264
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
үлкенірек жүйенің функционалдық аясында актордың осы жағдаятқа сай жа-
сайтын әрекеті. Актор ой мен әрекеттер тұрғысынан емес, оның орнына (кем
дегенде, әлеуметтік жүйедегі ұстанымы бойынша) мәртебелер мен рөлдердің
жиынтығы ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік жүйені талдау кезінде Парсонс, негізінен, оның құрылымдық
компоненттеріне қызығушылық білдірді. Парсонс (1966:11) мәртебеге, рөлге
қатысты алаңдаушылықпен қатар, әлеуметтік жүйелердің кең ауқымды ком по-
ненттері ретінде ұжымдарға, нормалар мен құндылықтарға ден қойды. Парсонс
әлеуметтік жүйені жай құрылымдық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар функ-
ционалдық тұрғыдан талдаушы болды. Ол әлеуметтік жүйенің бірқатар функ-
ционалдық алғышарттарын анықтады. Біріншіден, әлеуметтік жүйелер басқа
жүйелермен үйлесімді жұмыс істеуі үшін құрылымдалған болуы керек. Екін-
шіден, әлеуметтік жүйе сақталу үшін басқа жүйелерден қолдауды қажет етеді.
Үшіншіден, жүйе өз акторларының қажеттіліктерін айтарлықтай дәрежеде қа-
нағаттандыруы тиіс. Төртіншіден, өз мүшелерін жүйе қызметіне тартуы қажет.
Бесіншіден, ол потенциалды бүлікші мінез-құлықты бақылаудың кем дегенде
минималды деңгейін қалыптастыруы шарт. Алтыншыдан, конфликт жеткілікті
түрде бүлікші сипатқа ие болса, оны бақылауы керек. Ақырында, әлеуметтік жү-
йені сақтап қалу үшін тіл талап етіледі.
Парсонстың әлеуметтік жүйелердің функционалдық алғышарттарын тал-
қылауында кең ауқымды жүйелер мен олардың өзара қарым-қатынасына (қо-
ғамдық функционализм) басты назар аударылды. Тіпті ол акторлар туралы әң-
гімелесе де, оларға жүйелік тұрғыдан қарады. Сонымен қатар пікірталаста Пар-
сонс әлеуметтік жүйедегі тәртіпті сақтауға қатты алаңдаушылық білдіретінін
көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: