10
I бөлім
•
Классикалық
әлеуметтану теориясы
болсақ, Харриет Мартино (Vetter, 2008), Шарлотта Перкинс Гилман (J. Allen,
2011), Джейн Аддамс, Флоренс Келли, Анна Джулия Купер, Ида Уэллс-Бар-
нетт, Марианна Вебер және Беатрис Поттер Вэб. Алайда олардың туындылары
уақыт өте келе шеткері ығыстырылып, өзге теориялардың
құрамдас бөлігіне
ай налды не болмаса мүлдем елеп-ескерілмеді; әлеуметтанудың кәсіптік билік
негізі ретінде қалыптасуының басында тұрған ер адамдар оларды әлеуметта-
ну бойынша жарияланымдар тізімінен сызып тастады. Феминистік мәселелер
әлеуметтануда шетке ығыстырылып, маргиналды теорияшыл ерлердің неме се
аса маргиналданған теорияшыл әйелдердің еңбектерінде ғана қалды.
Әлеу мет-
тану теориясының белді тұлғалары – Спенсер, Вебер, Дюркгейм мен кейін гі-
лері өздерінің айналасында болған феминистік пікірталастарға, негізінен, кон-
сервативті түрде жауап қайтарды. Олар жыныс мәселесін жұрт алдында әлеу-
меттану деп атаған білім саласы үшін елеусіз тақырып ретінде қарап, оларға
шартты түрде ғана жауап қатты. Осындай көзқарас әйелдер әлеуметтану тео-
риясын қалыптастыруға белсене қатыса бастаған шақтың өзінде де сақталды.
Ер адамдардың феминистердің талаптарына
қатысты реакцияларының өзге-
ру тарихының бір бөлігі – кәсіптік гендерлік саясаттың даму тарихы енді ғана
қолға алынып, жазылып жатыр (Deegan, 1988; Fitzpatrick, 1990; Gordon, 1994;
Lengermann and Niebrugge-Brantley, 1998; Rosenberg, 1982).
Достарыңызбен бөлісу: