Қалдықтарды басқару


Қалдықтарды тасымалдау, Базель конвенциясы



бет50/73
Дата07.01.2022
өлшемі76,56 Kb.
#19222
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73
Байланысты:
калдыктар сессия ответы

50. Қалдықтарды тасымалдау, Базель конвенциясы

Қауіпті қалдықтарды сыныптау

1. Мына заттардың:

1) жарылғыш заттардың;

2) жеңіл тұтанатын сұйықтардың;

3) жеңіл тұтанатын қатты заттардың;

4) ӛздігінен жанатын заттар мен қалдықтардың;

5) қышқылданатын заттардың;

6) органикалық пероксидтердің;

7) улы заттардың;

8) созылмалы және тұрақты ауру туғызатын уытты заттардың;

9) жұқтырушы заттардың;

10) коррозиялаушы заттардың;

11) экоуытты заттардың;

12) сумен әрекеттесу кезінде тұтану қаупі бар газдар бӛле алатын заттардың немесе қалдықтардың;

13) ауамен немесе сумен әрекеттесу кезінде уытты газдар бӛле алатын заттардың немесе қалдықтардың;

14) жоғарыда аталған қасиеттердің бірін иеленетін басқа материалдарды құрауға қабілетті заттар мен материалдардың біреуін немесе бірнешеуін қамтитын қалдықтар қауіпті қалдықтарға жатқызылады.

2. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес қалдықтарды тасымалдау, кәдеге жарату, сақтау және кӛму мақсатында олардың қауіптілігінің 3 деңгейі белгіленеді:

1) Жасыл - G индексі;

2) Янтарь түсті - А индексі;

3) Қызыл - R индексі.

3. Қалдықтарға код белгілегенде қалдықтар пайда болатын сала, жинау (кӛму) тәсілі, кәдеге жарату немесе регенерация тәсілі, ықтимал қауіпті құрамдас элементтері, қауіптілік түрі, объектілерінде қалдықтар пайда болатын экономика салалары ескеріледі. 4. Қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және қалдықтарға код белгілеу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қалдықтар жіктегішінің негізінде жүргізіледі. Жіктегіште қалдықтардың осы түрі болмаған жағдайда қауіптілік деңгейі мен код белгілеу әрбір нақты жағдайға негізделеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

5. Технологиялар ӛзгерген кезде немесе ӛзге шикізат ресурстарына кӛшкен кезде, сондай- ақ қалдықтардың қауіпті қасиеттері ӛзгеруі мүмкін басқа да жағдайларда қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау мен код белгілеу жүргізіледі.

6. Табиғат пайдаланушы қалдықтарды белгілі бір код белгілеуге жатқызуды дербес жүргізеді немесе қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстар орындауға және қызметтер кӛрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып жүргізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет