Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет171/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   596
Sociology («Әлеуметтану ғылымына кіріспе») атты оқулығы жарық көрді. Ол 
көп жыл бойы есте қалатындай ықпалды кітап болды, әсіресе ғылымға, зерт-
теуге бейімділігімен, әлеуметтік құбылыстардың кең ауқымын қамту ерекше-
лігімен дараланды.
1920 жылдың соңы мен 1930 жылдардың басында Парк уақытының көбін 
Чикагодан басқа жақта өткізді. Ақырында, оның нәсілдік қарым-қатынастарға 
қатысты өмір бойғы қызығушылығы (әлеуметтанушы болғанға дейін ол Букер 
Талиафер Вашингтонның хатшысы болып жұмыс істеді) оны 1934 жылы Фиск 
университетіне («қара нәсілді» университет) алып келді. Чикаго бөлімінің құл-
дырауы ішінара Парктың кеткенімен байланысы болмағанымен, бұл әлеуметта-
ну орталығының ықпалы 1930 жылдарға қарай әлсірей бас тады. Чикаго универ-
ситеті әлеуметтану кафедрасының құлауы және өзге де әлеуметтану бөлімдері 
мен теориялары туралы айтпастан бұрын, біз осы мектептің ерте кезеңіне және 
шығармашылығы теориялық маңыздылыққа ие екі тұлға – Чарлз Хортон Кули-
ге және ең маңыздысы – Джордж Герберт Мидке оралуымыз керек.
3
Чарлз Хортон Кули (1864–1929). Кулидің Чикаго мектебімен байланысы 
ерекше, себебі ол өзінің ғылыми қызметін Мичиган университетінде бастады. 
Алайда Кулидің теориялық көзқарастары Чикаго мектебінің көрнекті бағы-
ты болған символикалық интеракционизммен сәйкес келді (G. Jacobs, 2006; 
Sandstrom and Kleinman, 2005; Schubert, 2005, 2007).


218
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Кули 1894 жылы Мичиган университетінде PhD дәрежесіне ие болды. Ол 
әлеуметтануға қатты қызықты, алайда сол уақытта Мичиганда әлеуметтану-
лық бөлім болған жоқ. Сондықтан оның докторлық жұмысына қатысты сұрақ-
тар Франклин Гиддингстің жетекшілігімен 1889 жылдан бері әлеуметтануды 
оқытатын Колумбия университетінен келіп жатты. Кули ұстаздық мансабын 
Мичиганда докторлық дәреже алғаннан бұрын, 1892 жылдан бастады.
Кули әлеуметтік тап, әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік институттар 
сияқ ты ауқымды феномендерді теориялық тұжырымдауымен және әлеумет тік 
өмірдің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін түсінуге үлес қосуымен кең 
танымал болды (Shubert, 2005, 2007). Кулидің бұл саладағы шығармашы лығы 
оған қарағанда тереңірек әрі еңбектері өз кезінде әлеуметтануға үлкен ықпал 
еткен Джордж Герберт Мидтің шығармашылығымен қатар қойылып жатады. 
Кулиді сана қызықтырды, бірақ ол (Мид секілді) сананы әлеуметтік контекс-
тен ажыратудан бас тартты. Мұны сипаттауда ең ұтымды мысал әлі күнге де-
йін маңызды айнадағы «мен» (looking glass self) тұжырымдамасы бола алады. 
Кулидің көзқарасы бойынша, бұл тұжырымдама адамдарда сана бар және ол 
қоғаммен жалғасқан қарым-қатынас кезінде қалыптасатынын білдіреді.
Кулидің әлеуметтік-психологиялық санасын айқындап, әлі күнге дейін ма-
ңызын жоғалтпай келе жатқан екінші негізгі тұжырымдамасы – алғашқы топ 
тұжырымдамасы. Алғашқы топ – бұл нақты бір адамның қоғаммен байланы-
сында негізгі рөлге ие, бетпе-бет, өте жақын қоршау тобы. Алғашқы топтар, 
алдымен жастар үшін маңызды, олар – отбасы мен құрдастар тобы. Мұндай 
топтарда индивид әлеуметтік жаратылысқа айналады. Көбіне алғашқы топта 
айнадағы «мен» эгоцентрлі бала басқа адамдарды да есепке алып, қоғамның 
мүшесіне айналған кезде пайда болады.
Кули де, (Winterer, 1994) Мид те адамдар сыртқы әсерлерге санасыз түр-
де жауап қайтарады деген бихевиористік көзқарастан бас тартты. Олардың 
ойынша, адамдарда сана, өзіндік «мен» бар және әлеуметтанушының міндеті – 
әлеуметтік шындықтың осы аспектісін зерттеу. Кули әлеуметтанушыларды 
өздерін зерттеу жүргізген адамдардың орнына қойып көруге шақырып, сананы 
талдау үшін симпатикалық интроспекция әдісін қолдануға үгіттеді. Зерттеп 
отырған адамның қай жағдайда қалай әрекет етуі мүмкін екенін ойласа, әлеу-
меттанушылар әлеуметтік іс-әрекеттің негізінде жататын мақсаттар мен мо-
тивтерді түсіне алады. Симпатикалық интроспекция әдісі көбіне ғылыми тәсіл 
болып көрінген жоқ. Мидтің бұл саладағы шығармашылығы Кулидің зерттеу-
лерінен біршама басым түсті. Дегенмен олардың қызығушылықтары көбінесе 
бір сипатта болды, соның ішінде «әлеуметтану сана, әрекет және қарым-қа-
тынас секілді әлеуметтік-психологиялық құбылыстармен айналысуы керек» 
деген пікірлері бар.
Джордж Герберт Мид (1863–1931). Символикалық интеракционизм мен 
Чикаго мектебінде ең елеулі ойшылдардың бірі әлеуметтанушы емес, философ 
Джордж Герберт Мид

болды. Ол Чикаго университетінде 1894 жылдан бері 
сабақ беріп, 1931 жылы қайтыс болғанға дейін сонда қызмет атқарды (Chriss, 
2005b; G.Cook, 1993). Оның әлеуметтану теориясы тарихындағы елеулі үле-
сі бар, әйтсе де, біріншіден, оның әлеуметтанудан емес, философиядан сабақ 
бергенін және, екіншіден, өмірі бойы санаулы ғана материалдар жариялаға-
нын ескере отырып, Мидті парадокс ретінде қарастыруға болады. Көбіне бұл 
пара докстің шешімін екі фактіден іздеген жөн. Біріншіден, Мид философия 


219
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
Роберт Парктың мансабы қарапайым академиялық 
әлеу меттанушыдағыдай (колледж-магистратура-оқы-
ту) болған жоқ. Керісінше, өмірінде әлеуметтанушы 
қызме тіне дейін ол әртүрлі мансапқа ие болды. Әлеу-
мет танушы қызметіне кешірек келгеніне қарамастан, 
Парк жалпы әлеуметтануға және жекелей алғанда 
әлеумет тану теориясына үлкен әсер етті. Парктың 
түрлі кәсі би тәжірибесі оның өмірге деген көзқа-
расының шең берінен шығып, ерекшелене түсуіне 
әсер етті, сөйтіп, өз кезегінде, белгілі бір деңгейде 
әлеуметтанудың, сим воликалық интеракционизмнің 
және Чикаго мектебінің қалыптасуына да игі ықпа-
лын тигізді.
Парк Пенсильвания штатындағы Харвивилльде 1864 
жылы 14 ақпанда дүниеге келген (Matthews, 1977). 
Мичиган университетінің студенті бола жүріп, Джон 
Дьюи секілді бірқатар ойшылдардың еңбектерін қызы-
ға оқы ды. Көп идеялар Паркты шабыттандырғаны-
мен, ол шынайы өмірде жұмыс істеу керегін ұғынатын. Өзі де: «Мен жаныма… әлемнің бар 
қуанышы мен өкінішін жинау үшін тәжірибе жинауға бел шештім», – деп айтқан еді ([1927] 
1973:253). Оқуды аяқтаған соң, шынайы өмірдің ыстық-суығын көру үшін журналист болып 
қызмет атқарды. Оған түбегейлі зерттеген ұнайтын (ойынханалар мен есірткі ошақтарын іздеу) 
(Park, [1927] 1973:254). Ол қала өміріндегі оқиғаларды егжей-тегжейлі жазып отырды. Әдетте, 
ол зерттеу алаңында бақылап, кейін зерттеу нәтижелерін қағазға түсіретін. Негізінен, ол Чикаго 
әлеуметтануының ажырамас бөлігі болып кеткен зерттеумен («ғылыми репортажбен»), яғни ба-
қылау тәсілін қолдану арқылы қала этнологиясын зерттеумен айналысты (Lindner, 1996).
Әлеуметтік өмірдің сипаттамасы оны қызықтырғанымен, газеттегі жұмысын одан әрі жалғас-
тыруға құлшынысы болған жоқ: ол, ең алдымен, тұрмыстық жағдайына және, бастысы, интел-
лектуалды қажеттіліктерінің өтелуіне қанағаттана алмады. Оның үстіне Парк әлеуметтік рефор-
маларға қызыққандықтан, оның жұмысы әлемнің өркендеуіне әсер етпей жатқандай сезінді. 
1898 жылы 34 жасында Парк газеттегі жұмысын тастап, Гарвардтың философия бөліміне қыз-
метке кірді. Ол онда бір жыл жұмыс істеп, әлемдегі интеллектуалды өмірдің сол кездегі ошағы 
саналған Германияға қоныс аударды. Берлинде өзінің әлеуметтанушылық көзқарасына айрық-
ша әсер еткен Георг Зиммельмен танысты. Шындығында, Зиммельдің дәрістері Парктың әлеу-
меттану саласында алған жалғыз ресми білімі болатын. Парк өзі айтқандай, «мен қоғам мен 
адам табиғатына қатысты білімімнің басым бөлігін өзімнің бақылауларымнан алдым» ([1927] 
1973:257). 1904 жылы Парк Гейдельберг университетінде докторлық диссертациясын аяқтады. 
Парк, әдетінше, өз жұмысына көңілі толған жоқ: «Бар көрсетерім кішкентай кітапша болды және 
ол үшін ұялдым» (Matthews, 1977:57). Ол Чикаго университетінде жазғы сабақ беруден, кезінде
газеттен кеткендей, бас тартты.
Қоғамды жақсартуға деген құлшынысы оны – Белгияның Конгосында сол кезде төтенше бай-
қалған қатыгездік пен қанауды жұмсарту үшін құрылған Конго реформаторлық қауымдастығы-
на алып келді, сонда қоғамдық байланыс бойынша төраға және хатшы болып істеді. Осы кезең-
де Парк Букер Т. Вашингтонмен танысып, қара нәсілді америкалықтардың тағдырын жақсартуға 
бейжай қарамайтынын анық көрсетті. Вашингтонның көмекшісі болып, Таскиджи (Tuskegee) 
ұйымының өркендеуінде көп үлес қосты. 1912 жылы Парк Таскиджиде дәріс оқыған чикаго-
лық әлеуметтанушы У.И. Томаспен танысты. Ол Паркқа Чикаго университетінде аспиранттардың 
шағын тобына «Америкадағы қара нәсілділер» атты курс оқуға шақырды, Парк бұл ұсынысты 
қабылдап, 1914 жылы дәріс оқи бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет