«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет19/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   64
ЗЫЛИХА ЖАҢАБАЙ
Аңдатпа:
Жастар жылы талай жас буынның талантын та-
нытуға мүмкіндік берген, берекелі жыл екені осы 
өлеңде сипатталады. Сонымен қатар бұл жылға 
жету де оңайшылықпен келген жоқ. Ата-бабамыз-
дың сарп еткен күші мен Елбасымыздың ел сүйсін-
тер ісінің арқасында Егемендігімізді сақтап қалған-
дықтан осынша жетістікті жылға жетіп отырмыз. 
Осы жылда бар жас жандар қарап қалмай, еңбек 
етіп, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуы тиіс 
екенін де атап өткім келді.
Аннотация: 
Стихотворение повествует о значимости года 
моложеди для молодого поколения. Не с проста 
к этому пришли. Это заслуга наших предков и по-
литики Елбасы. Желаю чтобы молодежь смогла 
воспользоваться привелегиями этого года.
Abstract:
The poem tells about the significance of the year of 
youth for the younger generation. Not easy to come to 
this. This is the merit of our ancestors and the politics 
of Elbasy. I wish young people to be able to take 
advantage of this year’s privileges.
Жасампаз жастар жылы
Баяғыда қарапайым халқымның,
Құрсаулап ед(і) алдын қайғы, артын мұң.
Батыр бабам ел-жұртына тақтырды,
Тәуелсіздік дейтін түрін алтынның!
Бейбіт аспан астындағы өр елім,
Арқасында Нұр ағадай төренің.
Гүлденгенбіз, аспан-жерді бағынтып,
Ұлғайғанда бар бақыттың көлемі.
Мағжандайын сенім артқан жастарға,
Нұр ағам да берекелі іс бастауға.
Белін бекем буып, «Жастар жылы» етіп,
Жария қылған, жалындаған жас жанға!
Кеудесінде оты барды бас қылып,
Үміт арту әкелмей ме жақсылық?!
Даналықпен барша жасқа Елбасы,
Келешектің кілтін қойды тапсырып.
Жалынменен жарқыраған жастармыз,
Көкке қарай самғайықшы бастан біз.
Үміт, сенім, болашақ та мойында,
Шын қаласақ бар белестен асқанбыз.
Ізденіспен өтсе жарқын күйменен,
Перзентіне барын берсін сүйген ел.
Жаңалыққа жетелейтін мерзім бұл,
Жастар ғана әділдікпен билеген!
Терезені тең қылмаққа әлеммен,
Байланысты біріктіріп бар елмен.
Ұйымдасып, бір ауыздан іс қылсақ,
Қазақ елі қазынаға кенелген!
Елімізден үзілмей тек қонағы,
Жас ұрпақтың «Қазақ» болар ұраны.
Қазақстан – ұлы дала елінің,
Жастар барда жалауы да жоғары!
Өрекпітіп, Махамбетше бас болып,
Биіктейік, бұқпағын бас, жасқанып.
Көзін тігіп, тіс қайраған ел-жұртты,
Ғажайыппен таңқалдырып тасталық!
Отан үшін орағытып ашқан жол,
Жақсылыққа жаңа қадам басқан жыл.
Жастар жылы – елім деген ерлерім,
Қаймықпастан кемелдікке бастар жол!


44
45
Көктем әкел...
Көктем әкел, сен маған,
Көптеп әкел!
Болмасыншы бірақ та текке кетер.
Жан сарайда жұлдызды жақсаң өзің,
Жыр құстары алдыдан көптеп өтер.
Әкелші гүл,
Әкелші, жаныма сыр.
Содан соң іңкәрліктің жанына ысыр.
Әшекейле жүректі әсем үнмен,
Боп кетпесін ол жақта тағы тасыр.
Жаныма арай,
Болсаңшы жүр нұрға балай,
Сен келсең құлпырады мендік шырай.
Алайда, алтыным сол, болмайыншы,
Көрерменнен айырылған сахнадай.
Дүниеде,
Жақындаса түн иегі.
Кеңейер көркемдіктің көкжиегі.
Үмітпен жылу күткен құлағыма,
Сыбырлап бір кетсеңші сөз киелі.
Жақсы күнді,
Етші әкеп, жақсы үлгі.
Арнап жүре берейін ақ жырымды.
Түймедақтан тақ моншақ шашыма әкеп,
Бір жадырап қалайын нақ сол күні.
Көктем әкел, сен маған,
Көптеп әкел!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет