Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет279/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   596
«Мен» және «өзім». «Мен» – индивидтің басқаларға деген тікелей реакция-
сы. Бұл – өзіндік мәннің есепке алынбайтын, болжанбайтын және креативті 
аспек тісі. Адамдар «мен» әрекетінің қандай болатынын алдын ала білмейді: 
«Реак циясының қандай болатынын ол да, ешкім де білмейді. Ол керемет қадам 
жасауы мүмкін, қателік те жіберуі мүмкін. Өмірінде болған бір жағдайға қатыс-
ты реакциясының белгілі бір сипаты да жоқ» (Mead, [1934] 1962:175). Біз ешқа-
шан да «менді» тұтас ұғына алмаймыз және өз әрекетіміз арқылы өзімізді таң-
ғалдырамыз. Әрекет жүзеге асқаннан кейін барып, ол туралы ақ парат аламыз. 
Осылайша біз «мен» туралы тек естеліктер арқылы біле аламыз. Мид «меннің» 
мәнісін төрт себеп арқылы ерекшелеп көрсетеді. Біріншіден, ол – әлеуметтік 
процестегі жаңалықтың бастауы. Екіншіден, Мид біздің маңыз ды құндылық-
тарымыздың барлығы «меннің» бойында екенін айтады. Үшін ші ден, «мен» 
барлығымыз ұмтылатын нәрсе – өзін-өзі танытудың негізін құрайды. Дәл осы 


372
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
«мен» «белгілі тұлғаны» дамытуға мүмкіндік бе реді. Ақы рында, Мид эволю-
циялық тарихи процесті қарастырады, мұнда қарапайым қоғамдарда – «өзім»,
ал қазіргі қоғамдарда «мен» элементі басымырақ.
«Мен» Мидтің теориялық жүйесіне қажетті динамика мен креативтілік-
ті қосады. Онсыз Мидтің акторларына сыртқы және ішкі бақылау үстемдік 
ететін еді. Ал Мид осы ұғымды қолдана отырып, тарихтағы ұлы тұлғалардың 
(мысалы, Эйнштейн) ғана емес, күнделікті өмірдегі индивидтің де бойында-
ғы өзгерістерді қарастыра алады. Дәл осы «мен» аталмыш өзгерістерге түрткі 
болады. Өйткені әр тұлға «мен» және «өзімнің»  қосындысы болғандықтан, 
басқа адамдарға қарағанда, ұлы тарихи тұлғалардың бойында «мен» басы-
мырақ байқалады. Алайда күнделікті жағдайда кез келген адамның бойында 
«мен» байқалып, әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне алып келуі мүмкін. Мид 
жүйесіндегі ерекшелік – әрбір адамның «мен» және «өзіміне» биографиялық 
тұрғыдан артикуляция жасау арқылы жүзеге асырылады. Демек, әр адамның 
өміріндегі ерекше талаптар оны «мен» және «өзімнің» бірегей қосындысы-
мен қамтамасыз етеді.
«Мен» «өзімге» қарама-қайшы, ол – «адамның өзі болжайтын басқалардың 
оған қатысты ұстанымдар кешені» (Mead, [1934] 1962:175). Басқаша айтсақ, 
«өзім» – жалпыланған басқаны қабылдау. «Менге» қарағанда адамдар «өзімді» 
сезінеді, «өзім» саналы жауапкершілікті қамтиды. Мидтің айтуынша, «өзім» – 
бұл кәдімгі, әдеттегі индивид» ([1934] 1962:197). «Өзім» элементі конформис-
терде басым, алайда әр адамда конформдылықтың деңгейіне қара мастан, ай-
тарлықтай «өзім» болуы керек. Дәл осы «өзім» арқылы қоғам инди видті басқа-
рады. Расында да, Мид әлеуметтік бақылау ұғымын «өзім» көрі нісінің «мен» 
көрінісінен жоғары тұратынымен анықтайды. Кейіннен Мид өзінің «Сана, 
өзіндік мән және қоғам» атты еңбегінде әлеуметтік бақылау жайлы идеяларын 
дамытады:
«Әлеуметтік бақылау өз-өзін сынау арқылы әрекет ете отырып, жеке ин-
дивидтің мінез-құлқына кеңінен және іштей ықпал етеді, ол өзі қатыса-
тын болмыс пен мінез-құлықтың әлеуметтік процесіне сәйкес индивид 
пен оның әрекетін біріктіруге қызмет етеді... Индивидтің жеке мінез-құл-
қын әлеуметтік бақылау әлеуметтік бастауы мен [өзін-өзі] сынау негізін-
де жүзеге асады. Демек, өзін-өзі сынау әлеуметтік сын болып табылады 
және мінез-құлық әлеуметтік тұрғыдан бақылауға алынады. Сәйкесінше, 
әлеуметік бақылау адамның даралығын бұзудан немесе жоюдан аулақ, 
керісінше, сол даралықпен етене байланысқан».
(Mead, [1934] 1962:255)
Мид «мен» және «өзімді»  прагматизм тұрғысынан да қарастырады. «Өзім» 
индивидтің әлеуметтік әлемде ыңғайлы өмір сүруіне мүмкіндік береді, ал 
«мен» қоғамдық өзгерістерді жүзеге асырады. Қоғам өзінің қызмет етуі мен 
кері дамудың алдын алатын жаңа дамудың аясына енуіне мүмкіндік беретіндей 
конформдылыққа ие. Осылайша «мен» және «өзім» әлеуметтік процестің бір 
бөлігін құрайды және индивидпен қатар, қоғамның тиімді қызмет етуіне мүм-
кіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет