270
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Эволюция қиындықтарын бастан өткеруші қоғам меншік жүйесінен табысқа
жету жүйесіне көшуі керек. Барынша ауқымы шағын жүйелерді басқаруға кең
ауқымды дағдылар мен қабілеттер қажет. Халықтың жалпыланған қабі леттерін
қоғамның игілігіне пайдалану үшін оны аскриптивті байланыстардан босату ке-
рек. Ең бастысы, бұл жүйеден бұрын ығыстырылған топтар қоғамның толық-
қанды мүшесі ретінде қосылуға тиіс.
Ақырында, қоғамның
құндылықтар жүйесі әлеуметтік құрылымдар мен
функциялар жіктелген сайын өзгерістерге ұшырап отыруы тиіс.
Алайда жаңа
жүйе барынша көптүрлі болған сайын құндылық жүйесінің оны қамтуы қиынға
соғады. Осылайша, айтарлықтай жіктелген қоғамға «өзінің кең ауқымды мақ-
саттары мен өз бөлімшелерінің қызметтерін заңдастыру үшін жоғары дең гейдегі
жалпылық қажет» (Parsons, 1966:23). Бірақ құндылықтарды жалпылау процесі
көп жағдайда кедергісіз бола бермейді, өйткені бұл өздерінің тар құндылықтар
жүйесіне байланған топтардың сөзсіз қарсылығын туғызады. Эволюция түрлі
цикл арқылы жүргенімен, ешқандай жалпы үдеріс бүкіл қоғамға бірдей әсер ет-
пейді. Кейбір қоғам эволюцияны дамыта алатын болса, осы уақытта басқалары
«ішкі конфликтілер мен басқа да кемшіліктерге толы болуы мүмкін» немесе
тіпті эволюция үдерісіне тежеу қойып не болмаса оны «қиындатуы» ықтимал
(Parsons, 1966:23). Парсонстың қызығушылығын тудырған қоғам – бұл «бұзып-
жарып» алға озған қоғам, өйткені,
оның пікірінше, бұл қай уақытта жүзеге асса,
дәл сол уақытта эволюция процесі қоғамның жалпы эволюциялық моделінің
ізінен жүреді.
Парсонс эволюцияның өз ретімен болатынын түсінгенімен, бір сызықтық
эволюциялық теориядан бойын аулақ ұстауға тырысты: «Біз қоғамның эволю-
циясын үзіліссіз немесе жай сызықтық процесс ретінде түсінбейміз, бірақ біз
алға жылжудың кең деңгейлерін, олардың әрқайсысындағы маңызды өзге ріс-
терге қарамай-ақ ажырата аламыз» (1966:26).
Парсонс бұл мәселелерді жеңілдететінін түсіндіріп, үш кең эволюциялық
кезеңді – жабайы, аралық және қазіргі заманғы деп бөліп алды. Дәлірек айт-
қанда, ол осы кезеңдерді мәдени өзгерістер негізінде бөліп қарастырады. Жа-
байыдан аралыққа өтудегі маңызды оқиға – бұл тілдің дамуы, ең алдымен, жаз-
баша тілдің дамуы. Аралықтан қазіргі заманға көшудегі негізгі даму – «норма-
тивтік тәртіптің институттық кодексінің» немесе заңының (Parsons, 1966:26)
қалыптасуы.
Парсонс жабайылықтан қазіргі қоғамға өту эволюциясы аясында нақты
қоғамдар топтамасын талдауға кірісті. Бұл жерде ерекше атап өтетін жағдай:
Парсонс эволюциялық теорияларға көбірек назар аудара бастады, өйткені оған
әлеуметтік өзгерістермен айналысуға дәрменсіз деген айып тағылған болатын.
Дегенмен оның эволюцияны талдауы
процеспен байланысты емес, керісінше,
бұл «құрылымдық типтерді реттеуге және оларды дәйекті түрде байланысты-
руға» талпынған әрекеті еді (Parsons, 1966:111). Бұл – әлеуметтік өзгерістер
процесін зерттеу емес, салыстырмалы
құрылымдық талдау. Осылайша, тіпті ол
өзгерістермен санасу керек болған кезде де құрылымдар мен
функцияларды
зерттеудің жақтасы болып қала береді.
Жалпылама айырбас құралдары. Парсонс теориялық жүйеге осы құралдар-
дың көмегімен бірқатар тұрақсыздықтар, динамизм әкелді (Alexander, 1983:115).
Бұл – оның жоғарыда қарастырылған төрт іс-әрекет жүйесі
ішіндегі және ара-
лығындағы жалпылама айырбас құралдары туралы идеялары (негізінен, әлеу-
меттік жүйе шегінде).
271
7-тарау
•
Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы
Жалпылама айырбас құралдары моделі – бұл экономикада белгілі бір орта
ретінде әрекет ететін
ақша. Бірақ ақша сияқты маңызды құбылысқа көңіл ауда-
рудың орнына Парсонс символикалық айырбас құралдарына ден қояды. Тіпті
Парсонс ақшаны әлеуметтік жүйедегі айырбас құралы ретінде талқылаған уа-
қытта да материалдық емес символикалық сапаларға мән береді.
Ақшаға қосымша және анағұрлым символикалық басқа жалпылама ақпарат
алмасу құралдары – саяси билік, ықпал ету және құндылық туралы міндеттеме-
лер. Парсонс өзінің символикалық айырбас құралдарына неліктен назар аудар-
ғанын нақты түсіндіреді: «Медиа теориясын белгілі
бір құры лымдық тұрғыда
ұсыну, құрылымдық талдаудың бұл түрі түбірімен қате түсінікке ұрындырады,
сондықтан «құбылмалы мәселелерді дөп басып, әділетті кесім айту қиын» дей-
тін жалпылама мәлімдемелерді жоққа шығарады» (1975:98–99). Символикалық
айырбас құралдарының, ақша сияқты, қоғамда кеңінен таралуға мүмкіндігі бар.
Осылайша, әлеуметтік жүйе шегінде адамдар саяси жүйеде саяси билікті жүзеге
асыра алады. Маңыздысы, олар бұл билікті қолдану арқылы оның еркін тара-
луына және әлеуметтік жүйеге әсер етуіне жол ашады. Биліктің бұлай қолданы-
луына орай көсемдер, бәлкім, саяси жүйені, сонымен
қатар тұтас қоғамды да ор-
нықтыратын болар. Кеңінен алғанда, жалпыландырылған медиа бұл төрт әрекет
етуші жүйе арасында және олардың әрқайсысының құрылымы ішінде таралады.
Осылар және осылардың қозғалысы Парсонстың негізгі құрылымдық талдауы-
на серпін береді.
Александердің тұжырымдауы бойынша (1983:115), жалпылама айырбас құ-
ралдары Парсонс теориясының династиясын басқа мағынада қалыптастырды.
Олар айырбас жүйесін өз мәнінде қабылдай алмайтын «медиа-кәсіп керлердің»
(мысалы, саясаткерлер) бар екенін жоққа шығармайды.
Демек, олар шығармашыл және тапқыр болуы мүмкін, сөйтіп, қосымша тара-
тушылардың санын ғана өзгертіп қоймай, сонымен қатар медиа ағымның тәсіл-
дері мен бағытын да өзгертеді.
Достарыңызбен бөлісу: