Алаш көсемсөЗІ: тіл мәселесі көптомдық 2 том Қайрат сақ



Pdf көрінісі
бет37/38
Дата30.01.2017
өлшемі1,66 Mb.
#3031
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

Көркем аударма туралы
Алдымыздағы  май  айында  болғалы  отырған  мәдениет  съезінің  бір 
талқылайтын  мәселесі  тіл  туралы.  Октябрь  төңкерісі  аясында  өркен-
деуіне  кең  жол  ашылған  тіліміз,  аз  жылда  көп  олжа  тапты.  Соның  бір 
пұтағы басқа тілдерден кітаптар аудару сол аудармалардың ішінде көркем 
әдебиетте бар. Аударма деген ат бізде жаңалық емес. Төңкерістен бұрын 

378
да араб, парсы, орыс тіддерінен аударғандар аз болмаған. Бірақ төңкеріс-
тен бергі аударған заттардың сан жағы да, сапа жағы да бұрынғыдан басқа. 
Өйткені әр тап өзі үстем боп тұрғанда, өзіне лайықты ғана шығарманы 
аударды. Тап тілегіне келмейтін шығармаға сараң болады.
Бұл  таптық  астар  аударманың  темасында  да,  әдісінде  де,  тілі  мен 
стилінде  де,  аңғарылады.  Діншілер  араб-парсыдан  қазақ  тіліне  дін 
кітаптары  мен  «Қу  бас»,  «Жұм  жұма»  сияқты  қисаларды  аударған. 
«Жұм  жұма»  өлеңі  қазақ  арасында  Исламның  күшеюіне  көмек  еткен. 
Абайдың  Некрасовты  аудармай  Пушкин  мен  Лермонтовты  аударуы, 
«Қазақ»  газетінің  Горькийді  аудармай  Чехов  пен  Толстойды  аударуы. 
Байтұрсынұылының  Некрасовты,  Салтыковты,  Горькийді,  аудармай, 
Крыловты,  Пушкинді,  Лермонтовты,  аударуы  да  осындай  таптық  көз-
қарастан туған. Қазақтың ақсақал, бай табы орыстың феодал мен байлар 
табының  жазушыларын  сүйсініп  оқыса,  пролетариат  пен  еңбекші 
қара  шаруалар  Горкий  сияқты  пролетариат  жазушыларын  сүйсініп 
оқиды, қазақ тіліне солардың көп аударылуын тілек етеді. Некрасовтың 
«Солдаттың анасын», «Темір жолын», Пушкиннің «Жебірайыл Намасын» 
ұлтшыл  ақындар  аударған  жоқ.  Ілияс  аударды.  Бұл  мысалдардан  аттап 
аудармаққа  өз  қарабылынан  қарап  аударатынын  жаңа  аударма  темасын 
тандап алудың – таптық астары барлығын көреміз.
Мұнан  пролетариат  қажат  таптың  көркем  әдебиеттегі  классиктерін 
аудару  керек  емес  деген  сөз  тумайды,  тек  пролетариат  аударманы  өз 
қарауынан сұрыптап пайдаланды деген шығады. Шекспир, Гете, Пушкин, 
Толстой, Тургенев, Салтыков, Чехов, Фердауси сияқты ұлы классиктерді 
тек  пролетариат  қана  дұрыс  бағалап,  дұрыс  түсініп,  дұрыс  құрметтей 
алады. Абайға пролетариат қана мәңгілік ескерткіштер жасап отыр.
Аударманың темасы сияқты әдісінің де таптық астары бар, кейде табы 
жат аудармашылар түбірді жалған түске де бояды.
«Надо  пропитать  комсомольцев  духом  коммунизма»  деген  Ленин 
сөзін  Әлиханның  «комсомолдарды  коммунистік  иіспен  сасыту  керек» 
деп аударуы түбірді пролетариатқа жат тап адамның жалған түске бояуы 
болады.
Маркс пен Энгельс «Коммунистік монефесте» коммунистік төңкеріс 
болатынын  айта  келіп:  «Die  proletarler  haben  nic  htsin  ihir  zu  verlie  ren 
al  side  ket  ten»  деген  жерін  Басанов  басқарған  аудармада  «Пролетарии 
могут потерять в ней только свои цени» деген де, Адоратскии басқарған 
аудармада: «Пролетариями нечего терять в ней кроме своих ценей» деген. 
Соңғы аудармада қатты сенім, төңкерістік аттаныс ұраны зыңылдайды да 
алдыңғы аударма ол ойды солғындау елестетеді.
Бұл мысалдарға қарағанда түбірді түрлі-жаға созбайға салып аударуға 
да, түбірге қолдан келгенше сәйкестіріп аударуға да болатынын көреміз. 

379
Бұл  негізгі  мәселе  туралы  біз  бұл  жерде  Ж.Әзімбайдың:  «Жазушының 
стилін  мүмкінше  бұзбай  дәл  аудару  керек»  деген  ойына  қосыламыз. 
Оның мақаласындағы басқа кейбір ойларына қосыла алмаймыз.
Төңкерістен бері аударма көбейіп те, сапасы артып та келеді. Талай 
жақсы  аудармаларымыз  бар.  Өйтпесе  де  аудармамыз  әлі  дәлдікке  жете 
алмай келеді. Ондай кемшіліктің бірнеше түрін байқаймыз.
Оның бір түрі жоғарғы көрсетілген Міржақыптың аудармасы сияқты 
түбірге тікелей қиянат қылып, түбірді өз табының қарабылынан өзгерту. 
Мұндай  бағытқа  кезінде  соққы  берілген  соң  бұл  күнде  байқалмайтын 
сияқты. Бірақ аудармашылардың кейбірі көзге түспей, кейде қателіктер 
кетеді. Түбірді еркін аударудың екінші түрі – түбірге аудармашы өзінен 
қосып, кемітуі, өңдеуі. «Шақнама» осы сияқты аударылған көрінеді. Енді 
кейбір аудармалар – түбірді өздерінше әдемілеп, олпы-солпысын алған 
болады.  Түбірдің  сөйлемдерін  кескілейді,  ұзын  сөйлемін  қысқартады, 
қысқасын  ұзартады.  Сонан  соң,  түбірдің  кемшілігін  жойып  қазақша 
ұлшындырып  түсіндірдім  деп  тынышталады.  Сондай  аудармалар 
Гогольдің  «Өлі  жандар»,  Тургеневтің  «Аталар  мен  Балалары»,  Гоголь 
«Өлі  жандарын»  былай  бастайды:  «Ворота  гостиницы  губернского 
города выехала доволно красивая рессорная не большая бричка, в какой 
ездят холостяки; отставные подполковники, также капитаны помищики 
имиющие около сотни душ крестьян словом, все те, которых называют 
господами средней руку».
Оны қазақша былай аударған: «Н» қаласы губернелік қала еді. Осы 
қаладағы  үлкен  мейманхананың  қақпасы  да  жеп-жеңілтек,  әп-әдемі 
солқылдақ арба мінген бір жолаушы келіп кірді. Жұрттан иығы аспаса 
да,  бірер  жаз  қара  шаруаны  билеп,  кеуде  буындарына  қосылатын  бір 
мырзалар  болады.  Әлгі  кірген  арбаның  сыры  көршісіне  қарағанда 
сондай мырзалардың қатарына қосылатын қызмет жақыннан азандыққа 
айналған салт басты бойдақ полковник штап капитан алпауыттардың бірі 
мініп жүретін арба дерлік еді. Бұл аударма сөзінің жартысы артық оны 
астынан сызып көрсеттік, бір қатары түбірі де жоқ /үлкен, жеп-жеңілтек 
т.т./, бір қатары қазақ тіліне салақ қараудан артық кеткен/ «Салт басты», 
«Бойдақ екені бір сөз»/.
Аудармаларда әуелі «бір жолаушы келіп кірді» деп соңғы сөйлемде 
«Әлгі кірген арбаны» дейді. Бірін-бірі қайсы. Сөйтіп Гогольдің 484 мыңда 
таңбалы 1-томы қазақша 585 мыңдай таңба болып шыққан. Гоголь орыс 
тілінің негізін қалаушылардың бірі. Гоголь тілінің жекеше қасиеті оның 
орамды сөйлемдерінде. Аударма Гогольдің стилін түсінбей, тек Гогольді 
түсінікті қылам деп түбір тілінің қасиетін жойып жіберген.
Аударушы онымен де місе тұтпай, Гогольдің жұрттан озған жорға атын 
онан да бетер безендірем деп өз жанынан артық эпитет, артық метафора, 

380
артық троптар қоса берген. Аударма бетіне орынсыз опа далапты жақ-
қызған  да  алған.  Біздің  ұсынысымыз  көркем  әдебиетті,  классиктерді 
тартқылап, әдемілеу, тілін безендіру аудармашының қолынан келмейді. 
Классиктерді бұзбай қолдан келгенше стилі мен мағынасын бұзбай дәл 
аударалық.
Түбірді  бұзып  аударудың  тағы  бір  түрі  түбірдің  тілі  мен  идеясын 
дұрыс  түсінбегеннен  туатын  сияқты.  Орыс  сөзінің  орайына  түсінбей, 
мұндай аудармашылар өзі түсінбеген жерін шамамен аударып жібереді, 
түбір «бас» десе бұлар «қүлақ» деп қояды. Мысал алсақ «Өлі жандардың» 
VII  –  бөлімінің  басында  Гоголь  бойына  біткен  шабытын  пәрменінше 
жіберіп, ақындықтың тиегін ағытқанын кім білмейді? Бұл жерде Гоголь 
орғытып,  ойқастап  өз  ақындығына  да  көз  салып,  әр  шығармаларына 
сын бергенін кім білмейді? Ақындықты ағызып келе жатып Гоголь: «И 
долго еще суждено мне гудной властью идти об руку с мойми странными 
героями  озирять  всю  громаднонесущуюся  жизнь,  озирать  ее  сквозь 
видный миру смех и незримые, неведомые ему слезы» дегенін, осы соңғы 
сөздері Гогольдің белгісінің үстіне ойып жазылғанын кім білмейді. Мұны 
қазақша бұлай аударыпты: «Жүгі ауыр тағдыр маған үкім еткен керемет 
бір  күштің  жетегіне  еріп  әңгімедегі  жат  қаһармандармен  қол  ұстап 
отырып әлде талай жерді жармалақпын», «Странные герой қалай», «Жат 
қаһармандар» болады? «Күлкімді көзілдірік етіп» қалай болады? Сонан 
соң  іле  шала  Гогольдің:  «И  далеко  еще  то  время,  когда  иным  ключом 
грозная вьхога вдохновления подымится» дегені «Өзгеше кілтпен шабыт 
сандығының аузы ашылып...» - деп аударылған «ключ» – қайнар, бұлақ 
емес пе, ол қалай кілт бола қалды? Орыс тіліне ақын сөзі мен идеясына 
түсінбеу осы болады тағы. 
Түбірді  қиқалап,  бүзып,  аударудың  тағы  бір  түрі  мен  себебі  –
түбірде көрсетілген елдің ия таптық әдеп-ғұрпына, мәтел-мақалдарына, 
тұрмысына түсінбеуден болатын көрінеді.
Бұған  да  бір  мысал  келтірелік:  Тургеннев  «Аталар  мен  балалары» 
деген атақты романында «Кирсонов» деген қаһарманның атасын: «всю 
жизнь свого тянуть – лямку» деп таныстырады. Мұны қазақша: «Өмір 
бойынша кеудесін қайыспен шандып өтті» деп аударған «Лямка» Еуропа 
халықтарының мойнына киіп кеме сүйрейтін қамыты. Орыстың «Тянуть 
лямку» деген мақалы қазақша арқасынан ер кетпеу, көні ағармау, ауыр 
жұмыста күн өткізу деген мағынада келеді. «Кеудесін қайыспен шанду» 
қазақша «Балдыр батпақ» мағынасыз сез. Сол романда Кирсоновтьщ ұлы 
шешесі: «допускала детей утром к ручке» деген жері: «Баланы таңертең 
ағып  жатқан  өзенге  шығарды»  деп  аударылған.  Орыс  ақсүйектерінің 
әйелдері  таңертең  балаларына  қолын  сүйдіретін  әдеті  болған,  сонда 
«допускать к ручке» дейтін бұл қалай «ағып жатқан өзен» болмақшы?

381
Аударушы  әуелі  орыстың  тілін  білмейді,  екінші  әдетін  білмейді, 
үшінші Тургеневке орыс тілін үйретер болып: «ручка» -ны «ручка» -ға 
айналдырады. Тургеневтің: «Оно не могла привыкнуть к глухой столи-
цой жизни» дегенін қазақша «Ол астананың у-шу өміріне үйрене алғанда 
жоқ еді» болып шыққан.
Қиыр  түкпірден  келген  әйелге  Петров  «глухая  столица»  екенін 
Тургеневтің  қырағы  көзі  шалған.  Өйткені,  үйден  келген  әйелге  бағып 
отырған тауығы, сауған сауыны, шомылып жатқан өзені, салып жатқан 
егіні у-шу малы жоқ астана қамау сияқты көрінген. Оны біздің аударушы 
сезбейді,  Тургеневтің  «Миловидная  девицасы»,  «мұнайым  қыз»-ға 
айналған. Орыстың «Она принадлежала к числу матушак командирша» 
деген мақалы: «Әйел кәмәндірдің санатына жатады» сияқты мағынасыз 
сөз  тізбегіне  айналған.  Мұның  бәрі  түбірге  аударушы  өз  жұмысына 
жауапты  қарамай,  түбір  тілін,  идеясын  ондағы  елдің  мінез-құлық, 
әдеттерін  жақсы  білмей  аударғаны  аңғарылады.  Орыстың  «матушка 
комавдирша» деген Пушкин кезінен әдебиетіне сіңген мәтел сөзі. 
Ондай әйелдің байы бұрын шетте қызмет қылып, бірақ жұмыспен ісі 
болмаған. Үйдің де, түздің де, қызметтің де бөлігі әйелдің қолында болған. 
Сол әйел «матушка командирша» атағын алған. Қазақша «Би» шешейге 
жақындайды. Пушкиннің «Капитан қызының» шешесі де осындай – би 
шешей. Кирсоновтың шешесі де осындай би командирше. Енді бір жаман 
әдет  –  кісі  аттарын  қазақшалау  «Өлі  жандардағы»  Чеховтың  Окуркова 
«Қалдық қызы» болып аударылған. Бұл әдетті тастау керек.
Бізде  тағы  бір  әдет  түбірдің  өзінен  аудармай,  аудармадан  аудару. 
Аудармадан  аударуымыз  –  түбірдің  бел  баласы  емес,  «Құдының 
құдысы»,  «Құнан  қойдың  сорпасы»  болып  шығады.  Сөйтіп,  көпшілік 
Шекспирдің,  Гетенің  шығармаларының  тұнығын  сүзіп  іше  алмайды. 
Бұл  туралы  «Әдебиет  газетінің»  6-нөмірінде  оймызды  толығырақ 
жазғанбыз. Сондықтан бұл жерге оны көп сөз қылмай, тек әр шығарма 
мүмкін болғанша түбірдің өзінен аударылсын деп ұсынамыз. Оның үшін 
аударушылар  шет  тілдерді  үйренсін.  Аударушыларға  арналып  шет  тіл 
курстары  ашылсын.  Енді  бір  мәселе  –  өлеңдегі  аудару  туралы.  Өлеңді 
аудару қара сөзді аударудан да қиынырақ. Өлеңнің идея – мағынасымен 
қатар  ырғағы  да,  ұйқасы  да,  мөлшерін  де  сақтап  аудару  керек.  Бүл 
күнге  шейін  Еуропаның  қандай  өлеңі  болса  да  ақындарының  көбінесе 
қазақтың төрт жолдағы 12 буынды қара өлең мелшерімен ия 8 буынды 
жыр мөлшерімен аударып келеді. Бізше бұл дұрыс емес. Лермонтовтың 
«Демон» деген поэмасын Абай да, Сәкен де, тағы біраз ақындарымыз 12 
буынды төрт жолды қазақ мөлшерімен аударған. Аудармалары жүзіктің 
көзінен өтетін сұлу бола берсін, бірақ әдістері дұрыс емес деп ойлаймыз.
«Демон»,  «Евгений  Онегин»,  «Пауст»  сияқты  поэмалары  ұлы  ком-

382
позитор музыкаға салып, операға айналдырған. Опера түбір тілде сақынаға 
қойылса да, аудармасы қойылса да сол күйлермен сол әндермен айтылады. 
Ол  күйлер  біздің  12  буынымызға  келмейді.  Біздің  аудармаларымыз 
сақынада қойуға жарамайды, Жылда дүние астаналарының сақынасында 
қойылатын операға айналған поэмаларды аударғанда біздің сақынамызда 
да сол күй сол әндермен қойылатын етіп аударымыз керек. 
Көркем  аударма  түбірді  дәл  аударып  шығарма  құрылысының, 
стилінің, тілінің ерекшелігін сақтау керек. Бірақ дәл дегендей құр сөзбе 
сөз аудара салу деп түсінбеу керек. Дәл аудару деп түбірдің мағынасын 
бұзбай дәл түсіндірудің үстіне оның ырғағын, сөзінің оралымын, тілінің 
өзгешелігін,  оқушыға  беретін  әсерін,  ойының  құйқылжуын  келтіріп 
аударуды  түсінуіміз  керек.  Қазақ  сөйлемі  құрылысының  өзгешеліктері 
бар. Сондықтан түбірдегі сөйлемдер сөзінің орнын қазақша алмастыру 
керек. Түбірдегі өткір сықақ, келемеж, тапқыр қуақы сөздердің құрышын 
келтіріп аудару керек. Бірақ дәкір қалжыңбасқа айналдыру керек емес. 
Кейде  ондай  жерлердің  түлеуіне  қазақ  тіліндегі  сықақ,  күлкі,  қуақы 
сөздерді  салып  жіберуі  де  мүмкін.  Өйткені  түбір  қазақ  тілінде  емес, 
басқа тілде жазылғанын естен шығармау керек. Сондықтан түбірді қазақ 
тілінде жазса, жазушы осындай сөздерді ұстаушы еді деп ойлау қате.
Түбір  әрі  қазақ  тілінде  емес  басқа  тілде  жазылғанын  оқушы  сезер-
ліктей қылып аудару, әрі түбірдің мағынасы мен стилін, тілін дәл аудару-
аудармадағы диалектілік қайшылықтың бірлігі болады.
Бұл қиыншылықты жеңу үшін, тіліміздің сөзі мен терминдер жетіл-
ген  болу  керек.  Не  дегенмен,  тіліміз  сөз  бен  терминге  төңкерістен  соң 
көп байып қалды. Сол байлықты еңбекші көпшілік төл мал қылып кетті. 
Мұнан  былайда  тіліміз  жетіле  бермек,  байый  түспек.  «Қалауын  тапса 
қар  жинады»  толық  пайдаланса  осы  күнгі  тілімізбен  де  сүп-сүйкімді 
аудармалар  жазуға  болады.  Бұларды  кейбір  тәуір  аудармаларымыз 
көрсетіп отыр.
Аударушы түбірдің де, аудармасын да тілдерін жете білу керек. Оның 
үстіне  екі  тілді  сөздердің,  лебіздердің  бір-біріне  сәйкестігін  де  білу 
керек. Бұл да жеткіліксіз, екі елдің де, шығармадағы таптардың да мінез, 
әдеттерін  жақсы  білу  керек.  Міне,  осыларды  білудің  үстіне  аударушы 
түбірді бастан айақ оқып алып идеясына, стиліне сөздеріне жақсы түсініп 
алу керек. Сонан соң барып аударуға кірісу керек.
Аудармада  қойылатын  тағы  бір  талап  –  стилін,  мүмкінше  сөйлем 
өзгешеліктерін  сақтап  аудару.  Сол  бағыт  бас  ақыңдардың  аударма-
ларында  сезіледі.  Мұны  баста  аударуымыз  да,  қолдануымыз  да  дұрыс. 
Түбір  жазып  отырған  жерінің  мағынасына,  мақсатына  қарай  стилін 
бірде екпіндетіп, бірде тежеп, бірде құйқылжытып, бірде солқындатып 
отырады.

383
Аударма  осы  құбылыстарды  сезіп,  сақтап  отыруы  керек.  Мәселен, 
Гоголь сесіj kopbn жолда келе жатып ойға шомған жерін, ұзын тізбектен 
көшкен  елдей,  шумақтармен  жазады.  Қаһарманның  сипатын,  мінез-
құлқын,  ішек-сілең  қатарлық  ойнақы,  қуақы  тілмен  жазады.  VI  жаңа 
соңғы бөліміндегі ақынның орыс жері орыс елі, тройка туралы ойларын 
«Бірде  шығар  шарыққа,  бірде  сарқып  тұнжия»  зымыратып  береді.  Бұл 
жерлердің 
Қ.Құлманов Телжан Шонанұлы, Астана: «ҚЭКО» ЖШС, 2008, 147-153 б.
Пушкин шығармаларының аудармасы туралы
Пушкин қазақ тіліне шет пұшпақтап аударыла бастағалы 50 жылдай 
болды. Сонан бергі аудармаларды толық қамтуға бір мақала жеткіліксіз. 
Сондықтан,  біз  амалсыз  иінді  ғана  жалпы  шолып  өтпекпіз.  Орыс  пен 
батыс Европа әдебиетінің құнарлы бұлағынан емін-еркін тұна ішіп, тәрбие 
алған  Алтынсаринді  қоя  тұрсақ  та  ХІХ  ғасырдың  соңғы  жартысында 
туған қазақ ақындарының бірқатары Пушкиннің шығармаларымен таныс 
сияқты. 
«Орыста Гогол менен Пушкин өткен,
Сөздері кейінгіге өлмей жеткен.
Соңғылар әрбір сөзін пайдаланып,
 
  Жайылып  жер  жүзіне  даңқы  кеткен»  -  дейді  Құбәкір  ақын. 
Бірақ,  Құбәкірдің  Пушкинді  аударған  –  аудармағаны  бізге  таныс. 
1884  жылдардан  бастап  Пушкинді  Абай  аудара  бастаған  көрінеді. 
Сонан  бері  Пушкин  шығармаларының  аудармасын  қарастырсақ,  қазақ 
аудармаларының шарты, қазір ішіндегі жүрген жолы мен асқан белдерін 
көзге  анық  елестететін  сияқты.  Пушкин  аудармасы  әдіс  жағынан  да 
тема жағынан да басынан үш дәуірді өткізді деуге болады. Бұл дәуірлер 
қоғамдық  тұрмысымыздағы  жалпы  аударма  тарихымен,  аудармаға  көз 
қарастың өзгерісімен байланысты.
Алғашқы дәуір – Абай, Шәкәрімдер аудармаларының дәуірі. Жалпы 
айтқандае, бұл дәуірде Пушкин бұрынғы қисалар сарынымен аударылған. 
Бұрын  ертегілер  мен  қисалардың  тек  ұзын  ырғағы  алынып  қана 
қазақ  тіліне  аударылған,  түбірдің  стилі,  композициясы,  тіл  ерекшелігі 
кейіпкерлер  жыға  тануға  келмейтін,  түбірдің  тек  жалпы  сүрлеуі  ғана 
қалатын.  Абай  мен  Шәкәрім  Пушкинді  де  осылай  аударған.  Пушкинге 
қиса аударудың әдісін өте-мөте көбірек қолданған Шәкәрім. Қара сөзбен 
жазылған  «Добровскийді»  өлеңмен  аударғанның  өзі  осыны  көрсетіп 
тұр. «Добровский Пушкин! Несколько лет тому назад в одном из своих 
Кизшла Петрович Троскунов» деп бастаса, Шәкәрім: 

384
«Жер айналмай тұрмайды дүние жай
Келер кетер адамзат із қалдырмай.
Қол кеткен көп заманның бір кезінде
Болыпты Троскунов деген бір бай»,-
деп қолтума пәлсапасын араластыра аударады. Осы 4 жол өлең ішінде тек 
Торайғыров /оның да аты өзгерілген/ деген жалғыз-ақ сөз Пушкиндікі. 
Оның үстіне:
 
 
«Жоқ өлме-жаным тірі өлеңімде,
 
 
Жаңғырат қуармайды денем гүлде» /аударма Қалидікі/ 
деп  отырған,  кеңес  тұсында  жаңғырып  отырған  Пушкиннің  Шәкәрім 
«Келер  кетер  адамзат  із  қалдырмай»  деген  молдалар  пәлсапасын 
салып,  қиянат  жасайды.  Сонымен  ақырында  Шәкәрім  аудармасынан 
ия Пушкинді тануға ия бір дәуірдегі орыс тұрмысының суретін көруге, 
ия  Шәкәрім  Пушкиннің  мына  жерін  аударып  отыр  деп  салыстыруға 
да  болмайды.  Шәкәрім  бұрынғы  ертегілерді  өлеңмен  аудару  әдісінің 
шеңберінен шықпаған да, шығуды ойламаған.
Абай  аудармаларында  ерекше  бір  жаңалық  сезіледі.  Ол  жаңалық 
Абайдан бұрынғы аудармаларымыз тарихында болған жоқ-ты. Жаңалық 
дегеніміз – Пушкиннің өз ырғағын қазақ поэзиясында бұрын болмаған 
түрді сақтап аударуы. Абайдың бұл бағытты әсіресе Татьяна мен Онегин 
хаттарынан көрініп тұр. Біздің ойымызша, Татьянаның «Алғашқы хаты», 
Онегиннің «Соңғы хаты», «Татьянаның соңғы сөзі», «Е.О.» операсындағы 
әндерге салуға келіп қалады. Дегенмен Абай аудармасы қандай көркем, 
қандай  сұлу  десекте,  ұстаған  әдісінің  ішкі  мазмұны  бұрынғы  аудару 
жолынан тым жырақ ете алмаған.
Қ.Құлманов Телжан Шонанұлы, Астана: «ҚЭКО» ЖШС, 2008, 159-161 б. 
Емле кемшілігін жою туралы
1.  Бір  бөлімдегі  тәуір  бала  мен  нашар  баланың  арасындағы  айыр-
машылық аспан мен жердей болып отыр. Мұнан тәуір бала ілгері жүре 
алмайды. Нашар баладан бәрібір пайда жоқ, ол тек бөлімнің арасында 
тізім болады да отырады.
Сондықтан өте нашар баланы бөліп, өзінің мардамы жететін бөлмеде 
ұстау керек. Сол бөлменің дүрмегіне ілесе алатын нашар балада айрық-
ша  арнаулы  көмек  ұйымдастыру  керек.  Көмек  түрі  –  нашар  балаға 
сабақ  үстінде  айырықша  зейін  салу,  кітап,  құрал,  қағаз,  қарындашы 
мен қамсыздандыру, жетісіне екі-үш рет бөлек оқыту, жәрдем беру, ата-
аналарын шақырып алып, түсіндіру т.т.

385
2.  Бірінші,  екінші  бөлімдерде  балалар  сөзді,  буынды,  дыбыстарды 
тастап  кетуінің  басты  себебі  –  сөз,  буын,  дыбыстарды  дұрыс  жітей 
алмаудан, оқытушының диктант әдісін білмеуден.
3. Жазғанда сөзді, буынды, дыбыстарды тастап кетумен күресу үшін 
1,  2  –  бөлімдерде  балаларды  көшіріп  жазуға  көп  дағдыландыру  керек. 
Көшіріп  жазуды  оқушылар  көбінесе  емле  кемшілігін  жоюда  жәрдемші 
ету керек.
Үйге көшіруге берген жұмысты да оқытушы түзеп, бақылап, сынап 
отыруы керек. Үйге көшіруге берілетін текст өте кішкене болуы керек. 
Көшіргенде  бала  емленің  керекті  жерлерінің  астын  қызыл  иә  көк 
қарындашпен сызып отырсын.
4.  Емледе  жаттықтыру  үшін  диктант  жүру  керек.  Диктанттың  екі 
үлкен айырығы бар:
Сақтандыру және сынау – тексеру диктанты. Сақтандыру диктанты 
үш түрлі – көру, есту, шығарма жазу.
5. Емлені дұрыс білу үшін оны грамматикамен тілдің басқа жұмыс-
тарымен  байланыстыра  отыру  керек,  жазған  сөздерін  бала  грамматика 
жағынан талдап отырсын.
6.  Тыныс  белгілері,  бір  жағынан,  сөйлем  мүшесінің  ережелерімен 
байланысты  болса,  екінші  жағынан,  баланың  дұрыс  ырғағына  келтіріп 
сөйлеуі  және  оқуымен  де  байланысты.  Сөйтіп,  тыныс  қателерінің  бір 
ұшы  оқуға  келіп  тіреледі,  оқу  үстінде  де  тыныс  белгілерін  түсіндіре 
отыруы керек.
7.  Мектепте  баланың  білімін  сынаудың  бір  жолы  –  жазған  жұ-
мыстарындағы  қателерін  түзету.  Қате  түзетудің  түрлі  жолдары  бар.  Әр 
түрлі жұмыстың қатесін әр түрлі жолмен түзету керек.
8.  Қолы  жаман  баланың  қатесі  де  көп  болатынын  экспедиция  жұ-
мысы  көрсетіп  отыр.  Сондықтан  баланың  анық,  әдемі  жазуына  күнде 
зейін салып отыру керек.
9. Емле жөнді жүрмеуіне себептің бірі – мектепте құрал кемістігі кезде 
«Әліппе», «Емле кестесі», «Тыныс белгілерінің кестесі» жоқ. 
10. Басқа пәндер сабағы сияқты, емле сабағы да үш түрі болады:
а) жаңа білім беру;
ә) білімді сіңіру;
б) білімді тексеру – сынау.
Бұл үш түрдің бірі қалып қойса, емле сабағы дұрыс жүрмеген болады.
А. Жаңа білім беру желісі мынадай болады:
1. Бұрынғылармен байланыстыру (жаңа біліммен сабақтас бұрынғы 
білімдерін келте қайтару).
2.  Балаларға  жаңа  ілімнің  мақсатын  түсіндіру.  Мысалы,  «Бүгін  қос 
сөздер жағын үйренеміз» деген сияқты.

386
3. Жаңа білім беру: кітапта иә тақтада жазулы текстен керек құбылысты 
бақылап, оқытушының жетегімен көзін үйрету, салыстыру.
4. Оқытушы жетегімен қорыту шығару.
5. Қорытуды жазып алу.
6. Балалар өз бетімен жұмыс істеп, бұл білімді сіңіру.
а) ұсақ мысалдар ойлап табу;
б) сол ережеге ылайықты сөздерден кесте жасау.
с) кітаптан мысалдар іздеп табу;
ж) оқу құралдарында берілген жұмысты орындау.
7. Балалардың з бетімен істеген жұмыстарын тексеріп сынау.
8. Үйге жұмыс тапсыру.
9. Істеген жұмысын шолу (біз не істедік).
В. Емленің жаңа ережесін сіңіру сабағының желісі мынау:
1. Өткен сабақпен байланыстыру (өткен сабақта не білдік).
2. Мақсат қою (бәлендей ережені сіңіру).
3. Көрсету диктанты (жаңа, дұрыс жазылған үлгілерді байқату).
4. Керек сөздер кестесін жасау.
5. Мысал ойлап тауып, оны жазу.
6. Емле сөздігіне керек сөздерді жазып алу.
7. Үйге ықшамдап жұмыс беру.
Екінші  сабақта  да  жаңа  ереже  өзі  реттеп  сіңіріледі.  Оның  үстіне 
көшіру,  текстті  оқу,  түсіндіру,  білім  сынау,  тексеру  және  үйге  жұмыс 
тапсырулар болады.
Үшінші сабақта өткенді қайталап, тақтаға керек сөздерді жаздырып, 
сабақ мақсатын түсіндіреді. Оның үстіне мынадай жұмыстар қосылады:
1. Оқытушы тұрғысынан керек тексті оқу.
2. Оған сұрау қойылады (балалардың түсінігін байқау үшін).
3. Текстен соң бөлек сөйлемдер оқылады.
4. Грамматика жағынан талдау болып, тақтаға жазылған сөздер емлесі 
түсіндіріледі.
5. Жазады.
6. Жазғанды тексеру, сынау.
7. Үйге жұмыс тапсыру.
Төртінші  сабақта  шығарма,  диктант  істеліп,  керек  сөздерді  иә 
әріптерді балалардың өздері тауып жазады.
Балалардың қателері түзеледі, тексеріледі, сыналады.
Бесінші сабақта тексеру жұмысы жүргізіледі.
Алтыншы  сабақта  балаларға  жіберілген  қателер  жайында  қосымша 
сұрақ болады. Міне, сөйтіп, бір ереже балалардың миына әбден сіңген 
соң, келесі ережеге көшу керек.
11. Балалар жақсы сауатты бола алмауына бас себеп – оқытушылар 
білімінің тапшылығы,  әдіске  шорқақтығы,  тәжірибесінің  кемдігі, грам-

387
матика  мен  емлені  дұрыс  білмеуі,  оқытушылардың  бір  жерден,  екінші 
жерге суси беруі деді.
Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінен  хрестоматия.  Б.Белғара.  Оқу  құралы.  Астана: 
Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығы. 2007, 28-30 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет