«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет4/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
ГҮЛДАНА БЕКБОЛАТ 
Аңдатпа:
Шығармада, қазіргі заманда біздер үшін жасалы-
нып отырған мүмкіндіктердің көптігін көрсетуге 
ұмтылдым. Расымен де, «Жастар жылы» ата-
лынған ағымдағы жыл – ел ішінде қаншама игі 
бастамаларға жеткізді. Өз ойымды тек биыл ғана 
емес, әуелден-ақ өсемін деген өрен үшін жағдай-
дың жан-жақтылығын еліміздегі бағдарламаларды 
жазу арқылы ашуға тырыстым. Жақсылықтардың 
әлі де жалғасарына сенімдімін. Еліміз өсе бергей!
Аннотация:
В своем произведении стремлюсь продемонст-
рировать изобилие возможностей, которые мы 
имеем сегодня. И этот год, «Год молодежи», при-
нес много хороших инициатив по всей стране. 
Также раскрываю многогранные возможности го-
сударственных программ, направленных на раз-
витие молодежи. Искренне верю, что благое дело 
продолжится. Желаю процветания нашей стране!
Abstract:
In my work I strive to demonstrate the abundance of 
opportunities that we have today. And this year, the 
Year of Youth, brought many good initiatives across 
the country. I also reveal the multifaceted capabilities 
of state programs aimed at youth development.
I sincerely believe that the good work will continue.
I wish prosperity to our country!
* * *
Көр кеудені етер дейсің кім үлгі,
Тыңдатпаққа ұмтылсаң да үніңді?
Бұл заманда оқығандар – көшбасшы,
Озатын да, әр додада – білімді!
«Жастық шақ» деп жүрме текке, бозбала,
Ғұмыр бір рет берілетін аз ғана.
Болашаққа үнің жетсін үлгі етер,
Мақтанып айт, тарихыңды қозға да.


10
11
Бойжеткен қыз, бос әуреге құнықпа,
Лайланады сен арқылы тұнық та.
Ұрпағыңа сана бер деп сұрасаң,
Ата-бабаң, дәстүріңді ұлықта.
Ерме құрбым, арзан сөзге елеңдеп,
Жеткізеді мақсатыңа – өр еңбек.
Мағжан бабам айтпадыма әуелде,
Біз жайында «Мен жастарға сенем» деп!
Оқы. Ұмтыл. Ізден. Алға бас қадам,
Білім іздеп озуды ойла басқадан.
Өзге елмен терезені тең ұстап,
Сен арқылы шырқалмай ма, асқақ ән?
Алаңдатса «не болмақ?» деп ертеңің,
Бойыңызды жеңбеу керек келте мұң.
Отбасынан бастау алмақ Отан да,
Қамын ойла, өсіп-өнер өлкенің.
Болу үшін бізде бөлек жер, таңбам,
Әр бабамнан тектілікпен тер тамған.
Елдігімді айқындайтын әлемге,
Қымбат мәңгі – Әнұран, Ту, Елтаңбам!
Қалай дамып, өсем десең еркіңде,
Көмек қолын созбайды екен, ел кімге?
Оқимын деп ұмтылғандар шет қалмай,
Білім алып жүрген жоқ па, «Серпінде».
Шет елде де ізденуді қаласақ,
Мүмкіндікті беріп қойған «Болашақ».
Өзгелерден бәсекеде озбаққа,
Жас өрендер, дара жүріп, дара шап.
Келешекке көрсетуге мәңгі үлгі,
Елімізді талайларға таң қылды.
«Достық жылын» жариялап Елбасы,
Тарих болып «жаңа есім» жаңғырды.
Мүмкіндікті құр жіберіп, тастауға,
Болмас сірә, игі бір іс ашпауға.
«Жастар жылы» аталынған «он тоғыз»,
Мың-мыңдаған жақсылыққа бастауда.
Әрбір қазақ, ардақты едің – еңселім,
Қайыспайтын, қиындық та келсе мың.
Кеуде керіп мақтанышпен арта алам,
«Мәңгілік ел» жастарына, мен сенем!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет