Алеуметтану тероиясы indb


Ғасыр ортасынан кейінгі әлеуметтану теориясы



Pdf көрінісі
бет182/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   596
Ғасыр ортасынан кейінгі әлеуметтану теориясы 
Құрылымдық функционализм: шырқау шегі мен құлдырауы 
1940–1950 жылдар қарама-қайшылыққа толы құрылымдық функционализм-
нің үстемдік құруы мен құлдырауының бастамасы болды. Осы кезде Парсонс 
өзінің әрекет теориясынан құрылымдық функционализмге ауысуын анық көр-
сететін ең маңызды тұжырымдамаларын жасады. Парсонстың студенттері ел-
дің түкпір-түкпіріне таралып, әлеуметтанудың ірі орталықтарында қызмет ат-
қарды (мәселен, Колумбия мен Корнелде). Олар өздерінің жеке туындыларын 
жазды, ол еңбектер құрылымдық функционализм үшін маңызды болды.
Бірақ әлеуметтану теориясында үстем бола бастаған құрылымдық функцио-
нализм бірте-бірте сынға алынатын нысанға айналды. Ол сындар 1960–1970 
жылдарға қарай күшейді. 1959 жылы Парсонсқа Ч. Райт Миллс де сын айта бас-
тады. Бұған қоса Дэвид Локвуд (Lockwood, 1956), Элвин Гоулднер (Gouldner, 
[1959] 1967, 1970; Chriss, 2005a) мен Ирвинг Горовиц (Horowitz, [1962] 1967, 
1970) сияқты ойшылдар маңызды теориялар ұсынды. 1950 жылдары бұл сын 
«партизандық шабуылдар» деп қабылданды, 1960 жылдары әлеумет танудағы 
құрылымдық функционализм беделіне шындап қауіп төне бастады.
Джордж Хуако (1986) құрылымдық функционализмнің өрлеуі мен құлды-
рауын АҚШ-тың әлемдегі орнымен байланыстырады. Америка 1945 жылдан 
кейін әлемдегі жетекші орынға шыққан соң құрылымдық функционализм өр-
лей бастады. Құрылымдық функционализм Американың әлемдегі үстемдігін 
екі жолмен қолдады. Біріншіден, құрылымдық функционализм «әрбір модель 
өзінен ірі жүйеден сақтануға және өзін-өзі қамтуға талпынады» деген пікірді 
ұстанды, ол Құрама Штаттардың әлемдік гегемониялық беделін дәріптеуден 
еш айырмашылығы болмады (Huaco, 1986:52). Екіншіден, құрылымдық функ-
ционализм теңдікті сақтауға бағытталды (ең жақсы әлеуметтік өзгеріс – өз-


232
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
герістердің болмауы). Бұл ұғым сол кездегі АҚШ-тың мүддесімен сай келді, 
өйткені ол сол кездегі әлемнің «ең ірі әрі ең бай елі» еді (Huaco, 1986:50). 1970 
жылдардағы Құрама Штаттар ықпалының төмендеуі әлеуметтанудағы құры-
лымдық функ ционализмнің құлдырауымен дөп келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет