Қалдықтарды басқару


Радиоактивті қалдықтар және оларды жіктеу



бет71/73
Дата07.01.2022
өлшемі76,56 Kb.
#19222
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
калдыктар сессия ответы

73. Радиоактивті қалдықтар және оларды жіктеу

1. Осы Радиоактивті қалдықтарды жинау және көмуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі «Атом энергиясын пайдалану туралы» заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 2-тармағынасәйкес әзірленді және радиоактивті қалдықтарды жинау және көмуді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидалар жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісін пайдаланатын, табиғи уран өндіретін және өңдейтін кәсіпорындардың радиоактивті қалдықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында радиоактивті қалдықтарды (бұдан әрі – РАҚ) жинау, сақтау және көму қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылады.

3. Осы Қағидалардың талаптары атом энергиясын пайдалану объектілерін жобалау, салу, пайдалану және пайдаланудан шығару кезінде сақталады.

4. Осы Қағидалар:

1) пайдаланылған ядролық отынмен жұмыс істеуге;

2) теңгерімнен тыс үйінділерге және радиоактивті кендерді және табиғи радионуклидтердің мөлшері жоғарғы минералдық шикізатты өндіретін және өңдейтін кәсіпорындардың, сондай-ақ гидрометаллургиялық зауыттардың қалдық қоймаларына қолданылмайды.

5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) компаунд – радиоактивті қалдықтар қосылған матрицалық материал;

2) матрицалық материал – сұйық радиоактивті қалдықтарды монолитті құрылымға иммобилизациялау үшін пайдаланылатын радиоактивті емес материал;

3) радиоактивті қалдықтарға арналған контейнер – радиоактивті қалдықтарды жинау және (немесе) тасымалдау және (немесе) сақтау және (немесе) көму үшін пайдаланылатын ыдыс;

4) радиоактивті қалдықтарды жинау – радиоактивті қалдықтарды арнайы бөлінген және жабдықталған жерлерге жинау;

5) радиоактивті қалдықтарды кондициялау – радиоактивті қалдықтарды сақтауға, және (немесе) тасымалдауға және (немесе) көмуге жарамды қалыпқа ауыстыру операциялары. Кондициялау қалдықтарды тұрақты қалыпқа ауыстыруды және радиоактивті қалдықтарды контейнерлерге орналастыруды қамтуы мүмкін.

6) радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу – радиоактивті қалдықтар көлемін азайту және (немесе) радионуклидтерді радиоактивті қалдықтардан шығару және (немесе) радиоактивті қалдықтардың құрамын өзгерту жөніндегі технологиялық операциялар;

7) радиоактивті қалдықтарды орау – радиоактивті қалдықтарды тасымалдауға және (немесе) сақтауға және (немесе) көмуге дайындалған орама жиынтық (контейнер);

8) радиоактивті қалдықтарды шынылау – радиоактивті қалдықтарды шыны тәрізді матрицалық материалға қосу;

9) суға төзімділік – компаундтың (қаптаманың) өзінің қасиеттерін сақтау және сумен араласқанда оған қосылған радионуклидтерді ұстап қалу қабілеттілігі;

10) сұйық радиоактивті қалдықтар – сұйық өнімдер (сулы немесе органикалық) немесе ерітінді түріндегі немесе шөгінділер түріндегі құрамында радиоактивті заттар бар қойыртпақ;

11) сұйық радиоактивті қалдықтарды битумдау – радиоактивті қалдықтарды битумды матрицалық материалға қосу;

12) сұйық радиоактивті қалдықтардың ұсталымы - қысқа мерзімдік радионуклидтердің ыдырауы есебінен радиоактивтілігі мен жылу бөлуін азайту мақсатында сұйық радиоактивті қалдықтарды сақтау.

13) сұйық радиоактивті қалдықтарды цементтеу – сұйық радиоактивті қалдықтарды цемент матрицалық материалға қосу;

14) сұйық радиоактивті қалдықтарды шеттету – радионуклидтердің қоршаған ортаға жылыстау мүмкіндігін азайту мақсатында сұйық радиоактивті қалдықтарды қатты агрегат күйге ауыстыру;

15) тосқауыл – радионуклидтердің қоршаған ортаға таралу жолындағы бөгет. Үй-жайлар мен қоймалардың бітеу қоршаулары, құрамында радиоактивті қалдықтар бар жабдықтар мен құбырлар, кондицияланған радиоактивті қалдықтардың физикалық-химиялық формасы тосқауыл болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет