Алеуметтану тероиясы indb


Ерте кезеңдегі Чикаго мектебі



Pdf көрінісі
бет170/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   596
Ерте кезеңдегі Чикаго мектебі. Чикагодағы жаңадан құрылған әлеуметтану 
бөлімі өзіне тән бірнеше сипатпен ерекшеленді. Бір жағынан, ол дінмен тіке-
лей байланыста болды. Кей оқытушылардың өздері – шіркеу қызметкерлері, ал 
басқалары шіркеу қызметкерлерінің балалары болды. Мысалы, Смолл «әлеу-
меттанудың бас ты мақсаты христиандық болуы тиіс деп санады (Matthews, 
1977:95). Осы пікір әлеуметтік реформаларда қызығушылық туғызу керек 
деген көзқарасты ұстанады және осы көзқарас әлеуметтану ғылыми
болуы 
шарт деген сеніммен ұштасады.
2
Ұлғайып келе жатқан және урбанизация мен 
индустрияланудың позитивті әрі негативті ықпалын бастан кешірген Чикаго 
қаласында ғалымдарға әлеуметтік амелиоризацияға арналған ғылыми әлеумет-
танумен айналысуға тура келді.
Уильям Айзек Томас (1863–1947). Уильям Айзек Томас 1895 жылы Чика-
го университетінің қызметкері бола жүріп, 1896 жылы өз диссертациясын 
аяқтады (T. McCarthy, 2005). Томастың әлеуметтануға деген ұзақ мерзімді 
сарқылмас ықпалы әлеуметтану мәселелері бойынша ғылыми-зерттеудің 
қажеттілігін алға тартуында болды (Lodge, 1986). Ол көп жылдар бойы осы 
көзқарасты қолдаса да, оның негізгі сөзі 1918 жылы Флориан Знанецкиймен 
бірігіп шығарған The Polish Peasant in Europe and America («Еуропа мен Аме-
рикадағы поляк шаруасы: иммиграция тарихындағы классикалық еңбек») 
атты кітап жарық көргенде айтылды (Halas, 2005; Stebbins, 2007a, 2007b; 
Wiley, 2007). Мартин Булмер оны аса маңызды зерттеу деп санайды, себебі 
бұл зерттеу әлеуметтануды «абстрактілі теориялар мен кітапханалық зерт-
теуді, теориялық шеңберді қолдана отырып, эмпирикалық әлемді зерттеуге 
алмастырды» (Bulmer, 1984:45). Норберт Уайли The Polish Peasant in Europe 
and America («Еуропа мен Америкадағы поляк шаруасы») әлеуметтанудың 
қалыптасуына өте маңызды деп санады, өйткені «тек осы пән ғана зерттеу 
мен бақылау жүргізе алатын, жеке интеллектуалдық кеңістікті анықтайды» 
(Wiley, 1986:20). Осы кітап Еуропа мен Құрама Штаттарда сегіз жыл бойы 
жүргізілген зерттеудің нәтижесі және поляк көшіп-қонушыларының ара-
сында әлеуметтік ұйымшылдықтың жойылуын зерттеді. Мәліметтер кейі-
нірек өз мәнін жоғалта бастады. Алайда ондағы әдіснамасы маңызды болды. 
Ол автобиографиялық ақпарат, ақылы жазулар, туыстарға хат, газет тігін-
ділері, ресми құжаттар және іскер корреспонденция сынды түрлі мәлімет 
көздерін қамтыды.
Поляк шаруасы әлеуметтік институттардың макро әлеуметтану зертте-
лімі болғанымен, Томас өз мансабында микроскопиялық, әлеуметтік-пси-
хологиялық бағыт-бағдарға ұмтылды. Ол мынадай әлеуметтік-пси хология-
лық пікірімен белгілі (Дороти Томаспен бірігіп жазған кітапта көрсетілген): 


217
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
«Егер адамдар жағдайды шынайы қалпында айқындаса, онда оның салдары да
шынайы болады» (Thomas and Thomas, 1928:572).
Басымдық адамдардың не ойлайтыны және ол ой олардың істеген әрекет-
теріне қалай әсер етулеріне байланысты болды. Бұл микроскопиялық, әлеу-
меттік-психологиялық көзқарас Маркс, Вебер мен Дюркгейм сияқты макрос-
копиялық, әлеуметтік-құрылымдық және әлеуметтік-мәдени көзқарастарға 
қарама-қайшы келді. Ол Чикаго мектебінің теориялық жемісі – символикалық 
интеракционизмнің ерекше белгілерінің бірі болды (Rock, 1979:5).
Роберт Парк (1864–1944). Чикагодағы тағы бір ерекше тұлғалардың бірі – 
Парк 1914 жылы Чикаго университетіне жарты жұмыс күніне оқытушы болып 
орналасты. Көп ұзамай әлеуметтану бөліміндегі ең озық ғалымдардың санаты-
на қосылды.
Парктың әлеуметтанудың дамуындағы маңыздылығын даралайтын бір-
неше ерекшеліктері бар. Біріншіден, ол 1930 жылдарға дейін әлеуметтануда 
басымдық танытып келген Чикаго университетінде ең мықты тұлғалардың 
бірі болды. Екіншіден, Парк Еуропада оқыды және Чикаго әлеуметтанушы-
ларының назарын сол құрлықтың ойшылдарына аударуға ықпал етті. Парк 
Зиммельдің шәкірті болды, осылайша, Зиммельдің идеялары, әсіресе оның 
іс-әрекет пен өзара ықпалдасуға берген басымдығы Чикаго мектебінің теория-
лық бағдарының қалыптасуына зор әсерін тигізді (Rock, 1979:36–48). Үшін-
шіден, Парк әлеумет танушы болудан бұрын репортер болды, бұл тәжірибесі 
оған қала өмірі мәсе лелерінің маңыздылығын түсінуге және бақылау арқылы 
эмпирикалық мәліметтерді жинау қажеттігін үйретті (Lindner, 1996; Strauss, 
1996). Чикаго мек тебінің қала экологиясына айрықша ден қоюы дәл осы жер-
ден туындады (Gaziano, 1996; Maines, Bridger and Ulmer, 1996; Perry, Abbott, 
and Hutter, 1997). Ең соңында, 1921 жылы Парк пен Эрнест У. Берджесстің 
әлеуметтану саласында шын мәнісінде маңызды Introduction to the Science of 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет