237
6-тарау
•
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
J. Hall, 2007; Prendergast, 2005; Rogers, 2000). Шюц адам өз санасының толқы-
нында өмір сүрген кезде өзгелердің санасын қалай түсінетінін зерттеді. Сон-
дай-ақ
Шюц әлеуметтік әлемді, білімнің әлеуметтік табиғатының мәнін түсіну
үшін интерсубъективтілікті қолданды.
Шюц еңбектерінің үлкен бөлігі
өмір -әлемі немесе күнделікті өмір-әлемі деп
аталатын әлеуметтік әлем аспектісіне негізделген. Бұл адамдар өздерінен бұ-
рынғылар құрған әлеуметтік және мәдени құрылымдарды
ұстанатын әлеу мет-
тік шындықты қалыптастыратын интерсубъективті әлем деп аталады. Өмір-
әлемнің үлкен бөлігі бөлінгенімен, бұл әлемнің жеке (биографиялық
қалып-
тасқан) аспектілері бар. Шюцтың өмір-әлемінде жеке (интимдік) қатынастар-
ды (біз қатынастар) және алыстатылған жеке емес (олар қатынастары) қаты-
настарды бөліп көрсетті. Жеке қатынастар өмір-әлемде үлкен маңызды лыққа
ие
болғанымен, әлеуметтанушыға жеке емес қатынастарды ғылыми тұрғыдан
зерттеу оңай болды. Шюц санадан өмірдің интерсубъективтілі өмір-әлеміне
ауысқанымен, ол
шын мәнісінде сананы, адамдардың мотивтері мен мәні тура-
лы ойларын түсінуді ұсынды.
Жалпы алғанда, Шюц әлеуметтік әлемде оларға дейін өмір сүргендерден
мұраға қалған әлеуметтік, нақты бағытталған
әлеуметтік және мәдени шын-
дықты тудыратын диалектикалық қатынастардың маңыздылығына баса көңіл
бөлді.
Достарыңызбен бөлісу: