бірге шала
шаман-(бақсы) болған. Һәм ол 14-15-шы ғасырлардағы ислам діні үшін
тырысып жүрген Әмір-Темір һәм Әбілқайыр хандардай, өзінің шамани
сенімдерін ашық жазады. Қалай болса да бұл адам дін ғалымы емес,
бәлки, таза дүниауи (светский) ғалым болған. Бұл оның кітабынан
ашық көрініп тұрады. Кітабында кезікпеген ұзын сөйлемдер, пайдасыз
сөзбастар жоқ, кітабының басынан-ақ, Тоқтамыс хан сөзім деп тура
өзінің мақсатын сөйлеп, жарлық жазған түрік хандарындай «Қал Абди
Мухамуддин ал-Хусейн» деп, тура мақсатын сөйлеп алып кетеді. Ол
кітабына өз заманындағы түрік қауымдарын жоғарғы орындарын өз
заманындағы ұлттарға алыс-жуығын көрсету, кітабын түсінікті қылу
үшін, ол уақытқа дейін мұсылман ғалымдарында көрінбеген бір жобамен,
дөңгелек (ықтимал «жер дөңгелек» «Әл арду курату» мәселесін біліп)
харита-(карта) жазған. Мұнда таулар, теңіздер, өзен, дариялар, құмдар
шаһарларды санап көрсеткен. Бұлардың әрбірін басқа-басқа бояумен
түсірген. Осылардың үстіне, ислам ғалымдарына қарсы мәдениет,
шаруашылық, егіншілік, сауда-санағат терминдеріне артықша назар
салған. Ислам дүниесінде Ыхтисади ғалымдарды Сырдария жағасына
барған бір түрік ғалымы (Ғараби) бастап жазған болса, М.Қашқаридың
да таза бір дүниауи (светский) ғылым, діниауи жағрафия һәм тіл ғалымы
болып, кітабын мынадай бір жолға қоюы ислам тарихында мысалы
болмаған бір қызмет.
Бұл мәселе түрік қауымының ислам дүниесіне келіп, қосылып ғана
кететін бір унсур (элемент) болмай, өз елінен жоғарғы бір мәдениетпен
тәрбиеленіп келгенін һәм біздің бұл күнге дейін ойлағанымыздай
жұлдыз қарап, бал ашып, құмалақ тартып, сонымен іс қылып үйренген
көшпелі түріктердің ислам дүниесіне келуімен, рухани мәдениетті білуге
шамасы келмеді. Бәлки, деректі істер (практический) жұлдыз, расадхана,
риадиатпенен (математика) болды. Өйткені, рухани мәдениетке олардың
ынтасы, салахиаты жоқ еді. Түріктердің ислам дүниесіне келіп, расад
хана риадиатпен болулары, сол жолда қызмет қылулары, мәдениліктен
емес, мәдениетсіз болып тіршіліктерінде рухани мағына (духовное
содержание) болмағанын көрсетеді деген назарлардың (взгляд) дұрыс
108
болмағанын ашты, мұсылман түрік сұлтандары болған селжуқылардың
Бағдат пен Иранға келіп «Хилафат» яғни (теократизмға) қарсы дүниауи
мемлекет (Светская власть) «Сұлтандық» кіргізулері, мұсылман қара-
ханилардың Мауеренаһрды алған соң, Ислам руханилары мен (молда-
лары) күресулері (бұл таптардың тартысуында хандардың бұқа-рашыл
(демократия жағында) болуы ғана емес). М.Қашқари Фараби сияқты
ғалымдардың дүниауи ғылым түзулері, түрік хандарының риадиат,
расатпенен болулары сияқты фактілердің арасында бір-біріне байланыс
болса керек. Бұл фактлер Орта Азияның түрік қауымы ішінде Сырдария,
Тарым, Тянь-Шань аудандарында «дерексіз дүниеге (маффуқат табиат)
рухани мәдениет пәлсапаға қарамай, мәдениет, мадиа, дүниеге ашық
көзбен қарайтын Иран, Жуһуд мәдениетіне қарсы бір мәдениет болғанын
көрсетеді.
Осыған қарағанда М.Қашқари, оның кітабын былай қоя тұрғанда, өзі
мәдәни тарихы жағынан, мухым бір факт болады. Не үшін араб, яки парсы
ғалымдарынан ешбіреуі өзінің қауымы, тілі туралы осындай бір кітап
жазбаған, не үшін «Сиасатнаме», «Жамиат-Тауарих» сияқты кітаптары
ислам тарихында тек фахат, селжуқ, Моғол хандарының қалағанына
жазылған себептен ғана жалғыз-ақ әсерлер болып қалған?
Бұл уақиға яғни, М.Қашқаридің өзі «шахси» ислам һәм түрік та-
рихында үлкен бір уақиға болуында күдік жоқ. М.Қашқаридің кітабына
келгенде, бұл кітап туралы әзірге біз Еуропаның түрік тілі мамандарының
пікірін естігеніміз жоқ.
Бұл кітаптың бір нұсқасы академик Бартольдқа берілген екен. Бірақ
Бартольдің бұл кітап туралы бір нәрсе жазып-жазбағанын білмедік.
Қалай болса да, біздің мынаны айтуға шамамыз келеді. Түрік қауымының
тіл, әдебиет һәм мәдениет тарихы үшін 1889 жыл Орхон жағалауында,
Ядринцев тапқан Томсон, Радлов һәм басқа ғалымдар тарапынан үйрені-
ліп нішір етілген. Барлық мәдениет, хан дүниесінің назарын өзіне
қаратқан, хан ерлерінің пікірін алыстырған (өзгерткен). Ескі түрік-орхон
«бітік тастар» қандай аһамиаты болса, М.Қашқари кітабында аһамиаты
сондай. М.Қашқаридың түрік қауымына, өз ұлтына мына себепті
Күлтегін, Білге хандардың мұнсабатындай һәм түрік руларын, түрік тілін
білу әсіресе, білімі олардан артық болған.
Кітабының басында Махмуд Қашқари мына сөздерді жазады.
«Махмуд Хусейн ұлы айтады: тәңірі дәулет күнінің көзін түріктің көгінде
тудырды жер, Азияның дәрілерін олардың қолына берді. Оларға, түрік
деп ат қойды. Дүниеде патшалық жұмысын оларға тапсырды. Оларды
заманының иесі патшасы қылды, һәм дүниедегі ұлттардың тізгінін
олардың қолына берді. Оларды туралыққе берік қылды. Түрікке сиынған
кісі жоғары болды. Күшті болды Һәм қалағанына жетті. Пәлелерден пәле
109
шығарушы бассыз, тиянақсыз адамдардың пәлесінен құтылды. Түріктің
найзасынан құтыламын деген һәм бір ақылды кісі олардың етегіне
жабыссын.
Бірақ, түріктерге жақын болу үшін олардың өз тілімен сөйлеуден
бөлек амалы жоқ. (2.1) Олар өз тілімен айтқан сөзге ғана құлақ салады.
Сонда ғана олардың көңілін, өзіне қаратып болады. Бұқара, Нисапур
молдаларының айтуынша, Мұхаммед пайғамбар түрік тілін үйреніңіз-
дер, өйткені, олар дүниеде ұзақ, көп заман патшалық қылады дейді.
Мысалы, бұл хадис шын ба, өтірік пе оны сол молдалардың өздері біледі.
Егер дұрыс болмаса да, ақыл соны тілейді. Мен, өзім түрік қауымдарының
шахарларын, далаларын әр қилы бойына кезіп жүрдім. Түріктің тілі,
һәм әдебиетін үйрендім. Түрік болсын, түрікпен, оғыз шекілі, яғма,
қырғыз болсын бұлардың тіл әдебиеттерін білдім. Оның үстіне мен өзім
түрік қауымының сөзге шешен, тілі тазаларынан бір кісімен Асылзаде,
артық туған тұқымнанмын. Қылышпен шабуға, найзамен шаншуға
ең ұсталарынанмын. Мінеки, руының үшін де, түрік қауымының әр
табының тіл һәм лұғаттары менің миыма тамам тура кіріп отырды. Ол
тіл, әдебиеті мен ең жақсы бір низамға тіздім. Бұл кітабымды жаздым.
Сөйтіп, менің атым мәңгі қалсын, маған мәңгілік азық болсын, (2.1)
кітабымды Халилдің «Китабул айн» деген кітабының формасына жақын
қылып түздім. Сөйтіп, түрік тілі мен араб тілі жарысып барған, жүйрік
аттай болып көрінсін (5.1) Арада түріктердің тіршілігінен айтатын
өлеңдерді (шер) келтірдім (8.1). Түрік еліндегі тау, өзен, (дария) көлдерін
жаздым. (26.1) Бірақ, түрік тіліне шеттен кірген сөздерді жазбадым
және де Түріктедің руларын жаздым. Бұлар жиырма шамасында болады.
Бірақ, ұсақ рулардың санын құдайдан бөлек ешкім білмейді. Бұл ұсақ
рулардан мен түрікпен оғыз руын-ақ айттым, һәм олардың таңбаларын
жаздым. Оның үшін бұл керек нәрсе, (28.1) түріктің ең шешен тілі (фасих
тілі) түрік тілінен басқаны білмеген араб, парсыға мадани қауымдарға
араласып жүрмегендерінен болады. (29.1). Әсіресе, елі Ертіс, Ямар, Еділ
бойларында болады. Бәрінен фасих тіл хақандарында һәм оларға жақын
жүргендерін де болады. (30.1). Түріктердің елі күнбатыста Рум, күн
шығыста Қытайға дейін 8 мың парсах шамалы жерлерді алып отыр. Түрік
елі сондай үлкен, адамдар мұны ашық түсінуі үшін мен жер дайрасын
харита қылып жаздым.(31.1)
Түрік қауымы «Түрік бин Яфас бин Нухтың» балалары болды.(27.1).
Құдай адам пайғамбарды «инсан» деп атаған. Әрі сол ат бүкіл адам
балаларына сондай-ақ Түрік балаларына есім болып қалған һәм «түрік»
деп есім берілген. Рум бин Айсуға қарап, барлық Рум қауымдары «Рум»
деп аталғандай түріктерге һәм аталарының аты ат болып қалған. (293.1).
Молдалар хабарынша Мұхаммед пайғамбарға құдай айтыпты-мыс:
110
«Менің бір әскерім бар, оларға түрік деп ат бердім. Оларға күншығыс
жағынан қоныс бердім. Егер де бір қауымға ашуым келсе, осы түріктерді
жіберіп билетемін (маслат қыламын)» деп. Түрік қауымын құдайдың
бүкіл дүниенің басқа ұлттарынан айырып, оларға түрік деген атты өзі
беруі, түрікті басқа ұлттардан айырған бір фадилат (артықтық) болады.
Құдай түрік қауымын дүниенің ең биік жерлеріне, (Тянь-шань тауларын
айтады) һәм жер жүзінің ауасы ең таза орынға жайластырды. Оларды
өзінің әскері деп атайды. Түрік халқы осының үстіне сұлу, жүзі күліп
тұрған, өзі әдепті, сыпайы, жасы үлкен адамдарға құрмет қылған.
Айтқан сөзінен қайтпайтын, уәдесіне берік тәкәппәршілдікті, мақтануды
білмейтін халық. Түрік қаһарман, батыр ұлт. Мұнан басқа да олардың
мақтауға лайықты мінездері әрине көп. Соның ішінде өлең де айтылған.
Қышын кірсә, аны тірік едін, анға аның едші,
Мінкір тікір алфалық, мында ніру кісілур.
Яғни, біреуді мақтағанда «мұның жақсылығына, түрікте куә болады»
деп айтылады. (294.1) Темір балаларының дәуірі жүріп тұрған заман-
дарында киілген (шайыр) Науайының түрік қауымын мақтап айтқан
өлеңдері (бұл туралы 1917 жылы Қоқанда шыққан «Юрт» журналының
үшінші номерінде жазылған) сияқты. Махмуд Қашқаридің түрік
қауымын мақтауды да, Селжуқылардан Алып Арсылан бүлікшілердің
бүкіл ислам дүниесін өзідеріне қаратып, ғазнеуйлердің Үндістанды
алып, қараханилардың бүкіл Түркістанның әр екі жағына қожа болып
тұрған түрік шеукеті (могушество) тәсіліменен болған. Біз болсақ бұл
ислам мәдениетін һәм шеукеті дәуірінде Арабстан, парсы ортасына
барған түрік ғалымының араб, ислам мәдениеті алдында сасқалақтап,
таңырқап қалуын ойлар едік. Бұл кісі Дижле, Фрат жағасында тұрып,
мұндай қылып құр көңілмен, өз ұлтын мақтауы һәм өз ұлтының тілін,
әдебиетін, араб тілі құран һәм араб әдебиетімен «қатар жарысып барған
ат» деп жарыстыру. Әрине, өз елінде Қашқар һәм Түркістанда мәдени
сүйеніш арқа таянышы болған себебінен болады. «Диуани лұғат ат түрік»
шынымен осыны Лұғат кітабы сыйдырған шамада ашып берді. Бұл
кітаптан біз ол замандағы түрік дәулеттерінің ішкі түзелісін түріктердің
ыхтисади, ижтамай тіршіліктерін, дін ықтиқаттарын, түрлі тарих хикая
ұғындыларын, нұрлы шаһар, қыстақтарын, жайлау, қыстауларын, мади
һәм рухани мәдениетін үйренеміз. Мұнан да артық керекті болғаны әрине
тіл һәм әдебиет жағы Махмуд Қашқари Тянь-Шань үстінде һәм оның екі
жағында ұзын шекті, яғма, тухси қырғыз, ұйғыр, қыпшақ, имақ, басмал,
татар, башқұрт, булгар, қарлұқ сияқты түрік қауымдарының тілдері
тақырыпты осы соңғы заманда Радлов кітаптарында жазылғандай қылып
татбиқи (сравнительная) фонеткасын берді. Түрік тіршілігінің әр жағынан
алынған, һәр түрлі 238 шамалы таза түрік өлеңдері, һәр 270 шамалы
111
мақалдар, өте көп сөйлемдер келтіреді. Әсіресе, М.Қашқаридің түрлі
руларының (ләһжә) (наречие) туралы берген мағлұмат өте қымбатты.
Түрік сөзін араб хәрфімен жазған адам әрине, Қашқари бірінші (тұңғыш)
адам болған. Ол араб әрпін түрік әріпі демейді. Түрік сөзін тек арабтарға
һәм басқаларға түсіндіру үшін ғана араб әрібін жазады. Ол «түрік әрібін»
деп ұйғырша әріпті-ақ біледі. Ұйғыр әріптерімен жазудың жол-жобаларын
һәм араб-хәрфімен жазылған сөздердің ұйғырша қалай жазылғанын
көрсетті. Араб әрпімен жазғанын асты, үсті (харакат) сүкінмен жазған,
әр түрлі әріптің махражын (дыбыс шығатын орны). Әр харакат, сүкіннің
қалай жұмсалуы жағында ашық мағлұмат береді. Соның үстіне, араб
сөздері бәрі де асты үстімен жазылған. Мінеки, соның үшін де әр сөздің
қалай айтылуы, мағынасы туралы еш қатесіз, ашық (қатағи) мағлұмат
алынады.
Осы күнге дейін Қойнелі Халил деген адам тарапынан көшіріліп қал-
ған арабша «түрік, моғол, парсы таржіманы» (хутсма һәм милиузанский
нішірі) һәм Ибнул Хайян Әл Фарнатидің «Китабул адрак» және Мысырда
табылған кулістан тәржімәсі, Қутби деген адамның бір кітабы және
Радлов, гизе бастырған «Қоман хижесі – Кадикс қоманикс» һәм басқалар
бар еді. Бірақ, олардың бәрі де ХІІІ-ХV ғасыр яғни, Моғолдардан соңғы
дәуірге жететін және де бек аз, шала, қатасы көп жазулары бұзылған
кітаптар еді. Соның үстіне олар бәрі де, Түрікпен, қыпшақ тілдеріне
жататын кітаптар еді.
Күншығыс ләһжелерге яғни, бұл күнге дейін бәріне де ұйғыр тілі
деп аталып жүрген тілге жататын Түркістандағы Кішиғат (открытие)
заманында табылған, ХІХ–ншы ғасыр басынан-ақ майданға шыққан
Машһүр «Құдатғу білік» кітабы тарайды. Әрине, бұл әсәрлар да аса
қымбатты (мухим) әсәрләр. Бірақ, «Құдатғу біліктің» оқылуы, (чтения)
өзі бұл күнге дейін, бұл тілдің мамандары Радлов, Томсон, Уамири,
Моллирликов, Хартмандар арасында шешілмей жүрген бір талас мәселе
еді. Соның үстіне, «Құдатғудың» нұсқаулары жаңарақ. Мысырда һәм
Ферғанада жазылған. Араб харфімен жазылған нұсқаулары харекетсіз
жазылған, тәржімесіз ибара (текст) ғана еді. Және де бұл ескі «ұйғыр»
кітаптарының көбінің тілдері де анық халық тілі емес. Әдеби һәм
бірталай шет (ислам яки будда) тәсіріне кірген тілдер еді. Махмуд
Қашқаридің кітабы күншығыс, күнбатыс Токио хүкіметі бұзылғаннан,
Моғолдар дәуіріне дейін келген. Түрік қауымдарының барлығының тірі
(живой) халық тілі үстінде тексеру, һәм фини жолмен жазылған бір кітап
болып, моғолдардан бұрынғы түрік қауымдарының охиғитлері. Түрік
тілінің соңғы романда тәшкіл еткен тармақ, (Группа)-ларының асастары
туралы ашық аян, қатъи мағлумат береді. Мұның арқасында, ескі ұйғыр
асерлерін әсіресе, «Құдатғу білікті» жаңадан қарап шығуға ләзім болады.
112
Һәм түркі тілдердің түрік әдебиетінің тарихы үйрену бабында жаңа
дәуір кіргізеді. Махмуд Қашқаридің айтуынша (241)-бұл Түрік ғылымы
және де Түрік тілінің Наху Сарфи туралы «Кітап Жауаһирун-нахуи луғат
түрік» есімімен арнап бір кітап жазған екен. Егер бұл кітап та табылса,
өте жақсы болар еді. Сонда дағы осы табылған кітабы әрине, оның ең
үлкен, асыл кітабы. Мұныменен де Мақсуд Хасыл болады. Түріктің өз
арасынан шыққан бұл ғалымның мадани, ижтимаъи, тарихи ықтысади
мағлұматтары, истилах (термин)-дары арқасында күн батыс Токио-
Түрік хүкіметі бұзылғаннан татарлар дәуіріне дейін тұрған. Бұл күнге
Шефқат Ибн Хрдатбе Қудама, Гурдізи, ауфи, уағайри сияқты араб, парсы
жағрафия ғалымдарының ұзын құлақ хабарынша, жазған жарқым жұрты
шанақ жазуларына һәм Қытай мағлұматына қарап үйретілген. Түріктердің
ішкі тіршіліктері анық мәлім болды. Түрік ру һәм қабилаларының
түзілісінде Түрік тілдерінде татарлар дәуірінде һәм онан соң хасыл
болған төңкерістер. Луғат һәм ләһже мунасабаттары группаларға бөліну
туралы бұл күнге дейін Фразия (гепотеза) болып қана жүрген Һәм түрлі
ғалымдар (мәселен, Радлов, Бартолд, Аристов, Корш һәм басқалар)
арасында таласты болып жүрген түйіндер шешілді. Филжумле (вообще)
қазақ-қырғыз, сарт (шағатай), өзбек, Түрікпен тілдерінің асылдары (түрі)
мәлім болды. Бұл кітаптан алынған мағлұматтарды, біз ұзын қылып
айрықша жаздық. Оны кітапханалары толық болған бір жерге барсақ,
тәмамдап, түзетіп сәті түскенде бастырамыз. Әзірге, сонан алып әр
бабтан біраз қысқаша мағлұмат жазамыз. Жазғанымызды мынадай төрт
бабқа бөлеміз: 1) Махмұт Қашқариді (Түрік тарихына аъйд мағлұмат),
2) ХІ-нші ғасырдағы Түрік қабилалары туралы мағлұмат. 3) Түріктердің
ықтысади, ижтимаъи тіршіліктеріне аъйд мағлұмат. 4) Тіл, уа әдебиет
шер, мақалдар һәм түрлі ләһжелер арасындағы фарқ һәм мұның бұл күнгі
ләһжелерге мунасабаты.
Х.
Достарыңызбен бөлісу: |