Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет31/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Урбанизация
Индустриялық революция нәтижесінде ХІХ–ХХ ғасырларда көптеген адам-
дар өздерінің ауылдарынан қалаға көшті. Мұндай жаппай миграция, не гізінен, 
қаладағы кәсіпорындардағы жұмыс орындардың пайда болуымен бай ланысты. 
Бірақ қалалық өмірге бейімделу біршама қиындықтар туғыз ды. Сонымен қатар 
қалалардың ұлғаюы есепсіз көп мәселелерді алға тартты: халықтың аса тығыз-
дығы, қоршаған ортаның ластануы, шу және т.б. Қалалық өмірдің болмысы мен 
ондағы туындаған мәселелер ерте кезеңдегі көптеген әлеуметтанушылардың, 
әсіресе Макс Вебер мен Георг Зиммельдің көңілін аударды. Шындығында
алғашқы америкалық әлеуметтану мектебі – Чикаго мектебі қала тірлігі үшін 
айтарлықтай алаңдап, урбанизация мен оның мәсе лелерін зерттеу мақсатында 
Чикаго қаласын зертхана ретінде пайдаланды.
Діни өзгерістер
Саяси революциялар, индустриялық революция мен урбанизациядан туын да-
ған әлеуметтік өзгерістер халықтың діни ұстанымына үлкен әсер етті. Алғаш-
қы әлеуметтанушылардың көбі діни тәжірибеге сүйенді және дінмен белсенді 
түрде, кейде кәсіби тұрғыда айналысты (Hinkle and Hinkle, 1954). Олар өзде рі-
нің діни мұрат-мүдделерін әлеуметтануға енгізді, адамдардың өмірін жақсарт-
қысы келді (Vidich and Lyman, 1985). Кейбіреулер үшін (Конт секілді) әлеу мет-
танудың өзі дінге айналып кетті (Wernick, 2000, 2005a, 2005b). Енді біреу лер 
әлеуметтану теорияларында айқын діни көзқарас ұстанды. Дюркгейм өзінің
негізгі жұмыстарының бірін дінге негіздеп жазды. Мораль Дюркгеймнің әлеу-
меттануында ғана емес, Толкотт Парсонстың еңбегінде де маңызды рөл ат-
қар ды. Вебердің еңбектерінің басым бөлігі де әлем діндеріне арналған. Маркс 
те дін мәселелеріне қызыққан, алайда көбінесе сыни көзқарас тұрғысынан
қараған.


11
1-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
Ғылымның дамуы
Әлеуметтану теориясы дамыған кезеңде ғылымның рөлі тек колледж бен 
университетте ғана емес, жалпы қоғамда артып келе жатты. Ғылыми-техно-
ло гиялық зерттемелердің өнімі өмірдің барлық саласына ене бастады, осыған 
байланысты ғылым үлкен беделге ие болды. Ғылымның аса жемісті салалары-
мен (физика, биология мен химия) айналысқан адамдар қоғамда құрметке ие 
болды. Әлеуметтанушылар (әсіресе Конт, Дюркгейм, Спенсер, Мид пен Щюц)
әуел бастан-ақ ғылымға ден қойып, әлеуметтануды аса жемісті физика мен 
биоло гияның үлгісі бойынша модельдеуді ұйғарды. Көп өтпей, ғылыми мо-
дельді толық қабылдаған ғалымдар мен қоғамдық өмірдің ерекше сипаттары 
ғылыми модельді толық қабылдауға қиындық туғызады деп санайтындардың 
арасында (Вебер сияқты) пікірталас туындады (Lepenies, 1988). Әлеуметтану 
мен ғылым арасындағы қарым-қатынас мәселесі әлі күнге дейін талқыланып 
келе жатыр, дегенмен осы саладағы жетекші журналдарға (әсіресе АҚШ жур-
налдарын) көз жүгіртіп қарасақ, әлеуметтануды академиялық ғылым деп са-
найтындар басым екенін көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет