Алеуметтану тероиясы indb


Индустриялық революция және капитализмнің өркендеуі



Pdf көрінісі
бет28/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   596
Индустриялық революция және капитализмнің өркендеуі
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында көптеген Батыс елдерін қамтыған ин-
дустриялық революция саяси революциямен қатар, әлеуметтану теориясының 
қалыптасуына айрықша ықпал етті. Индустриялық революция жеке-дара оқи-
ға емес, өзара байланысқан түрлі қайшылықтардың нәтижесі ретінде көрініс 
тапты. Оның шарықтау шегі Батыс әлемінің ауылшаруашылықтан гөрі, едәуір 
дәрежеде индустриялық жүйеге айналу кезеңіне дөп келеді. Жұрттың көбі фер-
малар мен ауылшаруашылық жерлерін күн санап өсіп келе жатқан фаб ри ка-
ларда жұмыс істеу үшін тастап кетті. Фабрикалардың өздерінде кезең-кезең-
мен технологиялық жетілдірулер жүргізілді. Өнеркәсіптік қажеттіліктер мен 
қалыптасып келе жатқан капиталистік экономикалық жүйеге қызмет көрсету 
үшін экономикалық бюрократия тобы пайда болды. Мұндай жүйенің идеалы – 
өнеркәсіп өнімін көп мөлшерде айналымға түсіретін еркін нарық. Осындай 
жүйеде кейбіреулер мол табысқа кенелді, алайда көпшілік мардымсыз жалақы 
үшін ұзақ уақыт жұмыс істеуге мәжбүр болды. Өнеркәсіп жүйесі мен капита-
лизмге қарсылық реакциясы жалпы жұмысшы қозғалысының қалыптасуына, 
сонымен қатар капиталистік жүйені құлатуға бағыт талған көптеген радикал-
дық қозғалыстардың пайда болуына әкеліп соқты. 
Индустриялық революция, капитализм мен оларға қарсы реакция Батыс қо-
ғамындағы аса ірі және әлеуметтанушыларға өте зор әсер еткен революцияға 


8
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
алып келді. Әлеуметтану теориясының дами бастаған кезеңіндегі Карл Маркс, 
Макс Вебер, Эмиль Дюркгейм мен Георг Зиммель сияқты төрт белгілі ойшыл-
дар және басқа да көптеген тұлғалар осы өзгерістерді, сондай-ақ сол өзгерістер 
салдарынан туындаған қоғамдағы өзекті мәселелерді белсенді түрде зерделеді. 
Бұл ғалымдар өмір бойы әлеуметтік мәселелермен айналысты және көп жағ-
дайда оларды шешуге арналған бағдарламалар жасауға талпынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет