72. Қауіпті қалдықтардың паспорты
Қауіпті қалдықтар паспорты – қалдықтардың құрылу үдерістерін олардың шығу орны, сандық және сапалы көрсеткіштері, олармен айналысу ережелері, оларды бақылау әдістері, осы қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалардың мүлігіне зиян әсер түрлері, қалдықтарды өндірушілері туралы мәліметтер, меншігінде солар болатын өзге де тұлғалар бойынша стандартты сипаттамасын қамтитын құжат.
Қауіпті қалдықтар паспорты шаруашылық қызметі барысында қауіпті қалдықтар құрылатын жеке және заңды тұлғалармен құрылады және бекітіледі.
Қауіпті қалдықтар паспорты:
1) Экологиялық Кодексінің 287 бабы 1 тармағында көрсетілген қалдықтарға;
2) Кәріптас және Қызыл тізімдерден шығатын қалдықтарға жасалады.
Қауіпті қалдықтар паспорты келесі міндетті бөлімдерді қосу қажет:
1) қалдықтар атауын;
2) өндірістік үй-жай болған кезінде жеке тұлғаның аты, жөні, тегі, мекенжайы – қалдықтарды шығару – кәсіпорнының мекенжайы, атауы және деректемелерін;
3) қалдықтардың шығу түбін;
4) қалдықтардың қауіпті қасиеттер тізбесін;
5) қалдықтардың химиялық құрамын және олардың компоненттерінің қауіпті қасиеттер сипаттамасын;
6) қалдықтарды өңдеудің ұсынылатын тәсілін;
7) қалдықтармен айналысу кезінде қажетті сақтық шараларын;
8) қалдықтарды тасымалдауға және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге талаптарды;
9) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын алдын-алу және жою бойынша шараларды;
10) қосымша ақпаратты.
Қауіпті қалдықтар паспорт формасы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 30.04.2007 №128-п бұйрығымен бекітілген.
Қауіпті қалдықтар паспорт қалдықтардың пайда болу сәтінен бастап үш ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда тіркеуге тиіс.
Міндетті бөлімдерге қосылған мәліметтердің толықтығы мен сенімділігін арттыратын қосымша ақпараттың келіп түсуіне қарай, қауіпті қалдықтар паспорты жаңарту мен қайта тіркеуге жатады.
Қауіпті қалдықтардың тіркелген паспорт көшірмелері міндетті тәртіпте жеке тұлғаға немесе осы топтаманы немесе оның бөлігін тасымалдайтын кәсіпорынға, сондай-ақ аталған қалдықтар топтамасының (топтама бөліктері) әрбір жүк алушысына ұсынады.
Қалдықтардың алынған топтамасын өңдеу кезінде оның басқа материалдармен араласуын қоса, жүк алушы өз кәсіпорнынан тыс тасымалдау жағдайында осы топтамаға (топтама бөлігі) қауіпті қалдықтар жаңа паспортын рәсімдеу және тіркеу міндетті.
Осы қалдықтар құрылатын үдерістің технологиялық регламентінің өзгерісін шақыртқан қауіпті қалдықтардың қасиеттері өзгеру жағдайында, қауіпті қалдықтар паспорты өз қызметін тоқтатады.
Қалдықтың химиялық және құрамдас құрамы аккредитивті зертханамен орындалған талдаулардың нәтижелері негізінде көрсетіледі.
Өз тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлармен (өніммен) көрсетілген қалдықтар үшін техникалық жағдайларға сәйкес бастапқы тауардың (өнімнің) құрамдас құрамы туралы мәлімет көрсетіледі.
Қауіпті қалдықтар паспортында технологиялық үдерістің атауы, оның нәтижесінде қалдық құрылды, немесе бастапқы тауардың (өнімнің) атауымен нәтижесінде тауар (өнім) өз тұтыну қасиеттерін жоғалтқан үдерісте көрсетіледі.
Қауіпті қалдықтар паспортында қауіпті қалдықпен байланысты, оның ішінде тиеу-түсіру жұмыстарын тасымалдау мен жүргізу уақытында төтенше жағдайлардың салдарын алдын-алу және жою бойынша қажетті шаралары көрсетіледі.
«Қосымша ақпарат» бөлімінде жеке қалдықтарын хабарлауды қажет ететін өзге де ақпарат көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |