Қалдықтарды басқару



бет49/73
Дата07.01.2022
өлшемі76,56 Kb.
#19222
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73
Байланысты:
калдыктар сессия ответы

49. Ғарыштық қалдықтар

Ғарыштық қоқысы — ғарыштағы жасанды объектілері мен олардың фрагменттерін айтамыз. Олар ешқандай қызмет атқара алмайды және пайдалы мақсаттарға қолданыла алмайды, алайда осы қалдықтар жұмыс істейтін және басқарылатын ғарыш аппараттарына, кемелеріне қауіпті әсер ете алатын фактор болып табылады.

Кейбір жағдайларда, осындай қалдықтар ауданы үлкен болса немесе олардың құрамында зиянды заттар(токсиндер, ядролық заттар немесе қоспалар т.б) болса, онда олар Жерге тікелей қауіп төндіруі мүмкін – олардың бақыланбай орбитадан шығуы немесе Жер атмосферасының қалың қабаттарынан өтуі кезінде толық жанып үлгермеуі, елді - мекендерге, өндіріс объектілеріне, транспорттық коммуникацияларға т.б кері әсер етуі мүмкін.

Жер маңайы кеңістігінің ғарыштағы жасанды қалдықтармен ластану мәселесі, теориялық түрде сәйкесінше бірінші жасанды Жер серіктері ғарышқа жіберілгеннен кейін, елуінші жылдардың соныңа таман пайда болды. Осы мәселе халықаралық деңгейде өз әлеуметтік атағына ООН-ның генерал-хатшысының “Ғарыштағы әрекеттердің қоршаған ортаға әсері” атты 1993 жылғы 10 желтоқсандағы баяндамасынан кейін ие болды. Баяндамада, осы ластану мәселесі халықаралық және әлемдік сипат алады: халықаралық Жер маңайының кеңістігі ластанбаған, мұнда тек Жердің ғарыштық аумағы ластанған және ол әр мемлекетке бірдей кері әсер етеді - делінген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет