265
7-тарау
•
Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы
құралдармен қамтамасыз етеді. Шығармашылық мүмкіндік өте аз немесе оған
тіпті орын жоқ; қажеттіліктерді қанағаттандыру әрекеті балаларды өмірмен
нақты жүйеге сай байланыстырады. Парсонс әлеумет тенуді өмірлік тәжірибе
ретінде қарастырады. Балалық шақта бойға сіңген нормалар мен құндылықтар
жалпыға ортақ болып келетіндіктен, балаларды ересек өмірде кездесетін әртүр-
лі жағдайларға дайындамайды. Осылайша, әлеуметтену өмірлік цикл ішінде
нақты қарым-қатынас тәжірибесімен, күйзе лістермен толықтырылуы керек.
Осы қажеттілікке қарамастан, кейінірек өмірде балалық шағында үйренген нор-
малар мен құндылықтар тұрақты болып келеді және біршама күшейтіліп, өмір
бойы өз күшінде қалады.
Өмірдегі әлеуметтену арқылы туындаған сәйкестікке қарамастан, жүйеде
жеке өзгерістердің кең ауқымы бар. Сұрақ: егер жүйенің тапсырысқа деген қа-
жеттілігін ескерсек, бұл неліктен әлеуметтік жүйе үшін әдеттегі маңызды мәсе-
ле болып саналмайды? Бір жағынан, сәйкестікті тудыру үшін бірқатар әлеумет-
тік бақылау тетіктерін қолдануға болады. Дегенмен Парсонстың түсінігіндегі
әлеуметтік бақылау – қатаң түрдегі екінші қорғаныс желісі. Әлеуметтік бақы-
лау аз, экономды түрде пайдаланылған кезде жүйе жақсы жұмыс істейді. Екінші
жағынан, жүйе кейбір вариацияларға, ауытқуларға жол бермейтіндей қауқар-
лы, қабілетті болуы керек. Икемді, иілгіш әлеуметтік жүйе ешқандай ауытқуды
қабылдамайтын нәзік жүйеден гөрі күшті. Ақырында, әлеуметтік жүйе әртүрлі
тұлғаның жүйе тұтастығына қауіп төндірмей, өз мүмкіндіктерін көрсете білуле-
ріне кең жол ашуы тиіс. Әлеуметтену және әлеуметтік бақылау – бұл әлеуметтік
жүйенің тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін негізгі механизмдер. Сонымен
қатар қарапайым жеке қасиеттермен ауытқулар есепке алынып, төтенше түрлер
қайта теңдестіру механизмдері арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осылайша әлеу-
меттік тәртіп Парсонстың қоғамдық жүйелер құрылымына кіреді:
«Біздің әлеуметтік жүйеде және сәйкесінше, басқа да әлеуметтік жүйе
типтерінде белгілі бір бағыттағы қарапайым құптау-құптамаудың бақы-
лау шеңберіне түсу үшін терең үрдістік ауытқуды шектеуге және оны түп-
кілікті болдырмауға мүмкіндігі бар қауқарлы механизмдер да мыды».
(Parsons, 1951:319)
Сондай-ақ Парсонсты ең басты қызықтырған жүйенің акторы (субъект)
емес, тұтасымен жүйенің өзі болды. Актордың жүйені жасауы және оған қолдау
көрсетуі маңызды емес, керісінше, жүйенің қалай акторды басқаруы маңызды.
Бұл Парсонстың осы мәселеде құрылымдық-функционалистік бағытты ұстана-
тынын көрсетеді.
Қоғам. Әлеуметтік жүйе идеясы ұжымдық барлық түрлерді қамтыса да,
соның ішіндегі нақты және айрықша маңызды әлеуметтік жүйе – қоғам: «са-
лыстыр малы түрде алғанда – дербес, мүшелері өздерінің жеке және ұжымдық
қажет тіліктерін қанағаттандырып, толық өмір сүру арқылы өзін-өзі қамтама-
сыз ете тін ұжым» (Rocher, 1975:60).
5
Құрылымдық функционалист ретінде
Парсонс төрт құрылымды немесе жүйенің бөліктерін атқаратын функциялары
(AGIL) бойынша бөліп қарастырады (7.3-кестені қараңыз).
Экономика – бұл
қоғамды еңбек, өндіріс және бөлініс арқылы қоршаған ортаға бейімдейтін
шағын жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: