Міржақып
Дулатұлы -
қазақтың аса көрнекті
ағартушысы, қоғам
қайраткері, ақын, жазушы,
жалынды көсемсөз шебері,
либералды-демократияшыл
зиялылардың бірі.
Өмірбаяны:
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай
облысы,Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында,қазіргі
Торгай облысының Жанкелдин ауданында, «Қызбел»
совхозының жерінде туған.
Әкесі Дулат әжептеуір ескіше оқыған,өз дәулеті өзіне
жетерліктей дөңгелек қана шаруасы бар тауфихты адам болса
керек.Балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша,сонсоң
орысша оқытып,заң қызметіне бейімдеп үлгірген Дулат кіші
баласы Міржақыпты да сол дәстүрмен әлдегенде ауыл
молдасына береді.
“Бақытсыз Жамал” романы
Халық тағдыры М. Дулатұлының прозалық
шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы
оның «Бақытсыз Жамал» атты романы жарық
көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық
жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ
әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды.
«Бақытсыз Жамал» қазақ әдебиетінде көркем
прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді.
Қазақ халқының рухани өмірінде дәл
сол, 1909 жылы Санкт-Петербургте
Кәкітай бастырып шығарған Абай
өлеңдерінің жинағы, Крылов
шығармаларынан аударылып
басылған АБайтұрсыновтың «Қырық
мысалымен» қатар, «Оян, қазақтың»
да маңызы ерекше болды. Сондықтан
алдыңғы екеуі сияқты «Оян, қазақ» та
қолдан қолға, ауыздан ауызға тарап,
шамалы уақыт ішінде ақынның атақ-
даңқын алты Алашқа әйгілі етті.
1920 жылы Міржақып Ташкентке
келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде
қызмет атқарады. 1922 жылы
жазықсыз қамауға алынады.
Түрмеден шыққан соң, 1922-1926
жылы Орынбордағы ағарту
институтында оқытушы болады.
1928 жылдың аяғында бip топ қазақ
зиялыларымен бipre қамауға
алынады да, он жылға сотталып,
1935 жылы тұтқында қайтыс
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |