«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет10/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64
Байланысты:
aқyndar-zhinaғy-2019-1

Аннотация
Основная цель произведения «Серт» - напомнить 
молодому поколению о правильных качествах
таких как, дружба, честность, смелость, благодар-
ность, доброта, которыми должны руководство-
ваться молодежь. Стихотворение стремится дос-
тучаться до сердец молодежи, как и мероприятия 
Года молодежи, нацеленные на духовное разви-
тие поколения. Особенность некоторых произ-
ведений заключается в том, что художественная 
рифма находится не только в конце стиха, но и в 
его начальных строках.
Abstract:
The main goal of “Sert” is to remind the young 
generation of the right qualities, such as friendship, 
honesty, courage, gratitude, kindness, which young 
people should be guided by. The poem seeks to reach 
the hearts of youth, as well as the activities of the 
Year of Youth, aimed at the spiritual development of 
the generation. The peculiarity of some works is that 
the artistic rhyme is not only at the end of the verse, 
but also in its initial lines.
Серт
Тәуір неткен сәби шақтың әлемі –
Ауылда өткен балалықтың әлегі.
Бар кезеңде табылатын қасымнан,
Жар дегенде жалғыз досым бар еді.
Тағдыр берген ең бір жақын ұл еді,
Сол күндерден есте бір жайт жүр еді.
Белгіленген санада бір оқиға,
Елжіреумен еске алатын үнемі.
Хабарлап ұл көрші бірде кешқұрым,
Сабап жатыр біреулер, деп естідім.
Аядай-ақ алаңқайда үш бұзық,
Аямай-ақ өзгертіпті кескінін.
Төбелестің үйірі еді-ау еріктің,
Ерегестің тура үстіне келіппін.
Тентектіктің жібін үзбей жүрген ұл,
Еркектіктің мәнін сол күн, мен ұқтым.
Әр тілде бір боқтап-соқтап ақырдым
Әркімге бір, таяқ ұстап атылдым.
Айқай демеп, сес болады қашанғы,
«Ойбай, көмек!» деп адамдар шақырдым.
Бір еріңді ұмтылғанша тұсап қап,
Білегімді тіліп кетті пышақтап.
Қолға басын қойып, сертім сенмен деп, 
Сонда досым жылай берді құшақтап.
Ескерді ме, тұрарымды ерлерше, 
Сескенді ме, алысар деп өлгенше.
Бір кем жері, тайып тұрды үшеуі,
Үлкендері ауыл жақтың келгенше.
Бұл да кетті. Адастырды келешек,..
Жылдар өтті, басталды өмір ересек. 
Осындайда мен қол үздім досымнан,
Досым қайда? Ол жайлы бір көп өсек...


22
23
Парыз күші ата-анама өтелді,
Маңыздысы – қидырдым ақ некемді.
Көңілдегі сағынышым болмаса,
Өмір мені көп белеске көтерді.
Алаңдатқан уайымына түстім бе?
Жаман жатқам. Сонсоң көрдім түс бірде.
Өңін жұмбақ маған бұрып, досым тұр
Қолын бұлғап аппақ төбе үстінде.
Енді нетем? Ертеңіне сол түстің,
Белгі ме екен, аяқ асты морт ұштым.
Жүрек екен! Жүрек екен, ұстаған!
Біледі екем... Ақыр жақын... Сор құштым.
Жарық дермін... Бір сәуле бар таң ата.
Анық көрдім. Аурухана. Палата.
Әбігер түр. Жанары мұң жанжарым.
Дәрігер тұр маған жүзін қарата:
– Жата бермей, өмір – режим қосыңыз!
Қатал ердей келді ескі досыңыз.
Тұнған ине, шүмек, дәрі денеңіз.
Мұңды, әрине... Бірақ ұзақ көшіңіз.
Жаман боп қап... жүрек дерті ең арғы...
Маман тоқтап, бір күрсіне демалды.
– Шыңдаған-ау, өмір қайсар болуды, 
Тыңдамады-ау... кісіні айтам, мен әлгі...
Туады екен мұндайлар да... Тосылам...
Шығады екен, мұндай да адам досынан.
Егер түнде жаңа орган таппасақ,
Жедел түрде тура келді осыған.
Деген еді: «Түсін, мейлі түсінбе,
Ең ерегі – достық фәни ішінде... 
Қалады әлі... Оныкі өмір... Сертім бар.
...Балалары, сүйген жары үшін де».
* * *
Бұлай кел деп айтып па едім, ұланым?!
Құдай... Мен, деп неге өзің құладың?
Жаным олай қиналмаған секілді,
Әрі қарай тыңдай алмай жыладым.
Құдай! 
Менмін пендең сенің.
Кеш ұдай!
Жылай бердім... Жылай бердім осылай....
Білегімді жарып шыққан қан үшін,
Жүрегіңді жұлып берген, досым-ай!
Пенде күннің жалған екен барлығы,
Енді өмірдің екі еселік бар жүгі.
Мұң-сыр жатқан, тылсым жатқан естимін,
Дүрсіл қаққан жүрегіңді әр күні...


24
25
Аңғалдық па екен... көрінген жанға,
Несіне сонша шашыла берем?..
Сырын айтқанға жанымд(ы)-ай берем,
Өзгенің жайын уайымдай берем.
Мұңын айтқанға «тәубе» үйретіп,
Өзімді дана, ғалымдай көрем...
Бір ауыз сөзге барымдай сенем,
Жалғанды шындай қабылдай берем.
Бір жанды үнсіз ұната қалсам,
Көктегі жетпес айымдай көрем.
Жаныма жайлы достарды көрем,
Көздері отты жастарды көрем.
Даладайын кең көңілдерінен,
Тұп-тұнық, шексіз аспанды көрем.
Біздерге деген сеніммен келем,
Адамдық ізгі жолыммен келем.
Елімнің алды жастар ғой деген
Елбасы берген демеумен келем.
Жастар жылында жаңғырып көнем,
Тұла-бойымнан тасқын күш сезем.
Жырымды оқыған әрбір жалын жас,
Үлесіңді қос, үміт зор сенен.
Бейбіт көгімнің күнінен күлген,
Жалынды жастың нұр жүзін көрем.
Жастар жылында жарқырап жанар,
Алтын жұлдызы барына сенем.
Әр жақын жанның жанына енем
Ешбір себепсіз тек жақсы көрем.
Мендегі шексіз сенімдерді де
Бағалайтын жан барына сенем!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет