«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет2/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
aқyndar-zhinaғy-2019-1

Ауылым – алтын бесігім!
Шеңберге алмай сағынышымды құрсауғып,
Көңілім менің өмірін елдің тұрса аңдып.
Ауыл дегенде жанымды әуенге бір малып,
Жан-жағын нұрғып, маржанын төксін жыр сандық.
Ауылым десе тебіренемін кейде осы,
Арындап тілім, жалындап бүгін сөйлеші.
Еліктіреді ерікті мені сүйрелеп,
Ауылдың әсем, көз тартар көркем бейнесі.
Тату да тәтті, бұзылмаған еш қаймағы,
Батырға батты, ақынға есіп айдары.
Көңілді көңіл, жанына рахат сыйлайтын,
Қайнары, тауы, жайнады тағы жайлауы.
Көрнекті ғалым, ақындар шыққан дуалы,
Отан деп шерткен жаһанға жеткен жыр әні.
Арманы асқақ, мұраты айқын ауылдың,
Шағын болған соң мерейі тасып тұрады.
Қызығы бітпес, мәре де сәре үй іші,
Тұрғындар үшін «ауыл өмірдің бейіші».
Қадірлі елге бір түп өсімдік аңқыған,
Қазақтар үшін жусан – туған жер иісі.
Көңіл мен жүрек, көрінген ниет ақ адам,
Мейірім, сезім жүректен елге тараған.
Түтіні түзу самауыр басып шөліңді,
Ас болар түйір пешіңнен шыққан табанан.
Зер салып тұрып қарасаң сырттан бақылап,
Қайталанбайтын көркем бейнелі атырап.
Қазақты әлемге танытқан қызбен қылықты,
Шаңдатқан ерді толғатқан алтын топырақ.
Жатсынбай бауыр, жылатпай жетім-жесірін,
Бөліскен әркез Жаратқан берген нәсібін.
Ұлтым дер ерді, жұртым дер қызды тәрбиелеп,
Тербете бергін өз құшағыңда бесігім!


6
7
РАМАЗАН БАУЫРЖАН
Аңдатпа:
Бұл өлең ең көне ғасырлардың кеудесін жарып 
шыққан, бабалардың бізге деген сенімін, бізге де-
ген үмітін ақтау керек екенін ерте түсінген ұрпақ-
тың – бабаларға деген тағызымы мен сенімді серті 
іспетті. Ең ерте ғасырдың айбарын бойға сіңіріп
жаңа ғасырға атансам деген жас ұлдың жұды-
рықтай жүрегінің – бұлқынысы, бұл өлең. Өткенді 
ұмытпай, кемелді келешегіне көк байрағын тік кө-
теріп атанға хас ұланың атойы осы өлеңде. Өлең 
емес бұл өткенге берілген жас ұлдың серті!
Аннотация:
Стихотворение о том, как важно вовремя пере-
нять наследие предков, оправдать их надежды. 
Зов молодого ростка, корень которого глубока. 
Это путь в светлое будущее. Не стихотворение, а 
обещание молодого ростка!
Abstract: 
The poem about how important it is to adopt the 
heritage of ancestors in time, to justify their hopes. 
The call of a young sprout whose root is deep. This 
is the path to a brighter future. Not a poem, but a 
promise of a young sprout!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет