242
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
туынша, нәсілдік қасиет бойынша эмпирикалық зерттеу дәстүрлері болғаны-
мен, әлеуметтану зардап шекті, себебі нәсілдік теорияның жалпы ортақ тео-
риясы болған жоқ. Олардың ұстанымы Бурдьенің «өрістері» ұғымына негіз-
делді және нәсіл мен нәсілшілдік әлеуметтік тәртіптің әртүрлі деңгейлерінде
қалай жүзеге асатынын көрсетті.
Соңында, ғылыми танымның жаңа аймақтары пайда болды, олар нәсілшіл-
дік пен отаршылдық қалдығынан құтылуға тырысуда немесе қорыта келгенде,
Батыс білімін қайта қарастырумен айналысуда. Сонымен теорияның өзі нәсіл-
дік айырмашылықтың аражігін бөлген Батыс біліміне сүйенген ұғым ретінде
қарастырылды. Теория батыста орныққан теориялардың нәсілдік айырмашы-
лықтарының қайта жаңғыртуын көрсетеді. Батыс теориясына өзгерістер енгізу
мақсатында Райен Коннелл (2007) сияқты ғалымдар мемлекеттану ғылымы-
мен де айналысты (A. Simpson and Smith, 2014; L. Simpson, 2011). Олар оң-
түстіктегі (Үндістан, Латын Америкасы, Иран) және жергілікті халықтардың
(аборигендер, тұрақты солтүстік америкалықтар) арасында туындап жатқан
әлеуметтік теорияларға назар аударды. Жоғарыда аталып өткендей, феминис-
тік көзқарас және төменде көрсетілген постмодернистік көзқарас сияқты, олар
теория мен оны жүзеге асыру туралы дәстүрлі ұғымдарға қарсы шығады.
Достарыңызбен бөлісу: