Алеуметтану тероиясы indb


Ескертпелер 10 Этноәдіснама 407



Pdf көрінісі
бет301/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   596
Ескертпелер


10
Этноәдіснама


407
10-тарау

Этноәдіснама
Этноәдіснаманы анықтау
Этноәдіснаманың диверсификациясы
Ертеректегі кейбір мысалдар 
Конверсациялық талдау
Институттарды зерттеу
Дәстүрлі әлеуметтануға сын-пікірлер
Этноәдіснамадағы күйзелістер мен шиеленістер
Синтез және интеграция 
Тарау мазмұны
Т
үп тамыры ежелгі грек тілінен бастау алатын Этноәдіснама түсінігі адам-
дар күнделікті өмірде қолданатын «әдістерді» білдіреді. Басқаша айтқан-
да, әлем тоқтаусыз тәжірибелік әрекет ретінде қабылданады. Адамдар – 
рационалды жандар, әйтсе де күнделікті іс-әрекетте олар формалды логиканы 
емес, «тәжірибелік ойлауды» жүзеге асырады.
Этноәдіснаманы анықтау
2-тарауда ұсынылған этноәдіснаманың анықтамасынан бастасақ, ол – «қоғам-
ның қарапайым мүшелері өздері тап болған жағдайларға мән беруде, бейімде-
луде және әрекет етуде сүйенетін күнделікті білімнің арқау негізін және про-
цедуралар мен ұғым-түсініктердің бірсыпыра жиынтығын» зерттейтін ғы лыми 
сала (Heritage, 1984:4; Linstead, 2006).
Гарольд Гарфинкельдің (1988, 1991, 2002) этноәдіснамаға берген анық та-
масын зерттеу арқылы аз болса да, оның табиғатын түсіне аламыз. Дюркгейм 
сияқты, Гарфинкель «әлеуметтік фактілерді» басты әлеуметтану, құбылысы 
деп бағалаған (Hilbert, 2005). Дегенмен Гарфинкельдің әлеуметтік фактілері 
Дюркгеймдікінен мүлдем өзгеше. Дюркгеймнің пайымынша, олар индивид-
терге қатысты сыртқы және мәжбүрлі сипатта болады. Бұл бағыттың жақтас-
тары акторлардың әрекеттерін әлеуметтік құрылым мен институттар шектеп 
анықтайды, олардың тәуелсіз пайымдауға қабілеті төмен немесе мүлдем жоқ 
деген көзқарасты ұстанды. Этноәдіснама мамандарының қатаң ескертулерін-
де әлеуметтанушылар акторларға «меңіреу мінеуші» ретінде қарауға бейім 
келеді.
Керісінше, этноәдіснама мамандары әлеуметтік құбылыстардың объектив-
тілігін «қатысушылардың» (анықтамасы төменде беріледі) жетістігі – олар дың 
әдіснамалық әрекеттерінің нәтижесі деп бағалайды. Гарфинкель өзінің теңдес-
сіз және ақыл жетпейтін стилінде этноәдіснаманың қандай мәселеге баса назар 
аударатынын төмендегідей түйіндейді:


408
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
«Этноәдіснама үшін әлеуметтік фактілердің объективті шынайылығы 
де геніміз – жергілікті және эндогенді түрде жүзеге асырылатын, табиғи 
қал пында ұйымдастырылған, рефлексивті түсінілетін, үздіксіз тәжірибе-
лік іс, барлық жерде қашан да ерекше, бүтіндей, тынымсыз еңбек ететін
одан жалтару, жасырыну, оны басқаға тапсыру, мерзімін ұзарту немесе 
өтеуін төлеу мүмкіндігі жоқ қатысушылардың туындысы, сондықтан да 
ол басты әлеуметтану құбылысы болып саналады».
(Garfinkel, 1991:11) 
Басқаша айтқанда, этноәдіснама күнделікті өмірдің ұйымдастырылуын не-
месе Гарфинкельдің (1988:104) сипаттауынша, «мәңгілік, дағдылы өмірді» 
зерттейді. Поллнердің айтуынша, бұл – «кәдімгіні әдеттен тыс ұйым дастыру» 
(1987:xvii).
Этноәдіснаманы Дюркгеймнің түсінігіндегі макроәлеуметтану деп атау 
мүмкін емес, әйтсе де оның жақтаушылары оны микроәлеуметтану деп те са-
намайды. Осылайша, оның жақтаушылары әрекет етуші субъектілерді меңі-
реу мінеушілер деп санаудан бас тартса да, адамдардың «тоқтаусыз реф лекс-
теуші, өзін-өзі танушы және барлығын есептеуші» болатынына сене алмайды 
(Heritage, 1984:118). Олар Альфред Шюцты жақтап, ең кең тараған әрекеттер 
қайталау және ойластырылмаған деген пікірмен келісетін сияқты. Гилберт 
(1992) этноәдіснама өкілдерінің акторлардан немесе индивидтерден гөрі «қа-
тысушыларды» зерттейтінін тұжырымдайды. Алайда қатысушылар жеке тұлға 
емес, одан гөрі «қатаң және өзгеше түрде, мүшелік іскерлік [сияқты] – үлкен 
құрылымдық ауқымда шебер орындалатын әрекеттер» ретінде қарастырылады 
(Hilbert, 1992:193). Сайып келгенде, этноәдіснама өкілдерін микро- да, макро-
құрылымдар да қызықтырмайды: олар екі түрдің де құры лымдарын тудыратын 
«шебер орындалған» әрекеттерді зерттейді. Осылайша Гарфинкель мен этно-
әдіснаманың басқа өкілдерінің көздеген мақсаты әлеу меттанудың дәстүрлі мә-
селелеріне макро- және микродеңгейдегі объективті құрылымдар арқылы жету 
болды (Maynard and Clayman, 1991).
Гарфинкельдің этноәдістерге қатысты түйінді ойларының бірі – олардың 
«рефлексивті түсіндірілуі». Түсіндірмелер – акторлар нақты жағдайлардың 
мәнін ашуда (сипаттауда, сыни ұғынуда және дәріптеуде) қолданатын әдіс-
тер (Bittner, 1973; Orbuch, 1997). Түсіндіру – адамдардың әлемді ұғыну үшін 
«түсіндірмелерді» ұсыну процесі. Этноәдіснама өкілдері адамдар ұсынған 
түсіндірмелерді, сонымен қатар ол түсіндірмелерді басқалардың қабылдау 
(немесе қабылдамау) жолдарын талдауға көп назар аударады. Бұл – этно-
әдіснамашылардың әңгімелерді талдап берумен айналысатынының бірден-
бір себебі. Мәселен, студент профессорға емтиханды тапсыра алмағанының 
себептерін түсіндіргенде, ол болған жағдайға белгілі бір мән беретін түсін-
дірме ұсынады. Этноәдіснаманың жақтаушыларын сондай түсіндірменің та-
биғаты, ал, жалпы алғанда, студент «түсіндірме» ұсынатын, ал профессор 
оны қабылдайтын (немесе қабылдамайтын) түсіндіру практикалары қы-
зықтырады (Sharrock & Anderson, 1986). Түсіндірмелерді талдауда этно-
әдіснама өкілдері «этноәдіснамалық бейтараптық» көзқарасын ұстанады. 
Демек, олар түсіндірмелердің табиғаты туралы пайымдамай, оларды тек іс 
жүзінде қолдану тұрғысынан талдайды. Одан басқа оларды сөйлеуші мен 
тыңдаушының екеуіне де түсіндірмелерді ұсыну, түсіну және қабылдау 


409
10-тарау

Этноәдіснама
Ұлы тоқырау мен Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарын-
да дүниеге келген көп зерттеушілер секілді, Гарольд 
Гарфинкель әлеуметтануға күрделі жолмен келді. Гар-
финкель Ньюарк, Нью-Джерсиде 1917 жылдың 29 
қазанында туып, 2011 жылдың 21 сәуірінде дүниеден 
өтті (Maynard, 2011). Оның әкесі келімсек отбасыларға 
шаруашылық тауарларын бөліп төлеуге сататын шағын 
кәсіпкер болды. Әкесі сауданы игергенін қаласа да, Га-
рольд колледжде оқығысы келді. Ол әкесінің ісін бас-
қарумен қатар, сол кезде әлі тиісті түрде тіркелмеген 
Ньюарк университетінің бизнес курстарына барады. 
Оқу сапасы Колумбия университетінің түлектері сабақ 
бергендіктен, айтарлықтай жоғары еді, әйтсе де жас 
оқытушыларда тәжірибенің жоқтығынан, дәріс тым 
теориялық сипатта болды. Оның кейінгі теориялық 
бағдарлануы, әсіресе «түсіндірмелерге» деген бейімді-
гі жалпы осы курстармен, «есептілік теориясы» туралы 
бухгалтерлік курспен ішінара байланысты. «Бағандар мен сандарды [басшылыққа] қалай түсінікті 
жасауға болады деген сұрақ Гарфинкельді мазалады» (Rawls, 2011:104). Сонымен қатар Ньюарк-
те әлеуметтану курстарын бірге тыңдаған, кейіннен әлеуметтік ғылымдар саласында ғалым атан-
ған басқа еврей студенттерімен қарым-қатынас жасау ол үшін маңызды болды.
1939 жылы университетті бітіргеннен кейін Гарфинкель жаз айларын Джорджиядағы ква-
керлердің еңбек лагерінде өткізді. Онда ол Солтүстік Каролина университетінде қоғамдық 
жұмыс жобаларын жылжытуға бағытталған әлеуметтану бағдарламасының бар екені тура-
лы естіп біледі. Университет бағдарламасына қабылданғаннан кейін Гарфинкель диссер-
тациясының ғылыми жетекшісі ретінде Гай Джонсонды таңдайды. Оның нәсілдік қарым-
қатынастарға деген қызығушылығы Гарфинкельдің «Нәсіларалық қанды қылмыс» тақыры-
бында магистрлік диссертация қорғауына түрткі болды. Сондай-ақ ол әртүрлі әлеуметтік 
теориялармен, әсіресе феноменология өкілдерінің жұмыстарымен және таяу арада жа-
рияланған (1937) Толкотт Парсонстың The Structure of Social Action («Әлеуметтік әрекеттің 
құрылымы») еңбегімен танысады. Солтүстік Каролина түлектерінің басым көпшілігі сол уа-
қытта статистика және «ғылыми әлеуметтанумен» әуестенсе, Гарфинкель теорияға, әсіресе 
Флориан Знанецкийдің ұмытылуға айналған әлеуметтік әрекет пен актор көзқарасының 
маңыздылығы жөніндегі ойларына ынта қойды. Бұл қызығушылық Гарфинкельдің соғыс 
кезіндегі қызметінен де көрініс тапты. 1942 жылы Гарфинкель әскери-әуе күштерінің қата-
рына шақырылады.
«
Гарфинкель әскерді танктер шайқасына, Майами Бичтегі гольф ойнауға арналған алаңда 
танктерсіз дайындауға тапсырма алады. Гарфинкельдің қолында олардың Life журналынан 
алынған суреттері ғана болды. Ал нақты танктердің барлығы жауынгерлік іс-қимылдарға 
жұмылдырылған болатын. Теориялық түсініктемелерден нақты эмпирикалық егжей-тег-
жейді артық көретін адам майданға жөнелгелі отырған сарбаздарға қиялдағы танктермен 
шайқасуды үйретті. Оның үстіне, сарбаздардың қиялдағы танктерге жақындығы шынында
өмір мен өлім арасындағы жағдайға алып келуі әбден мүмкін еді. Бұл тәжірибенің Гар-
финкельдің түсініктерінің дамуына әсерін елестету қиын. Ол сарбаздарға қиялдағы 
танктердің шынжыр табанына граната лақтыруды; көзіне көрінбеу үшін оқты қиялдағы 
танктердің қорғанына атуды үйретті. Бұл тапсырма Гарфинкельге Солтүстік Каролинада 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет