124
125
Еркелетер ем,
«Аппағым» деп,
Себебі, жүзің арайлы.
Ақ таңыма да,
Айналып едің,
Күнімді еткен шырайлы.
Ерекше жансың,
Ақ жүрегіме,
Сыйлаған арман, бір үміт.
Ғашық еткен,
Ерекше сұлу,
Жанарың еді,
КӨКШЕЛІК ЖІГІТ...
P.S.
МЕН СЕНІҢ ЖАНАРЫҢА ҒАШЫҚПЫН...
ҚАЙДАСЫҢ?
ҚАЙРАТ СЕЙІТҚАЗИН
Аңдатпа:
Ақынның өлеңдері жастарға туған жердің қасиеті
мен сырын лирикалық нәзік иірімдерімен жеткізе-
ді. Отанның бастауы – ауылдан киелі топырағынан
болатынын дәлелдейді.
Аннотация:
Стихи поэта дарят молодым людям лирическую
утонченность природы и тайны родного края. Ро-
дина начинается с
родного края.
Abstract:
Poems of the poet give
young people the lyrical
sophistication of nature and the secrets of their native
land. Homeland begins from the native land.
1
Менің мына қиялым құстай ғана,
Ұшып жүр-ау даланы, тысты айнала,
Отанымның тілеуін іштей, үнсіз
Үш
қайтара тіледім,
Үш қайтара!
Дала, дала
Кеудесі дариядай
Жылу сақтап келеді әр ұяда-ай!
Тауелсіздік дегенің ауылдағы,
Тәубесінен қайтпаған қариядай.
Қазір барі басқаша,
басқа бәрі,
Құламайды құлдырап тас қамалы.
Қыздарымның арманы даладай кең,
Ұлдарымның арманы асқаралы!
Жусан басы теңселіп, ырғатылып,
Елітеді ,елтиді сырға тұнып.
Өшірейін
жанымның жан жарасын,
Көшірейін барлығын жырға тұнық.
Енді менің қиялым құстай ғана,
Ұшып жүр-ау даланы, тысты айнала,
Отанымның тілеуін іштей, үнсіз
Үш қайтара тіледім,
Үш қайтара!
126
127
2
Сұлу сазың –
керең қылмас,
Ұмыттырмас наланы.
Сүйген бе едім, өлеңге ұқсас,
Долана иісті даланы?
Сарыарқаның жыры сынды,
Сыры бекем ақ қурай.
Сыңсып тұрған тұрысыңды,
Сүйген бе едім тап бұлай!
Бір күн сенім, бір күн үміт,
Арман әнім – мұратым.
Ақ жусанды үлгі тұтып,
Өскен бе еді бір ақын?
Жапырағы аяды ма,
Жүрегімді ботадай.
Ақ
қайыңның аяғына,
Құлай салдым оп-оңай.
Бәрі жақын, қымбат маған,
Ойым орман, санам қыр.
Терек – менің сымбатты ағам,
Қарындасым – қалампыр.
Сұлу сазды жидым да оңай,
Сала алмадым жат әнін.
Сені ессіз,
Сүйдім солай,
Менің, дала – Отаным!
Достарыңызбен бөлісу: