Алеуметтану тероиясы indb


II бөлім • Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер Марксистік әлеуметтанудың өркендеуі мен құлдырауы



Pdf көрінісі
бет190/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   596
238
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Марксистік әлеуметтанудың өркендеуі мен құлдырауы
1960 жылдардың соңына қарай марксистік көзқарас америкалық әлеуметта-
ну теориясында маңызды орын ала бастады (Cerullo, 1994). Әлеуметтанушы-
лардың көпшілігі Маркстің алғашқы еңбектеріне бет бұра бастады, кейінірек 
марк систердің қатары кеңейіп, әлеуметтану теорияларының саны көбейді, бұл 
маркс истік әлеуметтанудың дамуына жол ашты. Алғашында америкалық тео-
рияшылар Марксті оқи бастады, бірте-бірте америкалық әлеуметтанушылар-
дың арасында марксистік мектеп өкілдерінің саны көбейе түсті.
Америкалық теорияшылар сыни мектептің жұмыстарына аса қызықты, 
олар дың ішінде марксистік және веберлік теорияның бірігуі ерекше орын 
алды (Сalhoun, Karaganis, 2001). Көптеген туындылар ағылшын тіліне ауда-
рылды, бірқатар ғалымдар тобы сыни мектеп туралы кітаптар басып шығарды 
(Jay, 1973; Kellner, 1993).
Бұл бағыттарға деген қызығушылықпен бірге, осы бағыттарды институт-
тық қолдау пайда болды. Бірнеше Theory and Society, Telos and Marxist Studies 
сияқты журналдарда марксистік теорияға аса көңіл бөлді. Америкалық әлеу-
меттану қауымдастығының Марксистік әлеуметтану секциясы 1977 жылы 
құрылды. Америкада тек алғашқы теорияшылар ғана емес, екінші ағым ой-
шылдары да көзге түсті, әсіресе Юрген Хабермас пен үшінші ағымдағы Аксель 
Хоннет те танымал болды.
Америкалық әлеуметтану марксистік көзқарас бойынша дамып, бірнеше ба-
ғытта жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Олардың ішінде маңызды топтар дың 
бірі – марксистік көзқарасқа сәйкес тарихи әлеуметтанушылар (Skocpol, 1979; 
Wallerstein, [1974] 2011, [1980] 2011, [1989] 2011, 2011a). Тағы бір маңызды 
топ – экономиканы әлеуметтану көзқарасы бойынша зерттеумен айналысатын 
топ болды (Baran and Sweezy, 1966; Braverman, 1974; Burawoy, 1979). Басқалары 
көбінесе дәстүрлі эмпирикалық әлеуметтанумен айналысты, алайда олардың 
жұмыстарында марксистік теорияның ықпалы айқын байқалады (Kohn, 1976). 
Қазіргі кезде кеңістіктік марксизм бағыты дамып келеді. Атақты әлеуметтік ой-
шылдар (D. Harvey, 2000; Lefebvre, [1974], 1991; Soja, 1989) әлеуметтік геогра-
фияны марксистік көзқарас тұрғысынан зерттейді.
Алайда Кеңес Одағының құлдырауымен және әлемде марксистік режим-
нің құлауына байланысты 1990 жылдары марксистік теория ауыр жағдайды 
бастан кешті. Кейбіреулері бұрынғыша марксизмді жақтады, басқалары марк-
сизмнің түрленген жаңа типтерін таныстыра бастады (төменде постмарксис-
тердің талқылауын қараңыз, оған қоса Rethinking Marxism атты журнал да бар). 
Үшіншілері марксистік теориядан бас тарту керек деген оймен келісті. Соңғы 
көзқарасты ұстанған After Marxism («Марксизмнен кейін») (1995) атты ең-
бектің авторы Рональд Аронсон. Кітаптың ең басында: «Марксизм аяқталды, 
енді әрқайсысымыз өз жолымызбен кетеміз», – деп жазды (Aronson, 1995:1). 
Бұл көпшілік мойындаған марксистің сөзі болатын. Аронсон марксистік тео-
риямен жұмыс істеуді жалғастыра беретіндердің болатынын мойындады және 
оларды әлеуметтік трансформацияның марксистік жобасы болмауға шақыр-
ды. Марксистік теория Маркстің қоғамның негізін өзгерткісі келген жобасына 
сүйенді, бірақ ол ұзақ жасай алмады, себебі ол тәжірибеге негізделмеген жай 
ғана теория еді. Бұл ретте марксистер марксистік жобаға сүйене алмайтын 
болды, олар қайта заманауи қоғамға және оның «жеке күштері мен энергияла-
рына» сүйенуі тиіс (Aronson, 1995:4).


239
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
Бір кезде марксистік лагерьдің қатарындағы айрықша ғалым енді, міне, 
марксизмнің анағұрлым радикал сыншыларының біріне айналды. Басқалар 
қиындықтарды мойындайды, алайда түрлі әдістермен марксизмнің заманауи 
қоғамға бейімделуіне бағытталады (Brugger, 1995; Kellner, 1995). Бұл өзгеріс-
терге түрлі әдістер арқылы бейімделуге тырысқан марксистік теорияшылар 
үшін әлеуметтік өзгерістер үлкен мәселелер туындатты. Сондай-ақ марксистік 
әлеуметтік теорияның «өркендеу дәуірі» аяқталды делінді. Марксистік әлеу-
меттік теорияшылар өмір сүруін тоқтатпайды, алайда әлеуметтанудың жаңа 
тарихында бұрынғыдай дәрежеде қуатты серпін туғыза алмайды.
Неомарксистік теориялар жаһандану жағдайында әлемдегі теңсіздік пен 
өзге де әділетсіздік нәтижесінде бай елдер бай бола береді, кедей елдер кедей-
лене түседі деген түсінік қалыптасқан кезде (Stiglitz, 2002) бұрынғы дәреже-
сіне жете алмаса да, кіші ренессансты бастан кешіп жатыр (Hardt and Negri, 
2000). Көптеген марксист авторлардың ойынша, міндетті түрде ауыздықтал-
ған капитализммен және қанағатсыздықпен қоян-қолтық бірге жүретін жаһан-
дану бүкіл әлемнің ашық болуына ықпал етті (Ritzer, 2004). Егер, шындығын-
да, жоғарыда айтылғандай, қайшылық барған сайын асқына түссе, жаһандық 
капиталистік экономикаға қолдануға келетін марксистік теорияға қызығушы-
лық туындауы әбден мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет