Алеуметтану тероиясы indb


9-тарау • Символикалық интеракционизм Қоғам



Pdf көрінісі
бет280/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   596
373
9-тарау

Символикалық интеракционизм
Қоғам
Мид әлеуметтік психологияны зерттегенмен, ғылыми қызметінің басынан бас-
тап қоғам мәселесімен де айналысты. Ол «өзіндік мәнді оның әлеуметтік бол-
мысынан тыс ұғыну мүмкін емес» деп тұжырымдады. Атап айтқанда, оны қоғам 
мен өзіндік мән және әлеуметтік өзгерістер арасындағы байланыстар қызық-
тырды. Өзінің теориялық жүйесіндегі басты тақырып екеніне қара мастан, Мид 
қоғамды тікелей талдамайды (Athens, 2005). Тіпті Мидтің көз қарастарынан 
көбіне қоғамдық (макро) компонентті байқайтын Джон Бол дуиннің өзі «Мид-
тің теориялық жүйесінің макроэлементтері микро- сынды аса жетілдірілмеген» 
дейді (1986:123). Мидтің қоғам теориясын ұғыну үшін оны Жан-Франсуа Кот-
тың (2015) «сыни реконструкциясынан» өткізу қажет. Басқаша айтқанда, Конт, 
Спенсер, Маркс, Вебер және Дюркгейм сияқты, Мид өзінің макроталдауында 
айқын емес, қоғам теориясының құндылығы мен ерекшелігін түсіну үшін оны 
мұқият оқып, зерделеу керек.
Мид жалпы деңгейде ақылдың алдындағы әлеуметтік процесті сипаттау үшін 
«қоғам» терминін қолданады. Ол бізге «қалыптасу мен трансформация процесі 
ретінде қоғам бейнесін» ашып көрсету үшін эволюциялық және гегельдік ба-
ғытқа жүгінеді (Cote, 2015:14). Бұл анықтамалар Спенсер (1-тарауды қараңыз) 
мен Дюркгеймнің қоғам туралы тұжырымдамаларына үндес келгенімен, Мидтің 
өзіндік мән мен қоғам жайлы (3-тарауды қараңыз) диалектикалық дара теория 
ұсынып отырғанын аңғаруға болады. Өзіндік сана мен қоғамдық сана айқын құ-
былыс болғанымен бір-бірімен байланыса отырып, дамиды.
Осы диалектикаға жүгінсек, қоғам жеке тұлғалардың әрекетін басшылыққа 
алатынына көз жеткіземіз. Мұнда қоғам – индивид «өзім» формасында қабыл-
дайтын ұйымдастырылған жауаптар кешені ретінде көрінеді. Бұл тұрғыдан, адам-
дар сыни сана арқылы өздерін бақылауға мүмкіндік бере отырып, қоғамды ілгері 
жылжытады. Екінші жағынан, қоғам өз азаматтарының рефлексивті өзіндік мәні-
не тәуелді. Қоғамның санасы мен оның институттарының болмысы осы қоғамды 
құратын тұлғалардың санасына қатысты дамиды: «өзіндік сана Мид үшін – тек 
қана және ең бірінші, жеке мәселе емес, әлеуметтік мәселе. Қоғам өзіндік дамуы-
ның белгілі бір тарихи шегінде әрі қарай даму үшін саналы тұлғалардың әмбебап 
болуын, яғни әрбір жеке адамды қамтуды талап етеді» (Cote, 2015:ix). Дәл осы 
тұста Мидтің әлеуметтік реформаға деген қызығушылығы оның өзіндік мән мен 
қоғам теориясына сәйкес туындады. Мидтің айтуынша, «қалың бұқара демокра-
тиясы» деген саяси институттың пайда болуы әлеуметтік эволюцияның жаңа дең-
гейге көтерілгенін көрсетеді, мұнда әлеуметтік өзге рістер индивидуалды сананың 
ұжымдық деңгейде көрінуімен тікелей байланыс ты болады (Cote, 2015). 
Мид өзінің жұмысында эмерджент ұғымын да пайдаланады. Эмерджент бі-
регей тұтастық пен оның бөліктерінен құралатын процестерді сипаттайды. Мә-
селен, қоғам құбылысы индивидтердің қарым-қатынасынан пайда болатын ына 
қарамастан, қоғам – бұл сол жеке әрекеттесулердің жай қосындысы емес. Тұ-
тастық – оның бөліктерінің қосындысынан артық. Мид былай дейді: «Эмерд-
жент қайта құрумен байланысты, ал қайта құрылу бұрын-соңды болмаған бө-
лек сападағы дүниені тудырады». Оттегі мен сутегі қосылған соң су пайда бола-
ды. Ендігі тұста су оттегі мен сутегінің комбинациясы болып табылады, алайда 
бұл жеке элементтерде бұрындары су болмаған» (Mead, [1934] 1962:198). Әдет-
тегідей, Мид эмерджент ұғымын ақылдың әлеуметтік процестен туындауын 


374
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
сипаттау үшін қолданады. Алайда, жоғарыдағы пікірталастан көретініміздей
Мид әлеуметтікке жеке ақыл-ойлар арасындағы өзара әрекеттесу деңгейінен 
тыс шығуға мүмкіндік береді.
Мид қоғамдық деңгейде әлеуметтік институттар жайлы бір қатар ереже-
лерді алға тартады. Мид үшін институт (және жалпыланған басқа) – «өзін-
дік мән мен қоғамның арасындағы делдалдық тұс» (Cоtе, 2015:22). Мид кең 
тұрғыда институтты «қауымдастықтағы ортақ күш» немесе «қауымдастықтың 
өмірлік әдеті» деп анықтайды ([1934] 1962:261, 264; see also Mead, 1936:376). 
Нақтырақ ол былай дейді: «Тұтас қауымдастық белгілі бір жағдайда индивидке 
қатысты бірдей әрекет етеді... Осындай жағдайда қауымдастық тарапынан да 
бірдей реакция болады. Біз мұны – институттың қалыптасуы дейміз» (Mead, 
[1934] 1962:167). Біз осы ұстанымдарды тасы мал даймыз және олар «өзім» ар-
қылы әрекетімізді бақылау үшін қызмет етеді. 
Тәрбие – бұл актордың қауымдастықтағы (институт) ұжымдық салттарды 
«интернализациялау» процесі. Бұл процестің маңызы зор, себебі Мидтің көз-
қарасы бойынша, ірі қоғам сынды адамдардың өздеріне деген реакциясы бол-
майынша, олар не өзіндік мәнге ие бола алмайды, не қауымдастықтың нағыз 
мүшесіне айнала алмайды. Ол үшін адамдар қауымдастықтың жалпы ұстаным-
дарын игеруі қажет.
Оның үстіне, Мид институттар индивидуалдықты бұзбауы және шығарма-
шылыққа кедергі болмауы керек деп түсіндіреді. Мид «өздерінің қатаң және 
икемсіз ережелері арқылы адамның даралығын жоятын шіркеу сынды үстем-
дік етуші, стереотипті және аса консервативті әлеуметтік институттардың» бар 
екенін мойындайды (Mead, [1934] 1962:262). Жоғарыда айтқан тұжырымын 
төмендегідей пікірімен сабақтайды: «Әлеуметтік институттардың жазалаушы 
немесе аса кон сервативті болуына немесе олардың басқалар сияқты даралық-
ты тежемей, керісінше, оның дамуына септігін тигізетін икемді және прогрес-
сивті болмауына ешқандай қажеттілік те, шарасыз себеп те жоқ» (Mead, [1934] 
1962:262). Мидтің пікірінше, институттар бірінші кезекте адамдардың қалай 
әрекет ету қажеттігін анықтап, даралық пен креативтілікке кеңістік берулері 
тиіс. Мұнда Мид бір уақытта адамдарды мәжбүрлейтін және оларға креативті 
болуға мүмкіндік беретін әлеуметтік институттардың қазіргі тұжырымдамала-
рын көрсетеді (Giddens, 1984). Мид қоғамның тежегіш күшін жоққа шығарып, 
оның оң сипатын ерекшелеуі арқылы өзге классик теорияшылардан дараланды 
(Athens, 2002). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет