Алеуметтану тероиясы indb


Структурализм және постструктурализм



Pdf көрінісі
бет193/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   596
Структурализм және постструктурализм
Осы сұраққа қатысты барлық жағдайлар, жоғарыда атап өткендей, структура-
лизмге деген қызығушылықтан туындады (Lemert, 1990). Біз структурализм 
туралы пікірді структуралистік бағыттың қолдаушылары арасындағы негізгі 
айырмашылықтарды сипаттау арқылы қалыптастыра аламыз. Кейбі реу лері 
«сананың терең құрылымы» ұғымына көңіл бөліп, аталмыш феноменнің сы-
рын түсіндіреді. Олардың ойынша, бұл бейсаналық құрылымдар адамдарды 
өздері қалағандай ойлауға және әрекет етуге итермелейді. Осындай көзқарас-
тың мысалы ретінде психоаналитик Зигмунд Фрейдтің шығармашылығын 
алуға болады. Өзге структуралистер қоғамның көзге көрінбейтін ең ірі құры-
лымдарын басты орынға қойып, оларды адам іс-әрекетінің негізгі көзі деп қа-
былдайды. Маркс кей кезде структурализмнің осы түрін ұстанды, өйткені ка-
питалистік қоғамдағы көрінбейтін экономикалық құрылымға назар аударды.
Енді біреулер құрылымдарды әлеуметтік әлемді құрайтын үлгілер ретін-
де қарастырады. Ақырында, структуралистердің тағы бір тобы индивидтер 
мен қоғамдық құрылымдар арасындағы диалектикалық байланысты зерт-
теумен айналысты. Олар сана құрылымы мен қоғам құрылымы арасындағы 
байланыс ты зерттеді. Бұл көзқарастың қалыптасуына антрополог Клод Леви- 
Стросстың еңбектері тиісті дәрежеде ықпал еткені даусыз.
Структурализм әлеуметтану шеңберінде дамыды, әйтсе де әлеуметтанудан 
тыс структурализмнің ерте кезеңгі алғышарты саналатын қозғалыстар пост-
струк тура лизмнің (Lemert, 1990; C. McCormick, 2007) пайда болуына алып 
келді. Мишель Фуко постструктурализмнің негізгі өкілі ретінде танылды 
(Dean, 2001; J. Miller, 1993), тағы біреуі – Джордж Агамбен. Өзінің ертедегі 
жұмыстарында Фуко құрылымдар туралы жазған, кейінірек ол құрылым ше-
гінен асып, билік пен білім арасындағы тәуелділік құрылымымен айналыса 
бастады. Жалпылай алғанда, кең ауқымда жұмыстар жүргізу үшін постструк-
туралистер құрылымның маңызын түсінген, олар оның шегінен де асып, басқа 
мәселелерді де қамтыған.


243
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
Постструктурализм тек өз алдына маңызды емес, өзінің постмодерндік 
әлеу меттік теорияның алғышарты болуымен де (келесі бөлімдерде аталып 
өтетін болады) ерекшеленеді. Расында, постструктурализм мен постмо дер-
нистік әлеу меттік теорияның аражігін ажырату қиын, тіпті мүмкін емес деуге 
болады. Осылайша, Фуко постструктуралист, көбінесе постмодернист ретінде 
бағаланады, ал постмодернист атауы берілген Жан Бодрийяр ([1972] 1981) өз 
қызметінің басында-ақ постструктуралист деген атаққа ие болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет