277
7-тарау
•
Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы
табысқа қол жеткізе алмайды. Егер адам төменірек әлеуметтік-экономикалық
тап ішінде дүниеге келсе, ең асып кеткен жағдайда орта мектеп дәрежесінде
білім алуы мүмкін, ал жалпыға ортақ тәсілмен экономикалық табысқа жету
мүмкіндігі (мысалы, өмірдегі әдеттегі жұмысы арқылы) аз және мүмкін емес).
Мұндай жағдайда аномия (бұл қазіргі Америка қоғамында кеңінен та рал ған)
орын алады және оның салдарынан девиантты мінез-құлық үрдістері қалыпта-
сады. Бұл жағдайда ауытқу баламалы, қолайсыз, кейде эко но микалық табысқа
жетудің заңсыз түрлеріне баруға әкеп соқтырады. Осылайша, кейбіреулер эко-
номикалық табысқа жету үшін есірткі дилеріне немесе жез өкшеге айналады, бұ-
дан біз мәдени құндылықтар мен осы құндылықтарға қол жеткізудің әлеуметтік
құрылымдық құралы арасындағы сәйкессіздік арқылы туындаған ауытқушы-
лықтың үлгісін көреміз. Бұл – құрылымдық функ ционалистің қылмысты және
ауытқушылықты түсіндіруге тырысатын тәсіл дерінің бірі.
Осылайша, құрылымдық функционализм мысалы арқылы Мертон әлеу-
меттік (және мәдени) құрылымдарды қарастырғанмен, бұл құрылымдардың
функцияларына қызығушылық білдірмейді. Керісінше, өзінің функционалдық
парадигмасына сәйкес, ол негізінен дисфункциялармен, ал қазіргі жағ дайда
аномиямен айналысады. Бұдан да нақтырақ айтатын болсақ, Мертон аномияны
ауытқушылықтармен байланыстырып, мәдениет пен құрылым арасындағы ал-
шақтық дисфункционалдық салдарларға әкеліп, қоғамда ауытқу ларды қалып-
тастырады деп тұжырымдайды.
Айта кететін жағдай, Мертонның еңбегіндегі аномия – әлеуметтік страти-
фикацияға сыни көзқарас (мысалы, кейбіреулерге әлеуметтік жағымды мақ сат-
тарға жетудің құралдарын шектеп тастау). Осылайша, Дэвис пен Мур жіктерге
бөлінген қоғамды мақұл көрсе, Мертон өз еңбегінде құры лымдық функциона-
листер әлеуметтік стратификацияға сын айтады деп пайымдады.
Достарыңызбен бөлісу: