Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет206/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   596
ТОЛКОТТ ПАРСОНС
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
Max Smith/ https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/9/9c/ Talcott_P
arsons_1.jpg


259
7-тарау

Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы 
қамтамасыз ету үшін олар үлкен беделге ие болуы керек, жоғары жалақы алып, 
жеткілікті бос уақыты болуы тиіс. Дэвис пен Мурдың айтуынша, егер біз мұн-
дай сыйақыларды ұсынбаған жағдайда, адамдардың медициналық білім алу 
процесінің «ауыртпалығы мол» және «қымбат» процедурасын қабылдауына 
тура келеді. Ең алдымен, адамдар өздеріне тиесілі сый алулары тиіс. Егер мұны 
жасамаған жағдайда, онда бұл позициялар жетілмеген күйінде қалады да, қоғам 
құлдырайды. Бұл ойлар Дэвис пен Мурдың еңбектерінде тұспалданған, бірақ 
талқыланбады.
Стратификация жүйесіндегі төменгі дәрежелі позициялардың маңызды-
лығы шамалы болғанмен, тиімдірек және олардың қабілет пен дарынды да аз 
талап ететіні белгілі. Сондай-ақ бұл позицияларды жеке тұлғалардың иеленіп, 
өз міндеттерін еңбекқорлықпен орындайтынына аса сенімді болу қоғам үшін 
маңызды емес.
Дэвис пен Мур жоғары деңгейдегі позициялардың көбірек орындалып, дұ-
рыс атқарылуына сенімді болу үшін қоғам стратификация жүйесін дамытады 
деп санаған жоқ.
Керісінше, олар стратификацияның «саналы түрде дамыған құрал» екенін 
түсіндіруге тырысты. Алайда бұл – әрбір қоғамның өмір сүріп, дамуы үшін қа-
жетті құрал.
Парсонс Гарвардта оқытушылық мансабын жаңадан бастаған кезде Роберт Мертон оның шә-
кірт терінің бірі болған еді. Өз бетінше белгілі теорияшыл ретінде танылған Роберт Мертон сол 
жылдарда Гарвардқа келген аспиранттардың Парсонспен салыстырғанда, факультеттің аға мүшесі 
саналатын және кейін келе Парсонстың қас дұшпанына айналған Питирим Сорокиннен оқығысы 
келгендерін жасырмайды (Zafirovski, 2001):
«
Гарвардқа келген аспиранттардың алғашқы буынының, ...ешқайсысы Толкотт Парсонс-
тан оқыған жоқ. Мұның қарапайым себебі – 1931 жылы ол әлеуметтанушы ретінде қо-
ғамға әлі таныла қоймаған еді».
«Біз, студенттер, атақты Сорокиннен білім алуға келгенімізбен, тең жартымыз белгісіз 
әлде бір Парсонспен жұмыс істейтін болдық».
(Merton, 1980:69)
Мертонның Парсонс теориясының алғашқы курсына қатысты ойлары да қызықты. Әсіресе ма-
териал әлеуметтану тарихындағы ең ықпалды теориялық кітаптардың біріне негіз болды:
«Толкотт Парсонс әлемдік әлеуметтанудың Үлкен қарттарының біріне айналғанға дейін, 
ертеректегі біздің бірқатарымыз үшін өзіміздің Ұлы жас адамымыз болып қала береді. 
Бұл оның алғашқы теориялық курсынан басталды... Бұл оның шеберлік жұмысының не-
гізін қалайды. Әлеуметтік әрекеттің құрылымы алғаш ауызша жарияланғаннан кейін бес 
жылға дейін басылып шыққан жоқ».
(Merton, 1980:69–70)
Мертонның Парсонсқа берген оң бағасымен барлық адамның келіспейтініне қарамастан, олар 
мынаны мойындайды:
«Толкотт Парсонстың қайтыс болуы әлеуметтанудағы бір дәуірдің аяқталуын айғақтай-
ды. (Жаңа дәуір) қашан басталады... Ол оның бізге қалдырған әлеуметтану ойының ұлы 
дәстүрі арқылы жалғасын табады».
(Merton, 1980:71)


260
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Стратификацияның құрылымдық-функционалдық теориясы 1945 жылы 
жарық көрген сәттен бастап (see Tumin, 1953, for the first important criticism
Huaco, 1966, for a good summary of the main criticisms to that date; and
P. McLaughlin, 2001, for a philosophical overview) үлкен сынға ұшырады. Стра-
тификацияның функционалдық теориясына айтылатын ең негізгі сын – қо-
лында билігі, беделі және ақшасы бар адамдардың артықшылық жағдайын 
сақтап қалуға тырысуы.
Мұндай адамдар сыйға әбден лайық. Шын мәнінде, оларға қоғамның игілігі 
үшін мұндай сый ұсынылуы керек.
Функционалдық теорияны бұрынғы қоғамдардағы стратификацияланған 
әлеуметтік құрылымның болашақта да дәл солай өмір сүруін жалғастыра беруі 
қажет деп есептегені үшін сынға аламыз. Болашақ қоғамдардың басқа, бейтарап 
жолдармен ұйымдастырылуы әбден мүмкін.
Бұған қоса қоғам үшін маңыздылығына қарай ажыратылатын функционал-
дық позицияларды қолдау оңайға соқпайтыны тұжырымдалды. Шын мә нінде, 
қоқыс жинаушылар қоғамның өмір сүруі үшін жарнамалық басшыдан гөрі ма-
ңызды ма? Қоқыс жинаушылардың айлығы мен беделінің төмендігіне қарамас-
тан, олар қоғамның өмір сүруі үшін аса маңызды болуы мүмкін. Қандай да бір 
позиция қоғам үшін маңыздырақ қызмет атқарады деп айтқан жағдайдың өзін-
де, жоғарырақ марапаттаудың маңызды позицияға тиесілі болуы міндетті емес. 
Медбикелер кино жұлдыздарына қарағанда қоғам үшін әлдеқайда маңыздырақ 
болуы әбден мүмкін, алайда олардың фильм жұлдыздарымен са лыстырғанда қа-
дірі, беделі және кірістері төменірек.
Жоғары деңгейдегі лауазымдарды атқаруға қабілетті адамдар тапшылығы бар 
ма? Шындығында, көптеген адамдардың қабілеті болса да, беделді лауазымдар-
ға қол жеткізу үшін қажетті білім алуға мүмкіндігі болмайды. Медици налық ма-
мандықта, мысалы, тәжірибелі дәрігерлердің санын шектеу бағытында тұрақты 
жұмыс жүргізіледі. Жалпы алғанда, көптеген қабілетті адамдар қоғамда өздерінің 
қосатын үлесіне деген қажеттілік бар болса да, ешқашан жоғары лауазымдарда 
жұмыс істей алатынын көрсете алмайды. Жоғары лауазымдардағы адамдар өзде-
рінің саны жағынан аз, ал күші мен табысы жағынан жоғары болуға мүдделі.
Ақыр соңында, біз жоғары деңгейдегі лауазымдарға ие болғысы келетін адам-
дарға билік, бедел мен табыс ұсынуға міндетті емеспіз деп айтуымызға болады. 
Адамдар көбінесе тең деңгейдегі жақсы жұмысқа қанағаттанып немесе өзгелерге 
қызмет ету арқылы өздерін ынталандыра алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет