Алеуметтану тероиясы indb


Конфликт теориясының дамуы



Pdf көрінісі
бет184/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   596
Конфликт теориясының дамуы
Құрылымдық функционализмге балама болатын конфликт теориясының да-
муы марксистік пен әлеуметтану теориясының шынайы одағы пайда болға-
ны ның тағы бір белгісі еді. Бұған дейін айтқанымыздай, құрылымдық функ-
ционализм әлеуметтік теорияда үстемдік құра бастағаннан кейін жиі сын-
ға ұшы рады. Сын әртүрлі болды: құрылымдық функционализм әлеуметтік 
конфликтіні дұрыс талдамай, тұрақты құрылымға баса назар аударып, саяси 


233
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
Чарльз Райт Миллс 1916 жылы 28 тамызда Техас шта-
тының Вако қаласында дүниеге келген (Dandaneau, 
2007b; Domhoff, 2005; Hayden, 2006). Классикалық 
орта тапқа жататын отбасынан шықты, әкесі сақтан-
дыру делдалы, ал анасы үй шаруасындағы қарапайым 
әйел болды. Техас университетінде оқып, 1939 жылы 
бакалаврлық және магистрлік дәрежелі диплом алды. 
Миллс өте ерекше студент болды, оқып жүріп мақала-
лары екі бірдей беделді әлеуметтану журналында жа-
рық көрді. Ол докторлық диссертация қорғап, Вискон-
син университетінде PhD дәрежесін алды (Scimecca, 
1977). Мерилэндтегі университет оның ең алғашқы жұ-
мыс орны болды. Бірақ 1945 жылдан бастап өмірінің 
соңына дейін Колумбия университетінде жұмыс 
істеді.
Миллс өз өмірінде бәріне үлгеруге асығатын адамның 
бірі еді (Horowitz, 1983). 45 жасында төртінші жүрек тал-
масынан қайтыс болғанға дейін, әлеуметтану ғылымына 
көптеген маңызды жаңалықтар енгізді.
Миллстің ең елеулі ерекшеліктерінің бірі оның мінезіндегі жауынгерлік сипат еді. Ол үнемі со-
ғыс жағдайында жүргендей сезінетін (Form, 2007). Өмірінде 3 рет үйленіп, әр әйелінен балалары 
болған. Кәсіби өмірі де жеке өмірі сияқты қарқынды еді. Ол барлығына қарсы күресіп өткен 
сияқты. Висконсинде аспирант болып жүргенде өз оқытушыларына қарсы келетін. Кейіннен 
Висконсин бөлімінің бұрынғы басшысы жайындағы сыни мақаласы жарық көрді. Ол Вискон-
синдегі бас теорияшы – Говард Беккерді «нағыз ақымақ» деп атайтын (Horowitz, 1983). Ақы-
рында, өзінің бірігіп мақала жазатын әріптесі Ханс Гертпен арадағы дауы басталды. Ол Миллсті 
«пасық, арсыз бала, тек өз пайдасына ұмтылатын, көп уәде беретін жас жігіт және мылтық асын-
ған ат үстіндегі техастық ковбой» деп атаған (Horowitz, 1983:72). Миллс Колумбия профессоры 
бола тұра, өз әріптестері арасында оқшауланып, көп шетқақпай көрді. Солардың бірі ол туралы 
былай депті:
«Райт екеуміздің арамызда жақындық болған жоқ. Біз бір-бірімізге әуел бастан-ақ жат 
болдық. Шынымен де, Миллстің өлімінен кейін де Колумбия университетінің ұйымдас-
тыруымен өтетін еске алу кештерінде немесе кездесулерде болсын, мен «оның досы 
болдым, кейіннен уақыт келе бір-бірімізден алыстап кеттік» деп айта алмаған жалғыз 
адам болған сияқтымын. Себебі бәрі керісінше еді».
(Horowitz, 1983:83)
Миллс өзгеше болатын және оны өзі де білетін: «Мен жат жерлікпін және бұл географиялық 
жағынан ғана емес, ішкі болмысыммен жатпын. Және бұл – мәңгілік нәрсе» (Horowitz, 1983:84). 
Миллс The Sociological Imagination («Әлеуметтанулық көрініс») (1959) еңбегінде сол кездегі абы-
ройлы әлеуметтанушы Толкотт Парсонсқа ғана емес, өзінің бұрынғы Колумбия университетінде 
бірге істеген әріптесі ықпалды әдіскер ғалым Пол Лазарсфельдке де біраз ой салды:
«
Миллстің адамдармен ғана келісе алмағаны былай тұрсын, ол тіпті америкалық қо-
ғамның біраз тұсын сынап, онымен де сыйыса алмады. Оның бұл қасиетін айқын таныт-
қан оқиға Кеңес Одағына жасаған сапары болды: оны америкалық қоғамды сынаушы 
ретінде марапаттап, қабылдап жатқанда ол одақтағы цензураны ұстанудан бас тартты.
«Тілек айтып тұрып, сталиндік қуғын-сүргін кезінде қаза тапқан қайраткерді еске алды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет