«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет6/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
«Қазақ елі»
Азапқа толы қаншама күнді өткердік,
Қуаныш емес қасірет шерін көп көрдік.
Тәуелсіздікке қолымыз жетпей тұрғанда,
Заңына көніп өзге елге күң боп келдік.
Сол елдің енді жарлығыменде күн көрдік,
Не көрсек-дағы жұмылып бәрін бір көрдік.
Азаттық туын биікке бірге көтеріп,
Тәуелді ел-ек – Тәуелсіз ел боп үлгердік!
Бастысы сақтап, бабадан қалған мұраны,
Барлығы бірге бір шаңырақты құрады.
Қазақтай атын сақтаған – азат ұландар,
Ал өткен күндер енді келместей құлады.
Бір елді сүйем – өзгеше өзге мекеннен,
Сүйгенім үшін өкінбей мәңгі өтем мен!
Ол елдің сондай адамдары да жайдарлы,
Сол елде тудым, өлгенше қызмет етем, мен!
Бір елді сүйем – таулары көкпен таласқан,
Көгінде жалау желбіреп әсем жарасқан.
Ол елде туған өкінбей еш адамзат,
Қазынасы бар байлығыменен бағы асқан.
Бір елді сүйем – сағынам алыс ұзасам,
Қайта көтерген биіктен, құздан құласам.
Көнемін мейлі, Жаратқан, барлық сыныңа,
Төзбеймін бірақ елімнен алыс сынасаң!
Бір елді суйем – жоғалмас атасалты да,
Қадірлей білген сол салтын, мынау халқы да.
Ата-бабадан ұрпаққа мұра жалғасқан,
Дақ түсірмейік Қазақтың ұлы даңқына!
Ол елдің енді жігіттері бар темірдей,
Жеті атасын жетелей айтқан жеңілмей.
Ол елдің батыл, арыстандайын ұлдары,
Жеті қазына серігі болған серідей.
Ол елдің әсем, жібектей ару қыздары,
Ата-ана берген тәрбиелігін бұзбады.
Қос иығына төгілген қолаң бұрымы,
Сұлулығына талайлар жаны сыздады.
Ол елдің тағы суреттей алсам даласын,
Сөзіме сенбес, көзімен келіп қарасын.
Бұл жердің сұлу ауасы сондай ғажайып,
Табиғатынан жаныңа дауа табасың.


14
15
Бір елді суйдім – мәңгілік сүйіп өтемін.
Ол менің туған жүрегімдегі – Мекенім.
Қазағым менің – тауcылмас сенің ғажабың,
Сол ғажабыңды өлгенше көріп өтейін!
Мен туған өлке – Мен жырлап өткен өлеңмен,
«ҚАЗАҚСТАНЫМ» – қазаққа қай жұрт тең келген?!
Елім деп сүйсем, ұлтаның сенің болғаным,
Мақтанып айтар жырым бол түспес төбемнен!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет