201
5-тарау
•
Георг Зиммель
Бұл – Зиммельдің бұрынғыға қарағанда бірыңғайланған тәсілді ұсына ты-
нын көрсетеді. Ағылшын тіліндегі «Өмір туралы көзқарас» аудармасына кіріс-
пе сөзде Левин мен Силвер (2011:x): «Постмодернистер мен сыншыл теория-
шылар Зиммельді импрессионистік, жүйесіз эссе
жазушы ретінде бей нелеуге
тырысады және Синунельдің өмір философиясы Зиммель жұмыс тарының ор-
тақ бағасын бере алады», – деп тұжырымдайды. Зиммельдің ой-дәйектерінің
бөлшектелген және жүйесіз болып сипатталуы – оның өз теориялық көзқара-
сынан гөрі Америкада алғандарының көбірек болуына байланысты.
2
Оның ой-
ларының тұтастығын ескере отырып, Пыхтинен (2010) Зиммельдің әлеумет-
тану процесін ұстанғанына сендіреді. Зиммель шығармашылығында көрініс
табатын өмір тақырыбын айқындай отырып, Пыхтинен
Зиммельдің «аффект»
және «пайда болу» сияқты көптеген заманауи ойларды
болжап білгенін айта-
ды. Бұл – Зиммельдің бір реттік пікірі емес, оның бар ойының мәні. Бұл сипат-
тама Зиммельді тек нақты мәселелер мен тақырыптарға үздіксіз ұмтылатын
ойшыл ретінде ғана қарастырып қой май, оның Маркс, Дюркгейм мен Вебер-
ден мүлдем өзгеше әлеуметтануды ұсынғанын дәлелдейді (Schermer and Jary,
2013) Зиммель әлеуметтануы бірізді және жүйелі деп тұжырымдайды. Өмір
тақырыбына көз тігуден гөрі олар Зиммельдің
диалектикалық әдісіне назар
аудартады. Олар Зиммельдің адамдар арасындағы қарым-қатынасты талдауда
реляционды көзқарасқа сүйеніп, «диалектиканы қолдануы өзіне дейін ретсіз
(яғни жүйесіз) күйдегі әлеуметтік әлемді жүйелендіруге мүмкіндік берді» деп
тұжырымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: