Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет310/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   596
Мінберден қуу
Кейінірек және параллельдік зерттеу жұмыстарында Стивен Клейман (1993) 
жұрт алдында сөйлеу мәнмәтінінде мінберден қууды мақұлдамаудың белгісі 
ретінде қарастырды. Қол соқтыру аудиторияға сөйлеушіге еркін көсілуге мүм-
кіндік берсе, мінберден қуу – дисаффиляция актісі.
Қол шапалақтау және айқайлап наразылық білдіру сияқты жауаптардың екі 
негізгі жолы бар: жеке шешім қабылдаудың нәтижесі және аудитория мүше-
лерінің мінез-құлқының өзара мониторингінің нәтижесі. Алдыңғы зерттеу лер 
қол шапалақтаудың басталуында жеке шешімдер қабылдау басым екенін көр-
сетті. Шешімді, негізінен, жалғыз адам қабылдайтындықтан, жақсы айтылған 
сөзден кейін дереу шапалақ естіледі.
Сондай-ақ жеке шешім қабылдаумен сәйкес, қол соғу бірінші секундтарда-
ғы қарқынды әсер кезінде пайда болады. Оған қоса, алдыңғы бөлімде көрсе тіл-
гендей, спикерлер аудитория мүшелерін қол шапалақтауға шешім қабылдауға
содан соң қол соғудың өзіне шақыру үшін танымал тәсілдерді қолданады.
Дегенмен мінберден қуу жеке шешім қабылдаудан гөрі өзара мониторингтің 
нәтижесі болып саналады. Әдетте орынсыз сөздер мен мінберден қуудың ара-
сында айтарлықтай уақыт кідірісі болады. Егер мінберден қуу бірнеше адамның 
тәуелсіз шешімдер қабылдауының нәтижесі болса, онда ол қол шапалақтау ар-
қылы бірден іске асар еді. Уақыт кідірісі аудитория мүшелері мінберден қуу 
орынды екенін шешпес бұрын, басқалардың мінез-құлқына мониторинг жасал-
ғанын көрсетеді. Мінберден қуудың басталуы көбінесе аудитория әрекетінің 
алғышарты болады.
Мысалы, аудитория спикерге қатысты наразылықтарын «түрлі вокализа-
циялар – өздері арасында сыбырласу, сөйлесу, айқайлау немесе спикерді мазақ 
қылу арқылы білдіреді...
4
Нәтижесінде шығатын дыбысты «сыбдыр», «ызың» 
немесе «уіл» деп сипаттауға болады (Clayman, 1993:117). Аудитория бұл ды-
быстарға мониторинг жасайды, олар мүшелерге аудиторияның айтылған сөзді 
қабылдамауға бейім екенін көрсетеді. Аудитория мүшелері өздерін еркін сезі-
неді, өйткені олар жалғыз болмайтынына сенеді және аудиторияның басқа мү-
шелері жақтырмай қала ма деп қауіптенбейді.
Әрине, егер тәуелсіз шешім қабылданбаса, онда алғашқы көріністер қайдан 
шығады деген сұрақ туындауы мүмкін. Клейман мұнда тәуелсіз шешім қабыл-
даудың белгілі бір дәрежесі бар деп сенеді. Жеке шешімдер қабылдау алғашқы 
көріністер негізінде туындайды, себебі мінез-құлықтар (мысалы, көршілер-


421
10-тарау

Этноәдіснама
мен жеке сыбырласу, өз-өзімен сөйлесу [мысалы, «қол соғу]) жеке құбылыс 
болып саналады және наразылық білдіруге қарағанда, аудиторияның қалған 
бөлігінің жақтырмаушылығына аз ұшырайды. Осындай әрекеттердің орынды-
лығын анықтау үшін аудиторияға бақылау жасаудың қажеті аз немесе мүлде
қажеті жоқ.
Клейман ұжымдық қол шапалақтау және мінберден қуу күнделікті жүріс-
тұрыстағы келісім мен келіспеушілікке өте ұқсас деген қорытындыға келеді. 
Екі жағдайда да, «келісімдер дер кезінде, сөзсіз, болуға бейім және арнайы тү-
сіндірме немесе есепке алуды талап етпейтін құбылыс ретінде қарастырылады. 
Ал қайшылықтар, керісінше, әдетте кешіктіріліп квалификацияланады және 
есепке алынады» (Clayman, 1993:125). Бұл ұқсастық «қол соғу мен мінберден 
қуу жалпы сөйлесуге қатысатын ұйымдық және институттық құрылымдар мен 
нормалар ғана емес, өмірдің барлық салаларын қамтитын жалпы өзара іс-қи-
мыл принциптерімен түсіндіріледі» деген қорытындыға алып келеді. «Адам-
дардың мінез-құлқының жалпы принциптері» – өзара әрекеттесу тәртібінің 
бір бөлігі, ол «әлеуметтік институттың өзіндік ерекше түрі, өзінің байырғы 
ұйымдастырушылық қасиеттері мен дәстүрлі әрекеттері арқылы көптеген бас-
қа қоғамдық институттардың негізін құрайды» (Clayman, 1993:127). Басқаша 
айтқанда, әңгіме сарапшылары айқындаған негізгі қағидалар бізге көпшілік 
алдында сөйлеуге оң (қол соғу) және теріс (мінберден қуу) жауаптарды түсі-
нуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет