Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет204/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   596
Құрылымдық функционализм
Роберт Нисбеттің тұжырымдауынша, құрылымдық функционализм – «ешқандай 
күмәнсіз, қазіргі [ХХ] ғасырдағы қоғамдық ғылымдар теориясының ерекше ма-
ңызды бөлімі (J. Turner and Maryanski, I979:xi). Кингсли Дэвис (1959) ұстанымы 
бойынша, құрылымдық функционализмді барлық мән-мақсаттары тұрғысынан 
алып қарағанда, әлеуметтанумен мағыналас. Элвин Гоулднер (1970) Толкотт 
Парсонстың құрылымдық-функционалистік теориясын сынамалы талдау негі-
зінде батыс әлеуметтануына қатысты ұстанымын анық көрсетті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жиырма жыл шамасында өзінің кү-
мәнсіз гегемонияға айналғанына қарамастан, құрылымдық функцио на лизмнің 
әлеуметтану теориясы ретіндегі маңызы төмендеді. Тіпті осы теория мен тығыз 
байланыста болған Уилберт Мурдың тұжырымдауынша, «қазіргі заманғы тео-
риялық әлеуметтанудың өзекті мәселесіне айналды» (1978:321). Екі бірдей бай-
қаушы атап кеткендей: «Осылайша, біздің ойымызша, функционализм түсін дір-
мелі теория ретінде «өлген» және функционализмді теориялық тұжырым дама 
ретінде қолдануға күш салуды доғарып, оған қарағанда болашағы зор теория-
лық бағыттарға жол беру керек» (J. Turner and Maryanski, 1979:141).
1
Николас
Демерат және Ричард Питерсон (1967) құрылымдық функционализмге оң тұр-
ғыдан түсінік бере отырып, оның өтпелі кезең емес екенін айтады. Алайда олар 
бұл теорияның ертеректегі органицизмнен өркен жайғаны сияқты, басқа да 
әлеуметтану теориясына айналуы мүмкін екенін мойындайды.


257
7-тарау

Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы 
Құрылымдық функционализмде құрылымдық және функционалдық тер-
миндер әдетте тіркесіп келгенмен, біртұтас мағынада қолданылмайды. Біз 
қоғамның құрылымын басқа құрылымдардың функцияларына (немесе сал-
дарларына) байланыссыз зерттей беруімізге болады. Дәл сол сияқты, біз құ-
рылымдық формасы жоқ түрлі әлеуметтік процестердің қызметтерін де қарас-
тыра аламыз. Дегенмен осы элементтердің екеуі де құрылымдық функциона-
лизмді сипаттайды.
Құрылымдық функционализм әртүрлі формада болса да (Abrahamson, 1978), 
қоғамдық функционализм әдетте әлеуметтік құрылымдық функционалистер 
арасында басым бағыт (Sztompka, 1974) және сол себепті осы тараудың басты 
тақырыбы болып отыр. Қоғамдық функционализм бірінші кезекте қо ғамның кең 
ауқымды әлеуметтік құрылымдары мен институттары, олардың өзара байланы-
сы мен акторларға тигізетін шектеулі әсеріне баса назар аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет