Қалдықтарды басқару


Өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаға әсері



бет51/73
Дата07.01.2022
өлшемі76,56 Kb.
#19222
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73
51. Өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаға әсері

Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар, транспорт түрлерінен шыққан газдар, түтін, ірі қалалардың үстінде пайда болатын түрлі шаңдар Күн сәулесінің Жердің бетіне түгел түсуіне кедергі келтіреді. Ультракүлгін сәулелерінің жетіспеушілігі балаларда авитаминоз және рахит ауруларын туғызады.

Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудың көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануының өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының артуы, жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады. Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрес. Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазірнемесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсерінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.

Өндірістің қарқындап дамуына және отын түрлерін кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда. Нәтижесінде табиғаттағы көміртектің айналымы бұзылды деуге болады. Адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көміртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегі барлық химиялық тепе-теңдікке үлкен әсер етеді.

Атмосфералық ауаның ластануының алдын алатын және зиянды қалдықтардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік беретін іс- шараларды төмендегідей 3 топқа бөлуге болады:

Зиянды қосылыстар түзілетін технологиялық процестерді жақсарту және мүмкіндігінше зиянды заттар аз бөлінетін жаңа технологияларды өндіріскеенгізу.

Отынның құрамын, аппараттар мен карбюрацияны жақсарту және ауа тазартқыш қондырғылар арқылы ауаға зиянды заттардың түсуін азайту немесе мүлде болдырмау.

Зиянды қосылыстарды бөлетін объектілерді тиімді орналастыру және жасыл өсімдіктерді көптеп отырғызу, егу.

Бұл ретте қаламыздың атмосфералық ауасы мен экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қолданыстағы ұлттық және аймақтық, мемлекеттік бағдарламаның орындалуы айрықша көңіл аудартады: "Саламатты Қазақстан", "Алматы қаласына 2009-2018 жылдарға арналған қоршаған ортаның ластануын төмендетудің кешенді бағдарламасы" және "Алматы қаласының өзендері және су айдындары " , 2011-2020 жылдарға арналған “Ақ Бұлақ" бағдарламасы. Сонымен қатар ҚР үкіметінің № 168 25.01.2012 ж«Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық жәнеауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп- ұстауға,адамға әсер ететін физикалық факторлардыңкөздерімен жұмыс істеу жағдайларынақойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»санитарлық қағидаларын басшылыққа аламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет