Алаш көсемсөЗІ: тіл мәселесі көптомдық 2 том Қайрат сақ



Pdf көрінісі
бет33/38
Дата30.01.2017
өлшемі1,66 Mb.
#3031
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

Цифр жазуы
Біздің осы күні қолданып жүрген цифрларымыз араб цифры аталады. 
Бұл  цифрларды  Европа  арабтан  үйренген,  бірақ  мұның  асыл  түбі 
араб  емес,  үнді,  бұл  цифрларды  араб  үндіден  алған,  арабтан  Еуропаға 
тараған.  Күн  шығыс  халықтарының  бұл  күнге  шейін  қолданып  келген 
цифрлары үнді цифры аталады. Үнді цифрлары мынау: ۱, ۲, ۳, ٤, ۵, ٦, 
۷, ۸, ۹, ۱۰, әуелдегі үнді цифры осы. Кәзіргі араб цифрлары (1,2,3) үнді 
цифрларынан  тұрпаты  басқа  ғана  болғаны  болмаса,  екеуінің  жазылу 
реті бірдей: цифрлардың дәрежесі оңнан солға қарай арта береді, оң жақ 
шеткі орындағы цифр бірлік санын көрсетеді, сол жақ жанындағы цифр 
ондық  санын  көрсетеді,  оған  жалғас  сол  жақтағы  цифр  жүздік  санын 
көрсетеді,  сөйтіп  солға  қарай  ірілене  береді.  Мәселен,  мың  тоғыз  жүз 
жиырма бес осылай жазылады: 1925 мұндағы бес (5) бірлік саны, екі (2) 
ондық саны, 9 жүздік, 1 мыңдық. Бұлай жазылған цифрды біз солдан оңға 
қарай оқимыз: әуелі сол жақ шеткі 1 мыңдықты, сонан соң оған жалғас 9 
жүздікті, сонан соң 2 ондықты, ақырында 5 бірлікті оқимыз. 
Цифрдың  бұлай  оқылуын  сылтау  қылып  бірқатар  білімпаздарымыз 
сан  жүзінің  амалдарын  орысшадан  солдан  оңға  қарай  жазуға 
ұйғарады:  мәселен  «24-ке  48  қоссақ  72  болады»  деген  сөз  «24+48=72» 
болып  жазылсын  дейді.  Қазақ  тілінде  басылып  шыққан  кітаптардың 
көбінде-ақ  мұндай  амалдар  осылай  солдан  оңға  қарай  жазылған. 
Оқытушыларымыздың да көбі балаларға амалды солай теріс жазғызып 
үйретеді. Айтатын дәлелдері әлгі: жазылған цифрлардың қазақша оқылуы 
солдан оңға қарай болғаны. 
Шынында,  жазушыларымыздың  да,  оқытушыларымыздың  да  есеп 
амалдарын олай теріс қарай жазатыны – цифрдың теріс қарай оқылатын-
дығын ойлағаннан емес, өздерінің дағдышылығынан. Біздің бұл кездегі 
азушыларымыздың да, оқытушыларымыздың да көбі орысша оқығандар. 
Бұлардың  бәрі  де  төрт  амалды  теріс  жазып  дағдыланған.  Сондықтан 
бұлар  кітап  жазғанда  да,  бала  оқытқанда  да  өзінің  ескі  дағдысынан 
шыға алмайды. Есеп амалдарын оңнан солға қарай да оқуға болатынын 
ойламайды  да,  білмейді  де:  есеп  амалының  олай  жазылғанын  көрсе 
(мәселен:  «24+48=72»  деп  есеп  жазылғанды  көрсе),  оны  аяғын  көкке 
көтеріп,  төбесімен  жүрген  сықылды  ерсі  көреді,  шегі  атып  күледі. 
Жазылған  цифрдың  қазақшы  солдан  оңға  қарай  оқылуы  дәлел  емес, 
тек  сылтау.  Жазылған  цифрды  қазақша  оқығанда  солдан  оңға  қарай 
оқитынымыз рас, бірақ оны өту үшін әуелі сол жақ цифрды оң жақтан 
санағанда нешінші орында екенін біліп алумыз керек, мәселен «1925»-ті 
сол жақ шеткі «1»-ден бастап оқитынымыз рас, бірақ оны «бір мың» деп 
оқу үшін, әуелі оның оң жағындағы үш цифрды көріп, оның үш бөлек 
екенін, «1»-дің өзі төртінші орында екенін іліп алуымыз керек. «1»-дің 

331
оң жағындағы «925»-ті қолмен басып тұрып, оқушыға «1»-дің өзін ғана 
көрсетсек, оқушы оны «бір мың» демейді, «бір» деп оқиды. Жазылған 
цифрды оқуымыз теріс болғанымен тануымыз оңнан солға қарай, есеп 
амалының жазылу ретінде цифрдың оқылуы дәлел болуға жараса, оны 
танып білуіміз онан да артық дәлел болуы керек. Цифрларды тану үшін 
оңнан  солға  қарай  тексереміз,  бұл  цифрмен  жазылған  сөздің  де  оңнан 
солға қарай жазылуын тілейді. 
Біздің цифрларымыз әуелде үндіден шыққан. Үнді халқының жазуы 
да біздің жазуымыз сықылды оңнан солға қарай. Сондықтан үнді цифрды 
өз  жазуының  ыңғайынша  дәрежесі  оңнан  солға  қарай  артатын  қылып 
шығарған.  Цифрды  Еуропа  шығарса,  оның  дәрежелерін  солдан  оңға 
қарай  артатындай  қылып  шығарар  еді,  мәселен  «1925»-ті  «5291»  деп 
жазатын қылар еді. Еуропа цифрдың жазылу ретіне артық баға бермеген, 
цифр жүйесін өз жазуына икемдеп өзгертпей-ақ, даяр күйінде ала салған. 
Цифр  жүйесі  үнді  мен  арабтың  жазуына,  солардың  тіліне  лайықтап 
жасалған. Тұрмыста көбіне кездесетін сан 20-дан арта бермейді. Үндіше 
20-ның ішіндегі сан (орысша сықылды) бірлігінен басталып айтылады, 
мәселен 12-«дибазде» делінеді, бұл екі мен он деген мағынада. Арабша 
жүзге шейін де солай саналады, мәселен «саба’а уа тисғуна» дейді. Бұл 
«жеті  мен  тоқсан»  деген  сөз.  Сондықтан  үндіше  де,  арабша  да  12,  14, 
18 сықылды цифрлардың оқылуы да оңнан солға қарай, оны танып білу 
үшін де солай оңнан солға қарай тексеру керек. Еуропа тілдерінде де сан 
үндіше, арабша айтылады; орыс, француздардың саны үндінікі сықылды 
20-ға  шейін  әуелі  бірлігін,  сонан  соң  ондығын  айтады;  немістің  саны 
арабтікі  сықылды  100-ге  шейінгі  санның  бәрі  де  бірліктен  басталып 
саналады  (мәселен  немісте  84-ті  «фийр  унд  ахциг»  дейді,  «төртеу  мен 
сексен»  дейді),  еуропаның  бастауыш  мектептерінде  де  сван  жүйесін 
бастап оқытқанда әуелі 20-ның ішіндегі санды, онан соң 100-дің ішіндегі 
сандарды оқытады. Еуропаның жазуы солдан оңға қарай, өтсе де цифрды 
оңнан  солға  қарай  оқытады,  цифрлардың  оқытылуы  да  оны  оқу  үшін 
тексеру  жолы  да  оңнан  солға  қарай  болғанымен,  цифр  жазуын  (есеп 
амалдарын) өз жазуының ыңғайынша келтіріп, солдан оңға қарай жазады. 
Арабша (үндіше) цифр жүйесі Еуропаның тіліне де, жазуына да ыңғайсыз, 
бірақ Еуропа араб цифрының жүйесін бұзбай-ақ, есеп амалдарын өзінше 
жазып отыр. Біздің жазушыларымыз бен оқытушыларымыз әуелде оңнан 
солға қарай жазылу үшін жүйеленген цифрлардың олай жазылуын ерсі 
көріп қарашылдық қылып келеді. Қарашылдықты қою керек. Еуропаға 
еліктеген жақсы. Бірақ Еуропа қарашыл емес. Еуропаға еліктегенде онан 
ең алдымен қарашыл болмауды үйрену керек. 
Міржақып Дулатұлы
Міржақып Дулатұлы Бес том. шығ. жин. Құраст.: Г.Дулатова., С.Иманбаева. Алма-
ты: «Мектеп», 2003, 3 том, 200-202 б.

332
Тіл құрал
Қазақ тілінің сарфі
(Шығарушы Ахмет Байтұрсынов)
Жаңада ғана Ахмет Байтұрсынов шығарған қазақ тілінің сарфі «Тіл 
құралы» басылып шықты. 
«Тіл  құрал»  туралы  жазудан  бұрын  әуелі  қазақ  тілі  жайынан  біраз 
сөз айтып өтуді тиіс көреміз. Қазақ тілі жайынан біраз сөз айтып өтуді 
тиіс  көреміз.  Қазақ  тілі  жайынан  газетамызда  бұрын  да  сан  жазылып 
еді. Қазақ тілі бай, таза, іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз. Мұны 
іңкәр қылатынымыз жоқ Бірақ құр бай, таза деумен ғана тіліміз өздігінен 
сақталып,  әдебиетіміз  өрбіп  кете  алар  ма?  Қай  жұрттың  тілі  болса  да 
түу  басында  біздікі  секілді  таза  да,  бай  да  болған.  Бірақ  олар  көрші 
жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын 
ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, 
басқа  жұрттардың  оқуын  оқыдық.  Бұл  күнде  шаһар  сайын  ноғай 
медреселерінде  қанша  қазақ  баласы  оқиды,  бір  жағы  Бұхар,  бір  жағы 
Мекке-Медине, Стамбулда оқып қайтқандарымыз да бар. Солардың бәрі 
елге ноғайшылап, сартшылдап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, 
жазған  хатында  шет  жұрттардың  тілі  аңқып  тұр.  Бұлар  елге  келіп  жас 
балаларды  оқытады.  Сөйтіп,  шет  тілдер  елдегі  жас  балаларға  жұғады. 
Жас балалар келешектегі бір буын халық. Өзімізде жергілікті оқытушы 
жоқтықтан, қазақ балаларыноқытып жүрген ноғай молдалар аз ба? Бір 
ауыз арабша білмейтіндердің көбі осы күнге шейін хатының басына «һу 
аллаһ  әл  бәри,  әлхат  саф  әл  ғалаңдарды...»  тізіп  қоймай  ма?  Бұрынғы 
қазақ  арасына  тарап  жүрген  қисса-хикаялардың  бәрі  ноғайша,  арабша, 
аралас  тілмен  жазылған.  Орысша  оқығандарымыздың  көбі  екі  сөздің 
біріне орысша қатынастыруды үйреніс қылып алған. Осыдан топшылауға 
болады, таза деген қазақ тілі де, күн бұрын сақталуына қам қылмасақ, 
бірте-бірте  бұзылып  кететіні.  Қазақ  тілінің  мұндай  жолмаен  бұзылып 
кетуін көбіміз сезбей де қаламыз.
Олай болса сұралық, қазақ тілінің таза сақталуына бізде қам қылған 
кісі бар ма? Болса, ол кім?
Мен өзім медреседе оқымасам да, 1904 жылдан бастап ноғай әдебие-
тін  үйренуге  әуестендім.  Сол  жылдан  бастап  «Тәржіман»  газетасын, 
онан  кейін  шыға  бастаған  өзге  ноғай  газеталарын  һәм  кітаптарын 
алып  оқитын  болдым.  Лұғаттан  қарап,  кісіден  сұрап,  ноғай  тілі,  ноғай 
әдебиетімен таныстым, бұлар маған сіңді. Бала күнімде оқи-оқи, қызығы 
басылған ескі қиссалардан басқа қазақта дәмді, мағыналы кітап болмаған 
соң,  орысшаны  былай  қойғанда,  мен  әлгі  үйренген  ноғай  әдебиетінен 
әдет  ала  бастадым:  ноғай  газеті,  кітаптарында  көп  ұшырайтын  араб, 
парсыны шын әдеби тіл осы екен деп аңғардым. 1908 жылы «О.Қ.-ты» 

333
жазып жүргенімде әлгі «әдеби тілдерді» неғұрлым көбірек кіргізу жағын 
ескерусіз  қалдырмадым.  Сол  жылдарда  «Абай  кітабы»  һәм  «Қырық 
мысал»  шықты.  «Қырық  мысалды»  көргенімде  өзімнен-өзім  ұялдым. 
Өзімнің һәм өзім секілділердің адасып жүргенін сонда байқадым да.
Екі жыл мұнан бұрын «Қазақ» газетасы шыға бастады. Шын қазақша 
жащылып, тіл мәселесін қолына ала туған осы «Қазақ» еенін ешкім бекер 
дей алмас. Бұл неден? Әрине, шығарушыдан дейміз. Төрт жылдан бері 
шығып  тұрған  «Айқап»,  шығып  тұрақтанған  «Қазақстан»  бұл  жағын 
жете ескерген жоқ. Кім қалай жазып жіберсе, сол күйінде баса бергенге 
ұқсайды. Мұны да бекер деушілер көп болмас. 
Қазақ  тілін  қолына  қалам  ұстағаннан  бері  шылғи  қазақша  жаза 
бастаған Байтұрсыноа қазақ емлесін шығарды, оқу құралдарын жазды. 
Осы  екі  жылдың  ішінде  орта  есеппен  250  мың  дана  «Қазақ»  нөмірі 
тарады.  Жаңа  емлемен  15-тей  кітап  шықты.  Бұлар  45  мың  данадай 
бар.  Осының  бәрі  қазақ  арасына  тарап  жатыр.  Бұл  емлені  тосырқап, 
түсінбейміз, оқи алмадық деген ешкімді естігеніміз жоқ. «Қазақ» емлесін 
мұсылман медреселерінде, орыс школдарындағы шәкірттер, учительдер, 
мұғалімдер  жабыла  қабын  еткендігі  былтырғы  «Қазақ»  нөмірлерінің 
көбінен көпінеді. Бұл екі жылдық қана қызмет, иншаллаһ. Мұнан кейін 
артпаса, кемімес деген үміт зор.
Һәр істің бағыты оң болса ғана ерушісін адастырмайды. Өзі қайда бара 
жатқанын  білмеген  адамның  етегінен  ұстаушылар  қайдан  жол  табады. 
Жақсыны  –  жақсы, жаманды  –  жаман  деу,  біреуді  асырып  мақтаған  иә 
кемсітіп жамандаған болмайды. Олай болса, қазақ тілінің һәм жазуының 
таза  сақталып,  бір  белгілі  жолға  түсуіне  бірінші  қам  қылып,  қызмет 
сіңірген, бұл жолда басшылық еткен кім деген сұрауға менің жауабым 
осы  жазғандарымнан  көрінсе  керек.  Енді  түзу  жолға  бір  түскен  соң 
оқығандарымыздың  әрқайсысы  таза  қазақша  сөйлеуге,  қазақша  жазуға 
тырыса  бастады.  Мұның  белгісі  қазір  көп.  Тіл  мәселесін  бірінші  дәре-
жеге  қойған  «Қазақ»  газетасын  өзіміз  түгіл,  ноғай  бауырларымыздың 
газеталары да байқай бастады. Мысалы, жаңа арада «Тәржіман» газетасы 
(нөмір  260)  «Қайда  бара  жатырмыз?»  деген  бір  мақаласында:  «Қазіргі 
Россияда шығып тұрған ұлт газеталарымыз, журналдарымыздың бірлі-
жарымын  қоспағанда,  көбінің  қолданып  тұрған  тілдері  татарша  ма, 
түрікше ме, орысша м, татар эсперантосы ма, не екенін білу қиын. Татар-
түрік тілінің қағидасына бойсұнбауының үстіне, түрікше, татарша айтуға 
болатын  сөздерінің  өзін  орысшамен  айдап  кетеді.  Бұл  қайғырарлық 
хал...» деп ноғай газеталарының һәрқайсысынан мысал келтіреді.
Бұл  туралы  «Құяш»  газетасы  (590  нөмір)  бір  мақала  жазып,  «Тәр-
жіманның» бұл мақаласы біздің бір жаман жарамыздың аузы ашты, тіл 
туралы кешірілмес зор айыбымызды көрсетті» деп өз тұсынан мынаны 
жазады.  «Егер  орысқа  қараған  түрік  рулары  тілдерін  орысшамен 

334
толтырса,  Болгария,  Сербиядағыларымыз  –  болгар-серб  тілдерімен, 
Қытайдағыларымыз  –  қытайшамен,  Германия,  Англия,  Франциядағы-
ларымыз  неміс,  ағылшын,  француз  тілдерімен  қатысып,  бітсе,  түбінде 
бұл  түрік  тілінен  не  шықпақшы!..  «Борышын  жасырған  төлер,  ауруын 
жасырған өлер» деген мақалды келтіріп, бұл туралы өзінің пікірін айта 
келіп, «Құяш»: «Газеталарымыздың көбі таза түрікше жазамыз деп аузы 
айтса да, мұны істемей жүр, тіл туралы айтқанын орнына келтіруге жиһад 
қылып тұрған «Тәржіман» мен «Қазақ» газетасы» - дейді.
Енді «Тіл құралына» қайталық. Орысша грамматиканы, арабша наһв 
сарфті жақсы білетін қазақ баласы жете аңғарып, ақыл таразысына салып, 
бір-екі рет оқып шықса, бұл кітаптың құнын білер: үстін қарап, саулатып 
өте  шықса,  шытырман  тоғайда  адасқандай,  асылына  түсіне  алмас  деп 
шамалаймын.
«Тіл  құралдың»  артықшылығы:  жалпы  қағидаларға  сүйеніп,  белгілі 
тәртіппен  тізіліп,  шылғи  қазақ  тілімен  жазылған.  Орысша,  арабша 
нәһв  сарфті  жақсы  білетіндер  тез  түсінеді  дейтініміз  –  мұнда  сарфте 
кездесетін  әр  нәрсе  қазақ  ша  аталып,  қазақ  тілінің  табиғаты  сақталып, 
тура мағынасы өзгерілмей, өз атымен аталған. Сөз таба алмай қиналып, 
мағынасы  дөп  келмейтін  еш  нәрсе  алынбаған.  Мұнда  қолданылған 
сөздер алғашқы кезде біраз жат көрінуі мүмкін көрінер: әрбір жаңа нәрсе 
басында солай болуы белгілі. Бірақ түсіне, жаттыға, құлақ үйір бола келе, 
жаттығы болмаса керек.
Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша шыққан кітаптармен 
ұқтырамыз  һәм  әдебиетіміз  шын  қазақша  болсын  деген,  бұлардың 
бәрінің  негізі  «Тіл  құралы»  (нәһв  сарф)  екенін  ұмытпасқа  керек.  Бұл 
біздің оқу құралдарымыздың ең қиын, ең керекті мүшесі еді. Міне, бұл да 
көңілдегідей болып шықты. 
«Тіл құралды» қолданып іске асыратын көбінесе мұғалімдер. Олардың 
көбі мұны өздері шалатүсінсе, иә балаларды үйретуге шорқақтық қылуы 
ғажап емес, бірақ бұған шығарушы айыпты емес: оқыту жолында қазақтан 
жөн-жосық көрген мұғалімдеріміздің кемдігінен. Бұл – екінші мәселе.
Міржақып Дулатұлы
Міржақып Дулатұлы Бес том. шығ. жин. Құраст.: Г.Дулатова., С.Иманбаева. Алма-
ты: «Мектеп», 2003, 2 том, 219-222 б.
Қазақ тілін іске асыру
Қазақ тілін іске асыруға Қазақстан кіндік үкіметі осы жылғы шындап 
кірісіп  отыр.  Бұрынғы  декреттің  үстіне  қосымша  бұйрық-жарлықтар, 
нұсқаулар  шығарып  жергілікті  үкімет  кеңселерін  оятып,  ескеріп  отыр. 

335
Істеушісі  болса,  ынта-жігер  болса,  іс-құралдары  болса,  жұмыс  жүзеге 
шықпай қалмайды.
Еңбекші  қазақ  тілінің  өзіне  берген  құндылықтарымен  пайдалануы 
қазақ тілін жүзеге шығуына байлаулы. Бұл турада бұрын көп жазылған, 
көп сөйлеген. Енді қалған сөзді шетке тастап, жүзеге шығару ретін іске 
жақындай  отырып  көрсетуіміз  керек.  Қазақ  тілінің  жүзеге  шығуына 
күйіп  жүрген,  шамасы  келгенше  бөгет  жасауға  тырысып  жүрген 
дұшпандарымыз  да  аз  емес.  Қазаққа  қожалық  құру,  дірілдетіп  алдына 
билетіп  қою,  сүйегіне  сіңіп  қалған  ескі  орыс  төрегері:  шенеунік, 
тілмаштар:  орыс  отаршылдары,  ұлтшылдары.  Қазақша  жазу  танымай 
орысшалап кеткен қазақтың шәлдіктері, бәрі де қазақ тілін іске асырғалы 
отырған  Ортақшыл  партия,  Кеңес  үкіметі  қазақтың  халықшыл  шын 
қызметкерлері. Қазір де қазақ тілінің дұшпандарына ешбір табан тірерлік 
тиянақ қалған жоқ. Олар іштерінен күйінер, мыжыңдаған сөздерін ғана 
айтып  жүрген  болар.  Қазақ  тілін  жүзеге  шығарушыларға  еш  бір  бөгет 
жоқ.  Кеңес  үкіметі,  орыстың  таза  ортақшылары  шылбырдан  тартып 
көмек көрсетіп отыр. Жолды тазалап, бөгетті бітіріп отыр. Ендігісі қазақ 
азаматтарына қалып отыр. Қазақ тілін іске асыруда қазақтың жазу, кеңсе 
ісіне  жарарлық  кісілерін  іздетіп  келсін,  қызметке  кіріссін.  Бұлданып, 
бәлсініп жүрмесін. Жоғарыдан әмір күтіп тұрмай-ақ, ауылда, ұлыста өз 
беттерімен қазақша жүргізе бастасын. «Орысшаны қолдан, қазақша деп 
әуре болма» дегендерді газетке жазып жіберсін. Жергілікті прокурорларға 
тапсырсын.  Мұғалімдер  мектептерінің  жоғарғы  сағаттарында  қазақ 
тілімен іс жүргізудің тәртібін үйренсін. Ел ішіндегі бос жүрген, рет біле-
тін азаматтар қазақша жазу білетін еті тірі жігіттердің басын құрап қазақ 
тілін жүзеге асыратын ұйымша (кружок) жасасын. Сол ұйымша қазақ тілін 
кеңседе  қалай  қолданудың  ретін  үйретсін.  Сол  ұйымша  өздерінен  кісі 
жіберіп ауылдық кеңестің жұмысын ретке салсын. Ауылдық кеңселерге 
көмек көрсетсін. Ондай ұйымшалар алғы ақыны шерт етіп отырмасын, 
көмектерін  тегін  көрсетсін.  Халықтың  басы  қосылған  орында  қазақ 
тілінің маңызын, тілін жүзеге шығаратын курстерге қолынан іс келетін 
таза жігіттерін жіберсін. Халықтың ұмтылуы, ел ынтасы деген осындай 
ретпен  табылады.  Істің  бәрін  жоғарыдан  күтіп  отырып  өзіне  берілген 
хұқықтардан пайдалана алмаған ел еш уақытта қатарға кірмейді.
Семейдің губерниялық обкомының жалпы мәжілісі: «Қазақ тілі осы 
жылы Қарқаралы уезінде жүргізілсін, басқа уездерге басқыштап кірсін» 
- деген сөздерді айтқан.
Алып отырған мағлұматтарға қарағанда губернияның Зайсан сияқты 
шетте жатқан уездерінде өз беттерімен қазақша іс жүргізуге кірісті дейді. 
Ондай Уездерді жасасын, көркейсін деп қуаныш білдіріп, басшыларына 
алғыс айтпай өте алмайды. Зайсан Уезі қазақ тілі жайында алғаш декрет 
шыққан 1921-жылдың өзінде-ақ істі қазақша жүргізуге кіріскен. Ыдырыс 

336
Мұстанбайұлы  барып  ол  ынталарына  көмек  көрсетіп,  нұсқалар  беріп 
қайтқан.
Губерния ол сияқты өз беттерімен қазақша іс жүргізгендерге қуанып 
отыр  еді.  Басқыштап  кірсін  дегенде  «халіміз  келмейді  ғой»  деген 
оймен айтқан, халық халдерінің келетінін көрсетіп істі жүргізе бастаса 
Губерния «жолың болсыннан» басқаны айтпайды, айтпауға тиіс. Семей 
губерниясының қай Уезі болса да қазақша жүргізуге іс бастаған сияқты. 
Енді кеңселерде жүрген азаматтар жан таласып істеулері керек. Кеңседе 
қолданатын  барлық  журнал,  қатынас  қағаз,  бұйрық-жарлық,  протокол, 
қаулы, хұкум, шақыру, есеп беру тағы-тағы өзге қағаздардың бәрін жақсы 
үлгі,  жатық  тілмен  қазақша  аударып  баспаханаға  көп  етіп  бастырып 
ұлыстарға,  милицияларға,  билерге,  тергеушілерге  тарату  керек.  Қазақ 
тілін жүзеге шығаруға нұсқаушы болған азаматтар өзін үлкен жауапты 
жұмыстың ауыр бейнетінің кірісі деп білуі керек. Басқа рахатын шетке 
лақтырып,  ең  әуелі  өзі  барлық  кеңсенің  ісімен  танысып  тілін  үйреніп, 
құралдарын  алуы  керек.  Сол  құралымен  уездік,  ұлыстық  кеңселерді 
түзетіп  үлгі  беруі  керек.  Жабайылықты,  бұйығылықты  тастау  керек. 
Езілген, тепкіленген, қорлық көрген, жабы болған, қайраты сынған, қам 
көңіл болып жүдеген, қазақ азаматтары! Сен бүгін тіріліп отырсың, сенің 
тілің  хүкімет  тілі  болып  отыр.  Сол  хүкіметтің  толық  хұқықты  нағыз 
мүшесі  болып  отырсың.  Сен  үлкен  тарихи  сынның  алдында  тұрсың. 
Қазақтың  келесі  буындарының  алдында  өздеріңе  қара  деген  таңба 
қалдырма!
Қазақ тілін жүзеге шығаруды түні бойы түсіңде көр, күні бойы ісіңде 
көр! Жасасын Кеңес хүкіметі! Жасасын құқықты қазақ тілі!
Мәннан Тұрғанбаев
С.Тәбәрікұлы Алаш арыстары. Қайран, Мәннан. Алматы: «Қағанат», 2002, 129-131 б.
Сезімі барға
Кеңселерде қазақ тілімен іс жүргізу керек деген сөзді көптен бері айтып 
келеміз. Қазақ еңбекшілеріне берілген құқықтардың орындалуына үлкен 
себеп қазақ тілінен іс жүргізудің жүзеге шығуында сөз жоқ. Мұны халық 
ұғынған болды. Үстіміздегі 1924 жылдың басынан бастап Қазақстандағы 
ыңғай қазақ ісін атқаратын кеңселерде жұмыс қазақша жүрмек. Әм деп 
те  жатыр.  Біз  газета  жүзінде  Уездік,  губерналық  атқару  комитеттерден 
қазақ тілін реттеп жүргізіп жатқаны жәйінде, әмсе есеп беруін сұрадық. 
Бұл сұрағымызға Зайсанның, Қарқаралы уездік атқару комитеттері ресми 
түрде  жауап  берді.  Мұны  уақытында  газетке  жазып  шығардық.  Кереку 
уезінен,  Семей  уезінен  бір  жарым  ауылдық  атқару  комитеттері  істеген 

337
жұмыстарынан есеп берді. Оны да газетке жазып шығардық. Семейдің 
уездік  атқару  комитетінің  атком  мүшесінің  мақаласына  жауап  ретінде 
бастырған мақаламда өздерінің қандай шара қолданып отырылғандығы 
айтылады.  Кереку  уездік  аткомы  төрағасының  газетіміздің  уәкіліне 
ауызша берген мағлұматында қазақша іс жүргізуге кіріскендігі көрінген. 
Өскемен, Бұқтырма уездерінің аткомдеріне де қазақ арасында жұмыстың 
қазақша  жүруіне  бөгет  болып  отырған  жоқ.  Соңғы  алып  отырған 
мәліметтеріміздің  бәрі  де  ендігі  бөгеттің  қызметкер  жоқтығынан,  ауыл 
аткомдерің қиқарлығынан болып тұрғанын көрсетеді. Жұмысқа ысылған 
ескі қызметкерлерден ел ішінде бос жүргені шұқыма сауда істеп жоқты 
ермек  етіп  істеп  жүргені  бар.  Оларды  қызметке  шақырсақ  та  келетін 
емес.  «Келмейді»  мағлұмат  алып  отырмыз.  «Қазақ  ішіндегі  ауылдық 
атқару  комитеті  қазақша  жазбайды,  хатшыны  орыстан  алады»  деген 
мағлұматтарды алып отырмыз.
Қорытылып  келгенде  істің  қазақша  жүруіне  еңбекші  қазақ  елінің 
құқы  жүзеге  шығуына  қазақтың  өзінен  шыққан  арамбездері  бөгет  бо-
латын көрінеді. Олар кімдер: анау көрсетілген қызмет қашқындары, анау 
көрсетілген  ауыл  аткомдарының  төрағалары.  Біз  бұл  сияқты  сұмдар-
дың  кеселімен  қазақ  тілінің  іске  асуы  тоқталып  қалады  деп  еш  уақыт-
та ойламаймыз. Жалғыз-ақ біраз уақыт көңілсіздік көрсетуімізге ішіміз 
пысады. Жә, енді бұл сұмырайлар турасында не істеуіміз керек? Әрине, 
бұл  еңбекшіл  қазақ  елі  ол  сияқты  сұмырайларға  сеніп  үлкен  мақсатқа 
ұмтылған жоқ. Бейнетқор басшыларына сеніп, қазақ ол сияқты сұмырай-
ларды біліп алып араларынан алыстап шығарып тастаулары керек.
Соңғы  тұқымының  (ұрпақтың)  алдында,  тарихтың  қара  тақтайында 
жазылулары керек. Міне, сол реттегі жұмысты орындау турасында пайда 
күзетіп (қуып), қалық қызметінен қашып жүрген қазақ жігіттерін уездік 
атқару комитеттері тізім жасап газета басқармаларына жіберулері керек.
Сол сияқты қызмет орындамаған, қиқарлық еткен, аутком басқарма-
ларында  тізім  жасап  газет  басшыларына  жіберілуі  керек.  Жалғыз-ақ 
айтатынымыз:  бұл  сияқты  тізім  ұшқары  жасалмасын.  Бәріне  айтылып, 
алдынан өтіп, жауаптары алынып, дәлелге жасалатын болсын.
Қысқасы,  қай  түрлі  қызметте  болса  да  қазақ  тілімен  іс  жүргізуге 
ашық қарсылығы дәлелмен айқындалған кісілердің (қазақтардың) тізімін 
басқару орнындағы басшылары ресми түрде газета басқармасына, газетке 
жіберіп тұру қажет деп табамыз.
Қызметте  жүріп  ол  сияқты  қарсылық  көрсеткендерге  өкімет  те 
жазаламай қалмас. Олай болса да, олардың тарих жүзінде қараланулары 
керек деп білеміз.
Мәннан Тұрғанбаев
С.Тәбәрікұлы Алаш арыстары. Қайран, Мәннан. Алматы: «Қағанат», 2002, 131-133 б.

338
ұлтшылдық
(«Абай» журналында жарық көрген Мәннанның мақаласы)
Қазіргі үстіміздегі заманда пікір көбейіп, түрлі партиялар туғызып, ол 
партиялар майданға түсіп жарысып-тыртысып отырғанын көріп отырмыз. 
Партиялардың  барлығының  көздеген  мақсаты  теріс  емес,  әрқайсысы 
өзінше  жоба  жасап,  іске  кірісіп  отыр.  Қай  партия  болсын,  «дүниені 
түзетеміз, шын адамшылық жолы – біздің тұтынған жолымыз» - дейді. 
Дүниедегі  кісінің  тұрмысын  жақсы  жолға  салу  туралы  бұрынғы 
ғалымдар көп ойланған, көп қызмет қылған. 
Ғайса  пайғамдар  тумастан  төрт  ғасыр  (ғасыр  –  жүз  жыл)  бұрынғы 
ғалымдардан Платон деген білімді кісінің тұрмысын бір түзу жолға салу 
туралы ойланып, түрлі ереже шығарған. «Адамның санасы адамдардың 
ойыншығы болды» - деген еді. Одан бері де Ғайса, Мұхаммед пайғам-
барлар  да  тұрмыс  туралы  жалпалық  жол  үйретіп,  жөн  сілтеген.  Біздің 
пайғамбардың адам баласын бір санайтындығына дәлел қылып, көрсе-
темін. Құран Кәрімдегі аяттар алғы кісіге арналып, «Палиа алнас!» (Ей, 
кісі) деп айтылған. Мысалы, «Еренғайып», деп бір қауымға арнап келген 
емес, Иран, Рома сияқты мәдени халықтардан талай білімділер шығып, 
жалпы  адам  баласының  қаліне  қайғырған,  кісінің  тұрмысын  түзетемін 
деп  зарлаған.  Осы  жалпының  қамын  ойлаушыларды  «кісішілдер» 
дейміз.  Кісішілердің  қыран  жолы,  өз  жұртының  жетіліп,  қатарға  кіріп, 
басқа  қауымдардың  табанына  түспеу  жағы.  Ол  адамдар  дүниедегі 
барлық  адам  баласы  үшін  қайғырмайды.  Өзінің  тар  ауданды  ел-жұрты 
үшін  қайғырады.  Міне,  мұндай  адамдарды  «ұлтшылдар»  деп  атаймыз. 
Кісішілердің  ұлтшылдарға  қарсы  айтатыны:  «Дүниені  ұлтшылдар 
бүлдіреді:  бір  ұлтты  екінші  ұлтқа  дұшпан  қылып  өсіреді.  Ұлтшылдар 
құрыса,  дүниедегі  жалпы  жұрт  бір  ауыл,  бір  бауыр  болып  кетер  еді,  - 
дейді. Ұлтшылдар айтады: «ұлтшылдықтың кісішілдікке ереуілдігі жоқ: 
әр  ұлт  тегіс  мәдениетті  болып  теңелсе,  кісішілдік  өзі  де  өркендейді, 
ұлшылдардың мақсаты басқа ұлттарға қастық ету емес, өз ұлтын қатарға 
қосу. Кісішілердің өзі де мәдени жұрттан шықпақ. Ұлтшылдық намысын 
білмеген жұрттан кісішілдік қайдан шықсын!» - дейді. Осы көрсетілген 
көрсетілген  екі  пікір  елдің  бірі,  біздің  қазақта  болса,  бұл  пікірлер  кіре 
бастаған  көрінеді.  Адам  баласында  «өзімшілдік»  деген  нәрсе  бар.  Бұл 
өзімшілдік кісінің табиғатына тәңірінің орнықтырып жаратқан нәрсесі. 
Кісі өзімшілдіктен құтылам дегенімен оңай құтылуы мүмкін емес. Әке 
мен бала суға бастаса, ортасында жалғыз тақтай болса, екеуі су бетінде 
сол тақтайға таласады. 
Теңіз  бетінде  адасып,  азықтары  таусылып,  аштан  өліп  бара  жатқан 
адамдар бірін-бірі пісіріп жейді, кісіде өзімшілдік қандай күшті екенін 

339
осы мысалдар көрсетеді. Дұрыс кісі де өзімшілдік күшті дедік. Дүниедегі 
кісінің  бәрі  алғы  өзімшіл  болса,  бас  пайдасынан  басқаны  ойламаса, 
бірігіп  жұрт  болып  жасау  мүмкін  емес  қой.  Олай  болса  өзімшілдіктен 
құтқарып, көпшіл қылатын нәрсе болуға тиіс. Ол бар нәрсе тәрбие деп 
білемін.  Тәрбиені  ғылымдар  мойындаған.  Тәрбиенің  жалпы  ережелері 
бар:  жақыннан  алысқа,  аздан  көпке,  оңайдан  қиынға,  жеңілден  ауырға 
қарай  бару  керек  деген.  Сол  сияқты  кісі  ең  әуелі  баға  беріп,  өзін 
сүйсін,  онан  соң  жаны  ашып  ағайын-туғанына  күйсін.  Онан  кейін  ел-
жұртын  сүйсін.  Ел  үшін  құрбан  болсын,  жанын  қисын.  Сонан  соң  бар 
адамды бауыр тұтып, пайдасы көпке тисін. Міне, әуелі өзін, онан кейін 
жақынын, онан Отанын, онан кейін бар адам баласын сүю боп табылу 
керек. Жақыннан, ұлтын сүймеген адам салғаннан барлық адамды жақсы 
көреді  дегенге  сенбеймін.  Енді  осы  айтылған  сөздеріміздің  жобасын 
ұстап Қазақ жұртына келейік. Қазақ жұрты бұл күнге шейін көпшілікке 
үйренбеген жұрт. Бұрынғы заманда ел қамын жеген ерлер көп шығып, 
көпшілік  мінездері  болса  да,  Россияға  қарағаннан  кейін  ол  мінезден 
айырылды.  Қазақ  баласын  оқытқанда,  біліп  шықса  мал  тауып  береді, 
төре болып, беделімді күшейтіп, биік болады, дұшпанымызды мұқатып 
кек  алып  береді  деген  ойда  болады.  Білім  алып  көпке  пайдасы  тисін 
деген  ой  хабарында  болмайды.  Жақындарына  мінерге  көлік,  сауарға 
сауын  берсе,  өзіне  қоғам,  күш  қылу  үшін  береді,  көмегі  тиген  адамын 
біржолата иемденіп алады. Не күшінен, не сөзінен, не еңбегінен пайда 
тимейтін  кісіге  (бірдемені  көздемей)  қайырылысқан  қазақ  болмайды. 
Газет, журнал ал, серіктікке жазыл десең әуелі өзіңнен тиетін пайдасы бар 
ма? – деп сұрайды. Жан пайдасын, көпшілік пайдасын ұғындырсаң, жұрт 
жұмылса көреміз. Я жазылған теріс емес, бәрі де жазылсын, пәленше неге 
алмайсың. Біз пәлендерден естірміз. Бір маған деп арналған нәрсе емес 
шығар деп аяқсыз қалдырады. Мұқтаждарға жәрдем, игілік жұмыс деген 
нәрселерге жүре қарайды. Шариғатқа мойындаймыз десе де, бұл күнге 
шейін шариғатты таңдап неке, талақ, сират, зекет сияқтыларды орнына 
келтіріп  отырған  жері  жоқ.  Жаумен  алыстан  күн  туса,  неше  есе  көп 
болып, жеңулерін анық біліп тұрса да, қолға түскендерін құтқармақ түгіл, 
тастай қашып, өздері жан сауға қылып тозып кетеді, осы айтылғандардың 
бәрі қазақтың бас пайдасын көп пайдасы үшін құрбан қылмайтындығын, 
ұлтын  анық  сүймейтіндігін,  сүйсе  де  жанын  қимайтындығын,  көп 
көгерсін демейтіндігін көрсетеді.
Қазақ  қатарға  кіріп  жұрт  болсын  деген  кісі  тәрбиенің  жолынан 
айрылмасқа керек, әуелі қазаққа өзінің кім екенін, адамшылық құқығын 
білдіруге,  онан  соң  Отанын  танытып,  жақсы  көргізуге,  сонан  соң 
дүниедегі  барлық  адам  баласы  бауыр  екенін  білдіріп,  көпшіл  адамды 
сүйгіш қылуға тырысу керек. Ұлтшылдық кісішілдікті айыра білмеген, 

340
бас  пайдасынан  иіп  іске  асырмаған,  мәдениеттен  жырақ  жатқан  қазақ 
секілді жұртты салғаннан көпшіл қылам демей, әуелі ұлтшыл қылу керек. 
Қысқасы:  ұлтшылдардың  мақсаты  әрбір  ұлттарға  мәдениет  кіргізіп, 
бақыт таңының атауына себепші болмақ. Мәдениет күшейген соң өздері-
ақ кісішілдік пікірін тауып алады. Ұлтшылдар әр жұртты шиеленістіріп, 
қырылыстыру, өз ұлты үшін басқаларды құрбан қылу деген ойдан жырақ. 
Ұлтшылдар іс жүзінде кісішілердің пікіріне қарсы келмейді, тұтынған 
жолдарын  жұртты  кісішілдікке  басқыштап  жеткізу  деп  ойлайды. 
Ұлтшылдар тәрбиенің ережесін көз алдынан кетірмейді. Үйрету секілді 
ғып қазақ арасына адамшылдық пікірін танытуға ұлтшылдардың ешбір 
қарсылығы  жоқ.  Бірақ  ұлтшыл  болу  қата,  адамшылыққа  ылайық  емес, 
ілгері басқыштағы жұрттардың терең пәлсапасын қазаққа қазір кіргіземін 
деушілерге қарсы болады. Жас балаға дүниедегі ләззат: нәрселердің бәрін 
дайындап,  жасап  қойған  дастарханнан  пайда  жоқ.  Ең  пайдалы  нәрсе  – 
анасының сүті.
Мәннан Тұрғанбаев
С.Тәбәрікұлы Алаш арыстары. Қайран, Мәннан. Алматы: «Қағанат», 2002, 56-59 б. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет