Алеуметтану тероиясы indb


Ғылым, технология және қоғам теориялары



Pdf көрінісі
бет201/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   596
Ғылым, технология және қоғам теориялары
Теорияда жаңадан қалыптасқан бағыттардың бірі – ғылым мен технология 
теориясы (немесе ғылым, технология және қоғам зерттеулері; осы айырма-
шылықтарды талқылау үшін қараңыз: [Hess 1997]). Кей теорияшылар бұл са-
ланы ғылыми ілімнің тәжірибе мен күнделікті өмірмен байланысын ескерте 
отырып, техноғылым (technoscience) деп атағанды дұрыс көреді (Erickson and 
Webster, 2011).
Бұл салада ғылым мен технологиялар әлеуметтік, мәдени және жеке өмірге 
қалай ықпал ететіні зерттеледі. Зерттеу алаңы әртүрлі, ғылым мен қоғамның 
байланысын да әртүрлі қырынан көрсетеді. Мәселен, ғылым мен қоғамның 
теорияшылары (Р. Мертон сияқты) ғылымды әлеуметтік институт ретінде 
қарас тырды. Бүгінгі теорияшылар ғылым мен қоғамды тығыз байланыста деп 
санайды, көпшілігі әлеуметтік конструкционистік көзқарасты қабылдады
бұл көзқарас ғылыми шынайылықты бейтарап түрде сипаттап қана қоймай, 
қоғамдық өмір мен мәндерді және идеалдарды қалыптастырады дегенді біл-
діреді (Erickson, Webster, 2011). Дона Харавей (1991; Wirth Cauchon, 2011): 


251
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
«Біз қазір адамдарды киборгке айналдырған техноғылыми қоғамда өмір сүре-
міз», – дейді. «Мұнда қызығушылық адамдар мен технологиялар, адамдар мен 
жануар лар арасында жақсы және кері қарым-қатынас орнатады» (Haraway, 
2008). Ғылымның қазіргі заманғы теорияларының көпшілігі капитализм, сая-
сат пен технологиялар арасындағы байланысқа негізделген. Бұл Мишель Фу-
коның биополитика (биологиялық білім арқылы халықты бақылау және ма-
нипуляция) және биокапитал (техноғылыми зерттеулер нәтижесінде алынған 
экономикалық құндылық) терминдерінің кең ауқымды қолданылуына алып 
келді (Collier, 2011).
Актор-жүйе теориясы әлеуметтік теорияның ғылым мен технологиялар-
ға негізделген ең маңызды перспективасы болып саналады. Бір жағынан, бұл 
түрлі жүйені танып-білуге деген кең ауқымды, өскелең қызығушылықтың бір 
бөлігі (Castells, 1996; Mizruchi, 2005). Екінші жағынан, оның көптеген ерекше 
бағыттары бар (Latour, 2007), олардың ішіндегі маңыздысының бірі – актант 
түсінігі. Актант түсінігі адам агенттігімен қатар, интернет, банкомат, авто 
жауап бергіш сынды адами емес акторларды да қамтиды. Ол әлеуметтік әлем-
де өмір сүрумен бірге постадамзаттық (Franklin, 2007) және постәлеуметтік 
(Knorr-Cetina, 2001, 2005, 2007; Mayall, 2007) әлемдерде де өз өрісін кеңейтіп 
келеді. Бұл дегеніміз – біз адами және адами емес компоненттерді қамтитын 
жүйелерде өмір сүреміз деген сөз. Адами емес компоненттермен қарым-қаты-
нас жасағанда адамдар постадамзаттық және постқоғамдық әлемге енеді.
Жаратылыстану ғылымдарының жаңалықтары ғылым мен техниканы зерт-
теуші теорияшыларды пәнаралық қарым-қатынас жасауға еріксіз мәжбүрледі. 
Тарихи тәжірибе бойынша, осы перспективалардың ең маңыздысы – адам ның 
мінез-құлқының биологиялық негіздерін тұжырымдайтын социобиология 
(F. Nilson, 1994). Никлас Луман сияқты жүйелер теорияшылары (1982, [1997], 
2012) және Кеннет Бэйли (1994) жекелей алғанда, кибернетика, биологиялық 
ғылымдар мен когнитивті психология саласындағы зерттеулерге сүйенеді. 
Соңғы кездерде аффект теориясы бойынша теорияшылар постмодернистік 
және постқұрылымдық идеялар мен өмір ғылымы саласындағы зерттеулерін 
өзара біріктіруде (Clough, 2008; Gregg and Seigworth, 2010; Massumi, 2002). 
Бұл жаңа теориялық перспективалар негізгі бағыттарды сыни тұрғыдан қарас-
тырады. Сөйте тұра, жаратылыс пен табиғатты мәдениет пен қоғамға тәуелсіз, 
өз бетінше бейтарап күш ретінде сипаттайды. Аффект теориясының түп негізі 
биология мен қоғам бір-біріне өзара ықпал ететінін түсінуге бағытталған.
Қазір біз заманауи теорияның жай-күйін айқындайтын бөлімнің соңында 
отырмыз, әрине, біз теория дамуының соңына әлі жеткен жоқпыз. Басы ашық 
нақты нәрсе – әлеуметтік теориялар ландшафтыда нүктелі теориялармен то-
лығады, бұл салада олардың ешқайсысы гегемонияға ие бола алмайды.
Постмодернистер «тотализациялау» немесе барлығын бірдей қамтитын 
теориялар идеясын сынға алды. Әлеуметтік теорияда біртұтастық басымдық-
қа ие болуы мүмкін емес сияқты. Керісінше, біз өзімізге әлеуметтік әлемнің 
түрлі тұстарын түсіндіре алатын әртүрлі бағыттағы теориялардың өміршең-
дігіне куә болып отырмыз. Әлеуметтану теориясын түсіну мен қолдану оңай 
сала емес, бірақ ол – ескі және жаңа идеяларды ұсынатын таңғажайып әлем.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет