Алеуметтану тероиясы indb


Джордж Хоманс (1910–1989)



Pdf көрінісі
бет179/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   596
Джордж Хоманс (1910–1989). Бостоннан шыққан бай адам Гарвардта бака-
лавр дәрежесін 1932 жылы алған (Homans, 1962, 1984; see also D. Bell, 1992). 
Ұлы дағдарыс салдарынан ол жұмыссыз қалды, алайда ақшасы болды. 1932 
жылдың күзінде Л.Дж. Хэндерсон деген физиолог оны Вильфредо Парето тео-
риясы бойынша дәріс оқуға шақырады және Хоманс оған келіседі (Парсонс та 
Паретоның дәрістеріне қатысты). Джордж Хоманстың келесі сөздерінде амери-
калық әлеуметтану теориясы не себепті соншалықты консервативті, анти марк-
систік бағытта болғаны туралы айтылады:
«Паретоның сөздері мен шүбәсіз сенетіндей тұжырымдамаларды айқын 
дәлелдеді, сондықтан мен оның дәрістеріне қатыстым... Бір кісі маған 
заманауи әлеуметтану революционерлерінің уәждеріне қарсы шығу-
дың құралы екенін айтқан болатын. Бостондық бай отбасынан шыққан 
республикашыл ретінде отызыншы жылдардағы дағдарыстан кейін мен 
жеке басым қатты зардап шеккенін сезіндім, әсіресе марксистер тара-
пынан. Мен Паретоға сенуге дайын едім, себебі ол маған қорған болуды 
ұсынды».
(Homans, 1962:4)


229
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
Джордж Хоманстың Паретоға қызығушылығы An introduction to Pareto 
(«Паретоға кіріспе») атты кітаптың (Чарльз Кертиспен бірігіп шығарған) жа-
зылуына түрткі болды, шығарма 1934 жылы жарық көрді. Бұл кітаптың шығуы 
Хомансты әлеу меттанушы етті, алайда Паретоның еңбегі оған дейінгі әлеумет-
танудан оқыған жалғыз туынды еді. 1934 жылы Хомансқа Гарвардтың ғылыми 
қызметкері лауазымы берілді, бұл бағдарлама PhD бағдарламасымен байла-
нысты барлық мәселелерді шешу керек болатын. Шындығында, Хоманс еш-
қашан PhD дәрежесін алмаған, алайда өз заманының атақты әлеуметтанушы 
ғалымы болды. 1939 жылға дейін Хоманс қарапайым ғылыми қызметкер бо-
лып істеді, сол кезде ол әлеуметтанудың барлық саласымен тереңірек таныс-
ты. 1939 жылы әлеуметтану кафедрасымен тығыз байланыста болды, бірақ бұл 
байланыс со ғыстың кесірінен үзіліп қалды.
Хоманс соғыстан қайтып келген соң Парсонстың тікелей ұйымдастыруы-
мен, Гарвардта қоғамдық қатынастар бөлімі құрылды. Хоманс соған қосылды. 
Хоманс – Парсонс еңбегінің кейбір аспектілерін жоғары бағалайтын, дегенмен 
оның тео риялық көзқарастарын айрықша сынға алды. Көптеген кітап пен ба-
сылымдарда екі ғалымның арасында ұзақ мерзімге созылған тартыс басталды. 
Хоманстың пікірінше, Парсонс теориясы шын мәнінде теория емес, бар болға-
ны ғылыми аспектілерге қатысты жай интеллектуалды категориялар жиынты-
ғының жүйесі ғана. Хоманс «теорияның қалыптасуы әлеуметтік әлемді басы-
нан бастап зерттеуге негізделуі керек» деп есептеді (төменнен жоғары қарай). 
Ал Парсонс теориясы жалпы теориялық деңгейден бастау алып, эмпирикалық 
зерттеуге қарай бағытталды (жоғарыдан төменге қарай).
Хоманс өз жұмысында біраз жылдар бойы эмпирикалық бақылауларды 
жи нақтай келіп, тек 1950 жылдары осы ақпараттарды талдауға мүмкіндік бе-
ретін теориялық әдісін қолданды. Бұл әдіс Гарвардтағы әріптесі – психолог
Ф. Скиннер ұсынған психологиялық бихевиоризм бағыты болатын. Осы перс-
пектива негізінде Хоманс өзінің айырбас теориясын дамытты. Біз бұл теория-
лық дамудың тарихын осы тараудың алдағы бөлімдерінде қарасты ратын бола-
мыз. Ең маңыздысы гарвардтық мектеп пен құрылымдық функ ционализм 1930 
жылдары үздік деп мойындалып, символикалық интеракционизм мен чикаго-
лық мектептің орнын алмастырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет