«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет32/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64
Байланысты:
aқyndar-zhinaғy-2019-1

Түс көру
Бүгін менің түсіме Жайығым енді,
Жайықта жүзген желкенді қайығым енді...
Бозбала шақтың бұлыңғыр елесі сынды –
Санада қалған самырқау сөздерді аңсадым,
Жағада қалған аңғалдау кездерді аңсадым...
Айыбым ба еді?..
Қираған үйлер, тар жолдар түсіме енді,
Түсіме енген бейнелер кішіре берді...
Баянсыз бақтың жылт еткен жебесі сынды –
Орманды кезіп, адаспай жолсыз жүргенім,
Қарақат терген қайғысыз, қамсыз күндерім,
Бақытты сәтті есіме түсіре берді.
Үйіме ескі қоршаулы жиі түнедім,
«Көршіме кейде қисынсыз кейитін едім...».
Қасіретімнің шынайы үлгісі сынды –
Ауылдан ұзап, дөң жаққа қарағанымда.
Білмеймін, жаным жазықсыз жараланды ма?..
Әкем мен атам жерлеулі бейітін көрдім.
Қиялға шомып, қызықтап жүр едім маңды,
Көтеріп жердің жусанын білегім талды.
Сағынышымның сап-сары белгісі сынды –
Басыма қайғы байқатпай таңылғанында.
Сары уайым меңдеп, ауылды сағынғанымда,
Шұрқырап түзде жылқыдай жүрегім қалды.
Шұрқырап түзде жылқыдай жүрегім қалды...


78
79
АДЕЛЬ МҰХАМЕДЖАНОВА
Аңдатпа:
Мен «Туған тілім – тұмарым» атты авторлық аңыз 
өлеңімде Ана тіліміздің құндылығын дәріптедім. 
Жас бала мен дана қарттың диалогі ретінде жа-
зылған өлең көкейкесті ой тастары хақ. Жас бала-
ға дана қарт пәк жүрек, өр рух және ана тілін ұсын-
ған кезде, міз бақпастан Ана тілін таңдаған бала 
басқа байлықтарды да қоса иемденеді. Расымен 
де, ұлт бағасын өсіретін, адамды Тұлға ретінде қа-
лыптастыратын басты байлық – Ана тіліміз. Жас-
тар жылында, ең маңыздысы, туған тілімізді құр-
меттеу және дәріптеу деп есептеймін. Сондықтан, 
ата-бабамыздан қалған ең асыл қазынамызды ба-
ғалай білейік.
Аннотация:
Своим стихотворением, приданием хотела подчерк-
нуть великое значение Родного языка. Основная 
мысль повествуется в форме диалога маленького 
ребенка и мудрого старца. Когда мудрый старец 
предлагает ребенку сделать выбор между чистым 
сердцем, силой духа и родным языком, ребенок, 
выбравший Родной язык, несмотря на трудности 
выбора, обретает все остальное богатство. На са-
мом деле, наше главное богатство – Родной язык и 
делает нас Личностями, которые будет ценить свой 
народ. В год молодежи самое главное уважать и 
превозносить родной язык. Призываю вас ценить 
самое ценное, что наследовали от предков. 
Abstract:
With my poem, giving I wanted to emphasize the 
great significance of the Mother tongue. The main 
idea is narrated in the form of a dialogue between 
a young child and a wise old man. When a wise old 
man invites a child to make a choice between a pure 
heart, fortitude and his native language, a child who 
has chosen his Mother tongue, despite the difficulties 
of choice, gains all the rest of his wealth. In fact, our 
main wealth is our Mother tongue and makes us Per-
sons who will value their people. In the year of youth
the most important thing is to respect and exalt the 
native language. I urge you to value the most valua-
ble that you inherited from your ancestors.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет