Біздің мемлекетіміздің негізгі ішкі функцияларының бірі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, меншіктің барлық түрлерін, заңдылық пен тәртіпті қорғау болып табылады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және дамыту мемлекеттік биліктің барлық заң шығарушы, атқарушы және сот органдары қызметінің мәнін құрайды. Заңның үстемдігін қамтамасыз етуде, құқық бұзушылықтардың алдын-алуда және азайтуда, қазіргі кезде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі басты нәрсе қылмысқа тосқауыл қою. Бұл функцияны бірінші кезекте Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдары жүзеге асырады.