Алеуметтану тероиясы indb


Сөйлесу және үнсіз әрекеттердің интеграциясы



Pdf көрінісі
бет312/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   596
Сөйлесу және үнсіз әрекеттердің интеграциясы
Әңгімелесуді талдаушылар сөйлесуге, ал басқа этноәдіснамашылар үнсіз әре-
кеттерге ерекше назар аударды. Кейбір зерттеушілер дауысты және үнсіз әре-
кеттердің интеграциясын талдау үшін бейнетаспалар мен фильмдерді пайдала-
нады. Чарльз Гудвин (1984), мысалы, екі жұптың кешкі астағы бейнетаспасын 
қарастырды. Дауысты және үнсіз әрекеттер арасындағы қарым-қатынастың 
бір түйінді тетігі – кешкі аста әңгіме айтып жатқан адамның дене қимылы
(бұл жағдайда Энн):
«Энн екі қолын қыса ұстап, шынтақтарын үстелге тіреген күйі алдына қа-
рай еңкейіп, өзі әңгімелесіп отырған Бэтке қарады. Осы дене қимылымен 
спикер өзінің сұхбаттасына толық ден қойып, ештеңеге алаңдамай әңгі-
меге жан-тәнімен кірісіп кеткенін көрсетеді. Демек, дене қимылы... сөй-
леу процесі жүріп жатқанын визуалды түрде көрсету болып табылады».
(C. Goodwin, 1984:228)
Жалпы айтқанда, Гудвин былай деп қорытындылайды: «Энн әңгімесі тек 
сөйлеуімен ғана емес, сонымен қатар дене қимылы мен іс-әрекетін ұйымдасты-
руы арқылы да көрінеді» (1984:229).
Гудвин қарастырған тағы бір үнсіз әрекет – бұл сөйлесуге қатысты көзқарас:
«Спикер сұхбаттасып отырған адамға қараған кезде ол да оған қарау 
керек. Спикер әңгімелесушінің өзіне қарамай отырғанын көрген кезде 
ереженің бұзылғанын байқайды, ондай жағдайда олар әңгімелерін қайта 
бастайды немесе фразалық үзілістер жасайды. Бұл фразалық үзі лістер 
ережелердің бұзылып жатқанын көрсетеді, оған қоса бұл сөйлеу кезін-
дегі бұзылу сәттерін белгілеп, тыңдаушыны көз салуға ша қыру арқылы 
жағдайды дұрыстайды. Мәселен, фразалық үзілістерден кейін қарамай 
отырған сұхбаттастар көздерін спикерге түйістіре бастайды».
(C. Goodwin, 1984:230)
Дене қимылы мен көзқарас – бұл дауыстық әрекеттермен тығыз байланыста 
болатын көптеген үнсіз әрекеттердің ішіндегі тек екеуі ғана.
Ұялшақтықты білдіру (және өз-өзіне сенімділік)
Біз ұялшақтық пен өз-өзіне сенімділікті психологиялық ерекшеліктер ретінде 
қарастыруға бейімбіз, бірақ Филип Мэннинг пен Джордж Рэй (1993) диалог 
кездесулерге ықпал ететіндіктен, олар біз «жасайтын» әрекет екенін көрсету-
ге тырысты. Біз бейтаныс адамдармен танысу кезінде пайдаланатын әдеттегі 


423
10-тарау

Этноәдіснама
бірқатар процедуралар бар, ұялшақ және өз-өзіне сенетін адамдар әлеуметтік 
жағдайларға қатысты, әртүрлі тәсілдермен болса да, осы процедураларды өз-
гертеді. Осылайша ұялшақ және өз-өзіне сенімді адам әртүрлі әңгімелесу стра-
тегияларын қолданады.
Мэннинг пен Рэй колледж студенттері арасында зерттеулер жүргізді. Олар 
10 ұялшақ және 10 өз-өзіне сенімді диаданың арасындағы қарым-қатынасты 
бейнетаспаға жазып транскрипциялады. Біз бәріміз «сөйлесу жағдайы» жайлы 
айтамыз, яғни біздің қоршаған ортамыз жайлы, бірақ ұялшақ адамдар бұл тура-
лы өз-өзіне сенімді адамдарға қарағанда әлдеқайда көбірек сөйлеседі. Төменде-
гі мысалды қараңыз:
А: – (күлкі) Микрофон. 
Ә: – Бізді таспаға түсіріп жатыр.
А: – Солай сияқты.
Ә: – Ха.
А: – Жарайды.
Ә: – Олар біздің қаншалықты дірілдеп тұрғанымызды түсіріп жатыр ғой 
деп ойлаймын (күлкі).
А: – Білемін.
(Manning and Ray, 1993:182)
Мэннинг пен Рэй ұялшақтар өз-өзіне сенімділер сияқты сөйлесудің басында 
әңгімеге екі жарым есе жиі қатысатынын анықтады. Сонымен қатар ұялшақ-
тардың әңгімесі жараспаған кезде қоршаған жағдай жайлы әңгімеге қайтып 
оралуы өзіне сенімділерден гөрі сегіз есе көп болады. Мэннинг пен Рэй былай 
қорытындылайды: «Біздің ойымызша, ұялшақ қатысушылар қоршаған жағдай 
жайлы әңгімені күн райы туралы пікірталасқа ұқсас, «қауіпсіз» тақырып ре-
тінде қолданды. Керісінше... өз-өзіне сенімділер қоршаған жағдай жайлы әңгі-
мені тығырық деп санап, оған жоламауға тырысты» (1993:183). Оның орнына 
өз-өздеріне сенімі жоғары адамдар бір-бірімен танысып, әңгіме тақырыбына 
(тақырыпқа дейінгі реттілік) бірден кірісіп кетеді. Ұялшақ қатысушылар мұн-
дай әрекеттен қашқақтайды, ал өздеріне сенімді адамдар бір-біріне жауап беріп, 
тақырыпты одан әрі тереңдете түседі.
Мұндағы негізгі мәселе – әңгімедегі осы және басқа да айырмашылықтар 
психологиялық ерекшеліктердің негізінде жатқан симптомдар ма немесе ұял-
шақтық пен өз-өзіне сенімділік әртүрлі әңгімелесу рәсімдері болып табыла ма 
деген сұрақ төңірегінде туындайды. Мэннинг пен Рэйдің (1993:189) этноәдіс-
намалық талдаудың келешегіне ден қоя отырып, соңғы көзқарасты қолдамай-
тыны айтпаса да түсінікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет