Алеуметтану тероиясы indb


Карл Мангейм және білім әлеуметтануы



Pdf көрінісі
бет181/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Карл Мангейм және білім әлеуметтануы
Бұл жерде Карл Мангейм (1893–1947) шығармашылығына тоқтала кету керек 
(Kettler and Meja, 1995; Loader, 2011; Ruef, 2007). Мангейм Венгрияда туып
алдымен Германияға, одан кейін Англияға қоныс аударуға мәжбүр болды. 
Мангеймге марксистік идеологиялық еңбектер, сондай-ақ Вебер, Зиммель мен 
неомарксист Джордж Лукачтың туындылары әсер етті. Оның Вебердің ойла-
рына қарағанда рационализм туралы айтқан ойлары нақтылығымен және ор-
нықтылығымен ерекшеленеді (Ritzer, 1998).


231
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
Ол әлеуметтанудың қазіргі аса маңызды саласының бірі – білім әлеуметта-
нуының негізін қалаушы ретінде кең танылды (E. McCarthy, 1996, 2007; Stehr, 
2001). Әрине, Мангейм өзіне дейінгілердің идеяларына сүйенген, әсіресе Карл 
Маркске қызыққан (бірақ Мангейм марксист болудан әлдеқайда алшақ бола-
тын). Негізінде, білім әлеуметтануы, жалпылай алғанда, білімді, идеяларды 
немесе интеллектуалды құбылыстарды жүйелік тұрғыдан зерттеуге бағытта-
лады. Мангеймнің пайымдауынша, білім қоғамдағы болмыс тан қалыптасады. 
Мысалы, Мангейм топтық идеяны осы топтың әлеуметтік құрылымдағы по-
зициясы тұрғысынан байланыстыруға тырысты. Маркс әлеуметтік таптарды 
идеяларға байланыстырса, Мангейм ол ұғымды кеңейтті, идеяларды қоғамда-
ғы түрлі позициялармен теңестірді (мысалы, ұрпақтар арасындағы айырма-
шылық).
Мангейм білім әлеуметтануын жасаудағы маңызды ісінен бөлек, екі идея 
жүйесі – идеология мен утопия арасындағы салыстырмалы талдаулары үшін 
танымал болды (B. Turner, 1995). Идеология кешегі көзқарастарға сүйене 
отырып, бүгінгіні жасыруға және сақтауға тырысады. Утопия – керісінше, 
бүгіннен аттап, болашаққа көз жіберетін идея жүйесі. Идеологтер мен уто-
пистер арасындағы қайшылық қоғамдағы шынайылық ретінде көрініс табады 
(Mannheim, [1931] 1936). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет