Алеуметтану тероиясы indb


Сөйлем және баяндаудың интерактив түрде пайда болуы



Pdf көрінісі
бет311/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   596
Сөйлем және баяндаудың интерактив түрде пайда болуы
Чарльз Гудвин (1979) «сөйлемдер болып жатқан өзара қарым-қатынас процесі-
нен оқшауланып қарастырылуы мүмкін» деген дәстүрлі лингвистикалық бол-
жамға наразылық білдірді. Оның пікірінше, «сөйлемдер әңгіме арқылы пайда 
болады» (C. Goodwin, 1979:97). Өйткені «спикер өз сөйлемінің мағынасы сол 
сәтте тыңдаушыға түсінікті болу үшін оны айту барысында қайта құра алады»
(C. Goodwin, 1979:98; italics added).
Спикерлер сөйлеп жатқан кезде тыңдаушыларға қатты көңіл бөледі. Себе-
бі тыңдаушылар ауызша, мимикалық түрде немесе дене қозғалысымен жауап 
қайтарады, спикер сөйлемді осы реакцияларға сай түзетеді. Реакциялар спи-
керге өз ұйғарымының қабылданғаны немесе қабылданбағанына қарай шешім 
қабылдауға не болмаса сөйлемнің құрылымын өзгертуге мүмкіндік береді. 
Гудвин белгілі бір сөйлем тізбегіндегі болған кейбір өзгерістерді сипаттады: 
«Джонның сөйлемінің өрістетілген мәні екі рет қайта қалпына келтірілді, оған 
жаңа сегмент қосылды, ал, екіншісі, ол пайда болғанға дейін жойылып, бірақ
басқа сегментке ауыстырылды» (1979:112). Басқаша айтқанда, сөйлемдер – 
бірлескен процестердің өнімдері.
Мандельбаум (1989) әңгімелердің интерактив пайда болуын зерттеді. Ол 
аудиторияны әдеттегідей пассивті емес, әңгіменің «бірлескен авторы» ретін-
де қарастыруға болатынын дәлелдеді. Гудвин сөйлемдердің интерактив түрде 
пайда болуын талдаса, Мандельбаум аудитория мүшелерінің әңгімелесу бары-
сында оқиғаны өзгерту үшін автормен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік беретін 
ресурстары бар екенін атап көрсетті. Аудитория әңгімеші сұхбат барысында 
үстем бола алатындай етіп, кезек-кезек сөйлесуді тоқтата тұруға мүмкіндік бе-
реді. Аудитория мүшелері «аха» және «мм, хм» сияқты одағайларды пайдалану 
арқылы түсініп жатқандарын көрсете отырып, әңгімеге дем береді. Сонымен 


422
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
қатар аудитория оқиғадағы кейбір мәселелерді «түзетуі» мүмкін, осылайша 
оны одан әрі байыпты қылып өрістетуге мүмкіндік береді. Бұл пікірталастың 
мақсаты үшін ең маңыздысы аудитория әңгімеге араласып, оны жаңа бағытта 
өрбітуі мүмкін. Осылайша, шын мәнінде, баяндалатын оқиға, сөйлемдер мен 
әңгімелер сияқты әңгімелесу өнімдері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет