Алеуметтану тероиясы indb


УИЛЬЯМ ЭДВАРД БЕРКХАРДТ ДЮБУА



Pdf көрінісі
бет177/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   596
УИЛЬЯМ ЭДВАРД БЕРКХАРДТ ДЮБУА
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
Cornelius Marion (C.M.) Battey/ https://upload.wikimedia.org/wikipedia/ commons/1/12/WEB_DuBois_1918.jpg


226
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
УИЛЬЯМ ЭДВАРД БЕРКХАРДТ ДЮБУА
дүниеге келді. Ол өз күшіне 1909 жылы енді, ал Дюбуа сол ұйымның басылымдары мен зерт-
теулерінің директоры болды. Ол қара нәсілді халықтың прогресшіл Ұлттық ассоциациясының 
(National Association for the Advancement of Colored People (NAACP)) The Crisis журналының негі-
зін қалады. The Crisis журналы америкалық қара нәсілділердің мәселесін көтерген көптеген жа-
зушылар мен зерттеушілердің еңбектері жарық көрген алғашқы журнал болды. Дюбуа бұл жур-
нал өз идеясын кең таратуға қажетті платформа болғандықтан, осы қызметке келісті (The Crisis 
журналының редакциялық пікірлерін жариялауға тек өзі жауапты болды). Бірақ оның Атланта 
университетіндегі қызметі ақ нәсілділер көшбасшылары арасындағы қара нәсілділер қауымының 
беделді өкілі және өте ықпалды саясаткерлердің бірі болып табылатын Букер Т. Вашингтонмен 
арадағы қарама-қайшылықтардың күн санап ушыға беруіне байланысты жалғаса алмады. Дюбуа 
«
қара нәсілділердің ақтармен салыстырғанда шеттетіліп отырғанын айтты, олардың экономикада 
да ақтардың көлеңкесінде қалып, тек қол жұмысымен ғана шектелгенін қалайды» деп, Вашин-
гтонды айыптады. Келесі жарты ғасырда Дюбуа барлық афро-америкалықтардың атынан және 
басқа нәсіл мәселелері жайында сөйлейтін белсенді жазушы болды (Lewis, 2000). Ол барлық түсті 
нәсілдер мен қара нәсілді адамдардың өміріне байланысты талдау жүргізетін АҚШ және бірқа-
тар мемлекеттер территориясында ұйымдастырылған барлық жиналыстарға белсене ат салысты. 
Көптеген өзекті мәселелер туралы ой қозғап, көбінесе қара нәсілділердің мүддесін қорғап отыр-
ды. Мысалы, ол қара нәсілділердің қандай президент кандидатына дауыс беру керектігі не қара 
нәсілділердің АҚШ-тың Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыста қандай саясат ұстану керектігі, 
қара нәсілді америкалықтар осы соғыстарды қолдап қатысу керек пе, жоқ па деген сұрақтар тө-
ңірегінде өзіндік көзқарас ұстанды.
1930 жылдардың басындағы дағдарыс The Crisis журналының таралуына зиянын тигізді, сөйтіп, 
Дюбуа өз қауымдастығындағы жас диссенденттер алдындағы беделінен айырылды. Атлантадағы 
университетіне қайта оралды. Онда Black Reconstruction in America («Америкадағы қара қайта 
құру») (1860–1880) атты ғылыми еңбегін жазды ([1935] 1998). Мұнда он жылдан астам уақыт жұ-
мыс істеп, 1944 жылы университеттегі (76 жасында) жұмыстан мәжбүрлі түрде босатылған еді. 
Осы кезде қара нәсілді халықтың прогресі Ұлттық қауымдастығы «National Association for the 
Advancement of Colored People» (NAACP) оны көркемдік жетекші ретінде жұмысқа шақырды, бі-
рақ Дюбуа ол қызметті атқарудан бас тартты. Жасы келіп, бұл қызметті атқара алмайтын болған 
соң, 1948 жылы жұмыстан шығуға бел буды. Өмірінің соңғы жиырма жылында оның барлық 
жұмысы анағұрлым радикалды болып келді. Ол топқа қосылып бейбіт ұйымдарға ат салысты, 
1951 жылы шетел державасының агенті ретінде тіркелуден бас тартқаны үшін кінәлі деп танылып 
жауапқа тартылған болатын.
Өз өмірінің бастапқы кезінде Америкада да, бүкіл әлемде де капиталистік қоғамдағы қара нә-
сіл ділерге қатысты негізгі мәселелерді шешем деген үміті болған. Жылдар өте келе капитализм 
мен капиталистерге деген сенімі жоғалып, социализмді жақтаушы болды. Ақырында, оның көз-
қарастары одан да радикалды сипатқа ауысты, ол коммунизмге бет бұрды. Коммунизмнің Қы-
тай мен Кеңес Одағындағы жетістіктеріне тамсанды. Кейінірек коммунистік партияның мүшесі 
болды. Ұзақ өмірінің соңында үміттерінен біржола күдер үзіп, АҚШ-тан кетіп, Гана африкалық 
мемлеке тіне қоныс аударды. Дюбуа 1963 жылы 27 тамызда танымал Вашингтон Маршына бір 
күн қалғанда Гана азаматы ретінде дүниеден өткенде 95 жаста еді.
Дюбуа маңызды теорияшыл ретінде мойындалуы салыстырмалы түрде тек соңғы кездерде та-
ралып келе жатқанымен, қара нәсілділер қоғамындағы беделі қашан да жоғары болған. Мы-
салы, қара нәсілді халықтың прогресі Ұлттық ассоциациясының (National Association for the 
Advancement of Colored People (NAACP)) басшысы ретінде тағайындалғанында Джулиан Бонд ол 
кісі туралы:
«Меніңше, менің жасым мен дәуірімдегі адамдар үшін осы... (Бонд кішкентай жаста өзінің үйін-
дегі Дюбуаның қолынан ұстаған суретін көрсетіп отыр)... қалыпты тәжірибе болды. Дюбуаның 
сіздің үйіңізде болғаны емес, алайда оның есімін өз үйлерімізде есту, ол туралы ақпаратты білу, 
өз үйлерімізде дастарқан басында отырып айту қалыпты тәжірибе болды... Ол біз үшін дастарқан 
басындағы әңгімеге айналды», – деген екен (cited in Lemert, 2000:346).


227
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
болған) әлеуметтану пәнінің оқытушы қызметіне алуы маңызы зор оқиға бол-
ды. Парсонс әйгілі әлеуметтану теорияларын жазумен бірге, ірі әлеуметтану-
шы теорияшыл шәкірттер даярлған әрі америкалық қауымға Еуропа теория-
шыларын танытқан Америка әлеуметтануындағы аса беделді тұлға еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет