Жанардың монологы
…Сау соқырлығыңыз үшін аяймын сізді, аға.
Көзіңізге қараңыз!
О.Бөкей, «Жылымық»
Сізге не деп назданам, өкпем нендей?
Тағдырыма қалса егер көктем келмей.
Кездесу де, ұзақ мұң, қоштасу да –
Өмір деген ұғымды жек көргендей…
Сізге не деп кінә артам, жазығың не,
Артылады жанымның назы кімге?
Жарығы бар жанында жан деп алып,
Неге осынша жерідің нәзігіңнен?!
Не деп сізді, қалай деп кінәлайын,
Сізсіз қалай жарқырап туар айым?
Көңілімді жаураған жылындыр деп,
Босағасын қай бақтың сығалайын?
Аға, сізді ұстауға дәрменім жоқ,
Мүмкін кете барарсыз әлдекім боп…
Жаныңызда қалмақ ем бақты құшып,
Қалдырғыңыз келмеді әурелі, деп…
Білем, аға, түсінем… өмір солай,
Жанымды емдеп, жылытқан егілсе арай.
…Мені аяп, тесіліп қарап тұрды,
Бір бағы кем, жарты кеш, көңілшек Ай…
54
55
САЯН ИСЖАНОВ
Аңдатпа:
Жастар жылына орай жазған өлеңінде туған елі
мен жеріне деген махаббат, кіршіксіз сезім, тұм-
са табиғаттың сұлулығы бейнеленеді. Жас дарын
тамыр ұстар тірегі ретінде туған жерін жырға қо-
сып, бойдағы жастық жалын арқылы тәуелсіз
елдің гүлденуін өлеңмен өрген.
Аннотация:
Стихи, написанные Саян Есжаном в канун Года
молодежи, являются отражением любви и при-
вязанности к родному краю и красоте природы.
Молодое дарование, воспевая родной край, как
свою опору, описывает процветание независимой
страны.
Abstract:
Poems written by Sayan Yeszhan on the eve of the
Year of Youth are a reflection of love and affection for
the native land and the beauty of nature. Young talent,
singing the native land, as his support, describes the
prosperity of an independent country.
* * *
Селт еткен жоқпын Дүбірге,
Жалт еткен жоқпын Тасырға.
Түңілген жоқпын Күбірге,
Үңілген жоқпын Жасынға,
Не дейсің, Өмір,
Расында?!
Өмір,
Мен емес – соңың, басың да,
Сынағың бар ма?
Тосылма!
Жұмбағың бар ма?
Жасырма!
...Сенен артық жалғанда,
Жоқ, білем,
досым, қасым да.
...Не дейсің көңілі бос ұлға,
Көмілген жоқпын Жақұтқа.
Айнала алмадым Ғасырға,
Байлана алмадым Уақытқа...
Жиырма жеті жасымда.
* * *
Ақ тұман бүркеп даланы,
Сайларда үнсіз түнеген.
Жұпар аңқыған самалы,
Мен үшін көркем, ұлы Өлең.
Қол бұлғап қалған адырлар,
Қалғыған үнсіз ормандар.
Тұнжырап тұрған шағылдар
Сенде бір қалған арман бар.
Бұл далам – менің өлеңім,
Бұл ғалам – менің дәптерім.
Сыйғызсам бәрін деп едім,
Ең тұнық, мөлдір сәттерін.
Әр шөптің тыңдап былдырын,
Әр талдың естіп шуылын,
Бұлақтың күміс сыңғырын,
Тербеген ақын ғұмырын.
Ең көркем менің туындым –
Ең сәтсіз сенің шақтарың.
...Жаралған сенен ғұмырым,
Жазирам, далам, әппағым.
56
57
Ырғағы мына жүректің –
Симфониясы даламның.
Тас қараңғылығы түнектің
Қарасы бәлкім, жанардың.
Мен бармын әркез сен барда,
Сен барсың тұрсам мен аман.
...Мен туған осы жолдарға,
Өлең боп бір күн оралам.
Достарыңызбен бөлісу: |