50
51
Адасу
Үнсіздік билеген әлемді,
Мылқауда емес кереңде...
Биікте жаңғырған бәрі енді,
Түскісі келмейді төменге...
Әз басын әркім жүр ардақтап,
Әрлеген әр сөзін өлеңге.
Жұпыны жұрттан жұрнақ қап,
Жоғалған беймарал әлемде...
Жүректе иманның иісі аңқымай,
Сүрінген салмақсыз сөзінде.
Фәниде қалауы: шалқып-ай,
Көмілген көзсіз сезімге...
Үнсіздік... сабыры таусылып,
Бағынбай бағытты әмірге,
Кейін...
Өкініш өзегі аршылып,
Тілегі арналар Тәңірге...
Үнсіздік билейді әлемді,
Мылқау да емес, керең де,..
Әлемде мынау әдемі,
Тәңірім... адасу керек пе?!
Достарыңызбен бөлісу: