Алеуметтану тероиясы indb


9-тарау • Символикалық интеракционизм Мағыналар мен символдарды үйрену



Pdf көрінісі
бет283/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   596
377
9-тарау

Символикалық интеракционизм
Мағыналар мен символдарды үйрену
Мидтің ізін қуушы символикалық интеракционистер де әлеуметтік интерак-
цияның маңызын жоғары бағалады. Осылайша мағына оқшауланған ойлау
процестерінен емес, интеракциядан туындайды. Бұл тәсіл Мидтің прагма-
тизмінен туындап отыр: ол оқшауланған ойлау процестеріне емес, әрекеттесу 
мен өзара әрекеттесуге назар аударды. Символикалық интеракционистер осы 
бағытта ізденді. Мұндағы басты мәселе – адамдардың мағына мен символды 
ойша қалай жасайтынында емес, жалпы алғанда, интеракция процесінде, сон-
дай-ақ әлеуметтену барысында оны қалай танитынында еді.
Адамдар әлеуметтік өзара әрекеттесу барысында мағына мен символдарды 
игереді. Олар белгілерге санасыз түрде назар аударса, символдарға саналы түрде 
мән береді… белгілер өз-өздерін белгілейді (мысалы, қабаған иттің ишаралары 
мен шөлден өліп бара жатқан адамға арналған су). «Символдар – бұл адамдардың 
келісулеріне қарай не көрсететініне (немесе «белгілеу», «алмастыру») сәйкес 
қолданатын әлеуметтік объектілер» (Charon, 1998, р. 47). Барлық әлеуметтік 
объектілер өзге заттарды белгілей бермейді, бірақ белгілегендері символ болып 
қалады. Символдар, артефактілер және физикалық әрекеттер (мысалы, «қа-
йық» сөзі, крест немесе Дәуіт жұлдызы және жұмылған жұдырық) символ бола
алады. Адамдар өздері жайлы мәлімет беру үшін үнемі символдарды пайдала-
нады: мысалы, олар өздерінің ерекше өмір стилін көрсету үшін «Роллс-ройс» 
жүргізеді.
Символикалық интеракционистер тілді символдардың ауқымды жүйесі 
ретінде түсінеді. Сөздер символдар болып табылады, өйткені олар заттарды 
белгілеу үшін пайдаланылады. Сөздер барлық символдардың мүмкіндіктерін 
ашады. Әрекеттер, объектілер немесе сөздер бұрындары өзге сөздермен сипат-
талған немесе сипатталатын болғандықтан ғана мәнге ие болып отыр.
Символдар адамдардың дұрыс әрекет ету қабілеті үшін маңызды болады. 
Адам символ арқылы «шынайылыққа белсенді ат салысып, әлемді қалып тас-
тырады және қайта өзгертеді» (Charon, 1998:69). Осындай жалпы маңыз ды-
лықтан өзге, акторлар үшін символдардың бірқатар ерекше функциялары бар.
Біріншіден, символдар адамдарға өздері тап болған объектілерді атауға, 
топтауға және есте сақтауға жол аша отырып, материалды және әлеуметтік 
әлеммен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Осылайша адамдар әлемді рет-
ке келтіре алады, әйтпесе астан-кестеңі шығар еді. Өзге символдарға, мысалы, 
бейнелеу образдарына қарағанда тіл адамдарға белгілі бір жағдайға тиімді атау 
беріп, топтап және есте сақтауларына мүмкіндік береді.
Екіншіден, символдар адамдардың қоршаған ортаны тану қабілетін жақ-
сарта ды. Көптеген бір-бірінен ажырағысыз стимулдарға бағынғаннан гөрі, ак-
торлар өзгелермен салыстырғанда қоршаған ортаның белгілі бір элементтеріне 
қатты ықпал етуі мүмкін.
Үшіншіден, символдар ойлау қабілетін жақсартады. Әдетте көзге көрінетін 
символдар шектеулі ойлау қабілетін берсе, тіл оны кеңейтеді. Бұл жерде ойлау 
өз-өзімен символдық интеракцияға түсу ұғымы ретінде болуы мүмкін.
Төртіншіден, символдар түрлі мәселелерді шешу қабілетін жоғарылатады. 
Жануарлар байқап көру және қателесу әдісін қолданса, адамдар шынайы бір 
әрекетті жүзеге асыру үшін түрлі балама әрекеттерді ойластыруы мүмкін. Мұн-
дай қабілет көптеген қателіктердің алдын алады.


378
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Бесіншіден, символдарды қолдану акторларға уақыт, кеңістік, тіпті өз шең-
берінен шығуға мүмкіндік береді. Олар символдарды пайдалана отырып, өздері-
нің өткен өмірінің қандай болғанын, келешектегі өмірлерінің қалай болатынын 
елестете алады. Сонымен қатар акторлар өз жеке тұлғасының шеңберінен шығып, 
әлемге өзге адамның көзқарасы арқылы қарай алады. Мұны символикалық ин-
теракционизмде өзгенің рөлін қабылдау тұжырымдамасы дейді (D. Miller, 1981).
Алтыншыдан, символдар бізге метафизикалық шынайылықты, мысалы, жұ-
мақ немесе тозақты көз алдымызға елестетуге мүмкіндік береді.
Жетіншіден, жалпы деңгейде символдар адамдарға қоршаған ортаның құл 
етуінен сақтануға мүмкіндік береді. Олар өз әрекеттерін басқарып, белсенді 
бола түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет